Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 1 маусымдағы N 3049
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн кiшi командалық құрамның кадрларын даярлау мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы құрылсын.
2. Былай деп белгiленсiн:
1) Кадет корпусы оқушыларының жалпы санын 360 адам құрайды;
2) Кадет корпусының орналасатын жерi Көкшетау облысының Щучинск қаласы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Кадет корпусы туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
2) Кадет корпусын орналастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн 1996 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс үшiн көзделген қаражат шегiнде шешсiн;
3) Кадет корпусында оқу процесiнiң 1996 жылғы 1 қыркүйектен басталуын қамтамасыз етсiн;
4) Кадет корпусы кешенiнiң объектiлерiн салуға кiрiсетiн болсын;
5) Кадет корпусының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы