Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "67" деген цифрлар "68" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "КІЖК-нің", "КІЖК-ге", "ҚІЖК-не" деген сөздер тиісінше "КПК-нің", "ҚПК-ге", "ҚПК-не" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің) 68-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді:

  •       Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға жәбірленушіге және арыз берушіге ҚК-нің 68-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті.

  •       Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жәбірленуші мен күдіктіге олардың ҚК-нің 68-бабының негізінде татуласу құқығы туралы түсіндіреді, бұл туралы жеке хаттама жасалады.

  •       Тараптан іс бойынша тараптарды татуластыру үшін медиаторды тарту туралы өтінішхат келіп түскен кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

  •       Татуласу процесінде, оның ішінде медиация тәртібімен болашақта залалды өтеу туралы келісімге келу ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын жәбірленушіге келтірілген залал өтелген деп есептеуге жатпайды, ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мен жәбірленушіге түсіндіруі тиіс.

  •       Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6, 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.      2. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •        3-1. ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған кезде қолданылады:

  •       олар жасаған қылмыстық жазаланатын әрекет қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады;

  •       қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, сондай-ақ медиация тәртібімен татуласса;

  •       қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге жасаған қылмысымен келтiрген зиянның есесін толтырса.

  •        Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігін қолдануға жол берілмейді.

  •       Бұл ретте адам қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасағандығының не оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалуының, жиынтығының немесе қайталануының бар болуының, алдыңғы үкім бойынша жазасы өтелген-өтелмегендігінің немесе жаңа қылмыс жазасын өтеу кезеңінде не пробациялық бақылау немесе үкімді орындаудың мерзімін кейінге қалдыру не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде жазасының өтелмей қалған бөлігінің ішінде жасағандығының маңызы жоқ.

  •        ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелерін қолданған кезде осы бапта көрсетілген істі тоқтату негіздері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 32-бабының екінші және төртінші бөліктерінде, 35-бабы бірінші бөлігінің 5, 7-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қолданылмайды.

  •       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        3-2. ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігі бойынша қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты жасағаны туралы істі тоқтату жөніндегі мәселені шешу, егер бұл қылмысты адамдар алғаш рет жасаса, мүмкін болады. Олардың толық тізбесі ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігінде көрсетілген.

  •        ҚК-нің 68-бабы екінші бөлігінің ережелері қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған кезде қолданылады:

  •       қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер жасаса;

  •       кінәлі адам жасаған іс-әрекет қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына

  •       ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстар санатына жатса;

  •       қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса;

  •       қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге жасаған қылмысымен келтiрген зиянды қалпына келтірсе.

  •        Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін қолдануға жол берілмейді.

  •       Кәмелетке толмаған адамды қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатқан жағдайда оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

  •       Ескерту. Қаулы 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       Екі және одан да көп қылмыс жасаған адам (бірнеше рет немесе нақты жиынтықта) тұтастай алғанда бірінші рет қылмыс жасаған адам болып таныла алмайды. Сонымен қатар адам айыптаудың бірінші эпизоды бойынша алғаш рет қылмыс жасаған деп саналуы керек.

  •       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дәрi-дәрмектердi, санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып әперу, жәбiрленушiнiң, арыз берушінің алдында кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тыйым салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.

  •       Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушiнiң, арыз берушінің есесiн толтыруға жататын зиянның көлемi туралы талабын шектеуге құқылы емес.

  •        Тараптардың арасында зиянның көлемi туралы даудың болуы татуласпағандықты бiлдiредi және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам бұл жағдайда ҚК-нің 68-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін емес.

  •       Зиянның есесiн толтыру тараптардың татуласуы мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы шешiм қабылдаудың алдында шынайы iске асуға тиiс. Жәбiрленушiнiң зиянның есесiн толтыру туралы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қойған талабынан ерiктi түрде бас тартуы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның осы зиянның есесiн толтыру мiндетiн орындамауы болып бағалануға тиiс емес және тараптардың өз бетімен татуласуы үшiн кедергі бола алмайды.

  •        ҚК-нiң 68-бабын қолдану үшiн зиянның кiмнiң, атап айтқанда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның өзінің немесе оның өтiнiшi бойынша туыстарының, басқа адамдарының не ұйымның есесiн толтыруы кедергi болмайды.

  •       Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Айыпталушыға (сотталушыға) материалдық талаптардың болмауына байланысты жазаны жұмсарту туралы жәбірленуші, арыз беруші өтініш түсірген жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам мен жәбірленушінің арасында татуласудың болғанын және ҚК-нің 68-бабын қолдану үшін қажетті өзге де негіздердің бар екенін анықтауға міндетті.

  •       Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Басқа адамдардың (туыстардың, дос-жарандардың, қызметтестердiң, мемлекеттiк ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнiң және т.б.) тараптардың келісiмi бойынша татуласу рәсiмiне қатысуы жәбiрленушiнiң, арыз берушінің ерiктiлігін және татуласу құқығына еркiндігінiң барын бiлдiредi.

  •       Қылмыстық қудалау органдары мен сот қандай да болмасын мақсатпен тараптардың татуласу процесiне қатысуға құқылы емес, олар бар болғаны жәбiрленушi, арыз беруші мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсiндiруге тиiс.

  •       Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        КПК-нiң 71-бабы бойынша жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға да жәбiрленушi болуы мүмкiн. Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушінiң өкiлi ретiнде қылмыс жасаған адаммен татуласуға қатысатын заңды тұлғаның өкiлеттігін тексеруге тиiс. Мұндай өкiлеттiктер iске қатысуға арналып берiлген сенiмхатта көрсетiлуi керек.

  •       Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6, 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        9-1. ҚК-нің 68-бабының бірінші, екінші бөліктерінің негізінде татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тек жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға) , арыз беруші болған кезде жол беріледі.

  •        ҚК-нің 68-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтырған болса, жәбірленуші, арыз беруші болмаған кезде де ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

  •        ҚК-нің 3-бабының 29-тармағында тізбесі берілген сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша ҚК-нің 68-бабын қолдануға жол берілмейді.

  •       Ескерту. Қаулы 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        9-2. КПК-нің 36-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 68-бабы екінші және үшінші бөліктерінің негізінде сотқа дейінгі сатыда – прокурор және оның келісімімен тергеуші немесе анықтау органы, сот талқылауы сатысында тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот (судья) адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қылмыстық істі бұзуға құқылы.

  •       Ескерту. Қаулы 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Заңды өкiлдер болып табылатын адамдардың шеңберi ҚПК-нің 7-бабының 13-тармағында белгіленген және кеңейтiлуге жатпайды.

  •       Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •       10-1. ҚК-нің 68-бабының ережелері (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.

  •       ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің (қылмыстық заңның кері күші) талаптарына орай ҚК-нің 68-бабы төртінші бөлігі 8) тармағының ережелері тараптардың 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасаған қылмысы үшін татуласуына байланысты бұрын қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға ғана қолданылады.

  •       Тараптардың татуласуына байланысты адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі, ҚК-нің 71-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы қылмысты жасаған кезден бастап ҚК-нің 71-бабының бірінші бөлігінің қағидалары бойынша есептеледі.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулы 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.      11. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік  қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •       Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күдіктіге және (немесе) жәбірленушіге ҚПК-нің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 15) тармағында және 71-бабы алтыншы бөлігінің 8) тармағында көзделген олардың құқықтарын түсіндірмеуі, сондай-ақ тараптардың татуласуға келісімі болған кезде, оның ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің қағидаларын қолданбауы заңды елеулі бұзу болып табылады. Көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде, сот жеке қаулымен тиісті шаралар қолдану үшін бұл туралы прокурордың назарына жеткізуге міндетті.

  •       Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        13-1. ҚК-нің 68-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген заңның нормаларын қолдану міндетті емес (факультативтік) болып табылады.

  •       Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде жәбірленушілердің, арыз берушілердің ұстанымымен қатар, әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды сипаттайтын деректер, қылмыстық құқық бұзушылықтан туындаған салдарлар және істің басқа да елеулі мән-жайлары ескерілуге тиіс.

  •       Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        13-2. Қылмыстық істің татуласуға қол жеткізілген қылмыстар мен эпизодтарға қатысты бөліктерінде қылмыстардың жиынтығы және бірнеше мәрте жасалуы болса да, ҚК-нің 68-бабы қолданылып қылмыстық іс бұзылуы мүмкін. Бұл ретте татуласуға қол жеткізілмеген немесе заң тыйым салатын қылмыстарға   қатысты бөліктері бойынша іс жүргізу КПК-ге сәйкес жалғасады.

  •        Қылмыстар сыбайласып жасалған жағдайларда ҚК-нің 68-бабының қолданылуы тек қана жәбірленушімен, арыз берушімен татуласқан адамдарға қатысты қолданылуы мүмкін. Жәбірленушімен, арыз берушімен татуласуға қол жеткізбеген қылмысқа қатысушы сыбайластарға қатысты іс өндірісі КПК-не сәйкес жалғасады.

  •       Бір іс жүргізуде қаралатын бірнеше рет жасалған қылмыстар туралы істер бойынша өзіне айыптаудың алдыңғы эпизоды бойынша ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері қолданылған адам, ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің 8) тармағында санамаланған адамдардың қатарына жатпайды, өйткені келесі қылмыс жасалған кезде бұл адам бұрын жасалған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды.

  •       Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Егер жәбiрленушiлердiң ең болмағанда бiреуiмен татуласу болмаса қылмыс жасаған адам ҚК-нiң 68-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жатпайды.

  •       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен . 

  •        Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы iстi алдын ала тыңдау сатысында және басты сот талқылауының кез келген сатысында шығарылуы мүмкiн.

  •        Yкiм тек басты сот талқылауы аяқталғаннан кейiн шығарылуы мүмкін.

  •        Сот ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотқа берiлген адамның әрекеттерiнде іс жүзінде олар бойынша КҚ-нің 68-бабы қолданылуы мүмкін деп таныған жағдайларда да үкiм шығарады.

  •       Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •        Егер сезiктi, айыпкер, сотталушы немесе жәбiрленушi iстiң қысқартылуына қарсы болса, онда КПК-нiң 36-бабының бесінші бөлігіне сәйкес iстiң қысқартылуына жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша өндiрiс кәдуiлгi тәртiп бойынша жалғастырылады.

  •       Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •       Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен; 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •       Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 6, 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

  •       Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. Нормативтік қаулы 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •  Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

     

     

     Сотының Төрағасы 

     

     

     Пленум хатшысы, 

     

     

     Қазақстан Республикасы 

     

     

     Жоғарғы Сотының судьясы 

     

     

  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы