Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 947 Жарлығы.
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 маусымда Оттавада жасалған Қазақстан Республикасы мен Канада арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қатысушы болмау ниеті жөнінде Канаданы заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы