Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 2 қазан N 2473
Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының Z952464_ 128-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Депутаттардың:
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты депутаттарын сайлау 1995 жылғы 5 желтоқсанға;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi депутаттарын сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Депутаттар сайлауы жөнiндегi сайлау iс-шаралары:
1) Сенат депутаттары бойынша - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 70-82, 129-баптарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде өткiзiледi;
2) Мәжiлiс депутаттары бойынша - "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 86-98-баптарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде өткiзiледi деп белгiленсiн.
3. Облыстардың, Алматы қаласының, аудандардың, қалалардың, қалалардағы аудандардың әкiмдерi осы Жарлық күшiне енгiзiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының талаптарына сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын құрсын. Қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына дереу хабарлайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Парламент сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды кiдiрiссiз қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi сайлау iс-шараларының уақытында өткiзiлуiн қамтамасыз ететiн мерзiмде Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу жөнiнде шаралар қолдансын.
6. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы