Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 154 Жарлығы.
Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі - Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырсын.
2. Уәкілдің негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы