Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Комментарий / Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына түсініктеме

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына түсініктеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығына түсініктеме

 

  Осы Жарлық отандық ғылымның тағдырына, Ұлттық ғылым академиясының қазіргі қоғамдағы рөлі мен орнына алаңдаушылық танытқан және оны республикалық мемлекеттік мекемеден "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі түрінде қайта құруды ұсынған елдің жетекшi ғалымдарының пікірлері ескеріле отырып қабылданды.     

 Ұлттық академияны қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың жаңа жүйесiне қосуға деген талпыныс оң нәтижелер бере алмады. ҚР ҰҒA-сына мемлекет мекеме мәртебесін беру жөнінде 2001 жылы қабылданған шешім тиімсіз болып шықты, академия қызметіндегі бoйкүйездiктi жоюға, ғылыми-зерттеушілік үрдістердi ұйымдастыруға қатысты жаңа көзқарастар iздестіруге жағдай жасай алмады.      

Осыған байланысты Мемлекет басшысы ҚР ҰҒА-ға қоғамдық бiрлестік мәртебесiн беру жөніндегі Ұлттық ғылым академиясы мүшелерінің ұсыныстарын қолдады.      

Ғылым академиясының мемлекеттік органдарға тәуелсіз болуын елдің ғылыми қауымдастығы оң қабылдады. Елдегі және шетелдердегi іргелі ғылымдар жағдайларына талдау жасау, ғылыми жетістіктерді насихаттау, елдің жоғары оқу орындарымен белсенді қызметтестік орнату, ғылыми-техникалық саладағы консультациялар, ғылыми симпозиумдар мен конференциялар өткізу, атақты ғалымдар атындағы сыйлықтар тапсыру қоғамның ғылыми элитасы ретіндегі ҚР ҰҒА мүшелерінің негізгі міндеттері болып табылмақ.      

Сонымен бipгe, мемлекет әлемдік қоғамдастықтағы жалпыға ортақ институттар мен механизмдер арқылы алдағы уақыттарда да елдің алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық міндеттерді шешуге, қоғамның дамуы мен өркендеуiне ықпал ететiн іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыта түсуге жан-жақты жағдайлар жасайтын болады.      

Қазақстан Республикасы Үкiметіне Президент Жарлығын жүзеге асыру жөнінде қажеттi шаралар қабылдау тапсырылды.      

22 қазанда өткен құрылтайда "Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы" қоғамдық бiрлестiгінiң Жарғысы қабылданып, академия Президенті сайланды. Президент болып жиналысқа қатысқан жүз адамның 72-сі жақтап дауыс берген академик M. Жұрынов сайланды. Үмiткерлер арасында 19 дауыс алған E. Ерғожин мен 10 академик қолдау көрсеткен С. Дәукеев болды.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы