Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 17-бабына түсініктеме. Тұрғынжайға қол сұғылмаушылық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 17-бабына түсініктеме. Тұрғынжайға қол сұғылмаушылық

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 17-бабына түсініктеме. Тұрғынжайға қол сұғылмаушылық

Тұрғынжайға қол сұғылмайды. Онда тұратын адамдардың еркінен тыс тұрғынжайға кіруге, оны қарап-тексеруге және тінтуге заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.

Түсіндіріліп отырған норма Қылмыстық процестің қарастырылып отырған конституциялық қағидатын белгілейтін Конституцияның 25-бабына негізделген. Тұрғынжай ұғымы ҚПК-нің 7-бабының 49) тармағында көзделген және адамның немесе адамдардың тұрақты әрі уақытша тұратын барлық орындарын қамтиды.

Жергілікті жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды қарап-тексеру тергеу әрекеті болып табылады және оның көмегімен қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері мен өзге де материалдық объектілерді табуға және анықтауға, оқиға жағдайын айқындауға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар мән-жайларды белгілеуге болады (ҚПК-нің 219-бабы). Қарап-тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез келген кезеңінде жүргізілуі мүмкін, ал алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті істер бойынша анықтау жүргізу кезінде кезек күттірмейтін тергеу әрекеті ретінде жүзеге асырылады (ҚПК-нің 196-бабының 1-бөлігі).

Мәселен, тұрғынжайды қарап-тексеру, әдетте, онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімімен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргізіледі. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар немесе психикалық не өзге де ауыр аурулармен ауыратыны көрінеу белгілі адамдар болса не қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, ол тергеу судьясының санкциясымен бекітілуге тиіс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді (ҚПК-нің 220-бабының 13-бөлігі). Тұрғынжай қылмыстық құқық бұзушылық жасалған орынмен сәйкес келген және оны қарап-тексеруді кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, ол тергеушінің қаулысы негізінде жүргізіледі, бірақ материалдар кейіннен жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. Прокурор ұсынылған материалдарды дереу қарап, оларды заңдылығын тексеру үшін тергеу судьясына жібереді. Егер прокурор қарап-тексерудің заң бұзушылықтармен жүргізілгенін анықтаса, материалдар тергеу судьясына жіберілмейді және ол оның заңсыздығы туралы уәжді қаулы шығарады. Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексеріп, оның заңдылығы немесе заңсыздығы туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеледі. Егер жүргізілген қарап-тексеруді заңсыз деп тану туралы шешім қабылданса, оның нәтижелері іс бойынша дәлелдемелер ретінде жол берілмейді (ҚПК-нің 220-бабының 14-бөлігі).

Жалпы алғанда, тұрғынжайды қарап-тексерудің жалпы қағидалары ҚПК-нің 220, 224-баптарында белгіленген.

Дипломатиялық өкілдіктер алып отырған үй-жайларды, оның ішінде тұрғынжайларды қарап-тексерудің өзіндік ерекшелігі мен арнайы қағидалары бар (ҚПК-нің 1, 3, 6-баптарының нормаларына түсініктемені қараңыз). Оны жүргізуге дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісімімен не өтініші бойынша ғана және оның қатысуымен жол беріледі. Қарап-тексеру жүргізілген кезде прокурор мен ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті (ҚПК-нің 220-бабының 17-бөлігі).

3. Тінту де сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерінің қатарына жатады. Оның мақсаты – іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды (дәлелдемелерді) анықтау және алып қою. Сондай-ақ ол іздестіріліп жатқан адамды, адамның мәйітін немесе сот үкімі бойынша тәркіленуі мүмкін мүлікті анықтау мақсатында жүргізілуі мүмкін. Тінту жүргізу туралы тергеушінің уәжді қаулысына тергеу судьясы санкция беруге тиіс (ҚПК-нің 254-бабының 1-бөлігі). Іздестіріліп жатқан және (немесе) алып қоюға жататын объектінің анықталуын кешіктіру салдарынан жоғалып кетуі, бүлінуі немесе қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігіне, не іздестіріліп жатқан адамның жасырынуы мүмкін екендігіне нақты қауіп болған айрықша жағдайларда, тінту ҚПК-нің 220-бабының 14-бөлігінде көзделген тәртіппен тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін (ҚПК-нің 254-бабының 3-бөлігі). Дипломатиялық өкілдіктер алып отырған үй-жайларда, оның ішінде тұрғынжайларда тінту осындай үй-жайларды қарап-тексеру тәртібіне ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады (ҚПК-нің 220-бабының 17-бөлігін қараңыз).

Тұрғынжайды қарап-тексеру және тінтумен қатар, Конституция тұрғынжайға заңсыз кіруге де жол бермейді. Конституцияның 25-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғынжайға кіру заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылады. Ең алдымен, ҚПК-нің 247-бабына сәйкес, бұл – уәкілетті органның тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларға, ғимаратқа, құрылысқа, қоймаға, көлік құралына немесе жер учаскесіне жасырын кіру арқылы, қажет болған жағдайда оларды қарап-тексере отырып, сондай-ақ тергеу әрекеттерін дайындау және жүргізу мақсатында жүзеге асыратын жасырын тергеу әрекеті (жасырын кіру және (немесе) орынды зерттеп-қарау).

Тұрғынжайға кіру мүмкіндігін реттейтін қағидалар 1994 жылғы 15 қыркүйектегі «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңында да көзделген. Тұрғын және өзге де үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге де техникалық құралдарға кіру және оларды зерттеп-қарау арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы болып табылады (аталған Заңның 11-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы). Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары тек прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар береді (аталған Заңның 12-бабының 4-тармағы).

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) дайындап жатқан және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының бірінің уәжді қаулысы негізінде прокурорды хабардар ете отырып және қаулы шығарылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде кейіннен санкция ала отырып, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі. Бұл ереже судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылмайды. Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары тек прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін (аталған Заңның 12-бабының 7-тармағы).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Марат Чекишевич Қоғамовтың түсініктемесі.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік кеңес беру қызметі Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар \

15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы

15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге тұрғын үйiне, же...

Толық оқу »

17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

7-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiТұрғынжайға қол сұғылмайды. Тұрғынжайға онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кi...

Толық оқу »