Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 49-бабына түсініктеме. Мерзімдерді сақтау және ұзарту

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 49-бабына түсініктеме. Мерзімдерді сақтау және ұзарту

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 49-бабына түсініктеме. Мерзімдерді сақтау және ұзарту

1. Егер шағым, өтінішхат немесе өзге де құжат мерзімі аяқталғанға дейін поштаға тапсырылса, оларды қабылдауға уәкілетті адамға берілсе немесе мәлімделсе, ал қамауда ұсталып отырған немесе медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшін — шағым немесе өзге де құжат мерзімі аяқталғанға дейін қамауда ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкімшілігіне тапсырылса, мерзім өткізіп алынған болып есептелмейді. Шағымды немесе өзге де құжатты поштаға тапсыру уақыты пошта мөртаңбасы бойынша, ал оларды қабылдауға уәкілетті адамға немесе қамауда ұстау орнының не медициналық ұйымның әкімшілігіне тапсыру уақыты осы ұйымдардың кеңсесінің немесе лауазымды адамдарының белгісі бойынша айқындалады.

2. Лауазымды адамдардың белгіленген мерзімді сақтауы процестік құжаттарда тиісті көрсетіліммен расталады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдарға табыс етілуге жататын құжаттарды алғаны олардың іске қоса тіркелген қолхатымен расталады.

3. Процестік мерзімдер осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана ұзартылуы мүмкін.

Түсінік беріліп отырған бап қылмыстық процесс қатысушылары тиісті процестік мерзімдерді сақтау үшін ұстануға тиіс нақты жолдарды егжей-тегжейлі белгілейді, өйткені бұл қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде кез келген созбалаңдыққа жол бермеуге және оған қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды арттыруға мүмкіндік береді. Қатысушылардың белгілі бір құқықтарын жүзеге асыруына қатысты ҚПК-де көзделген мерзімдерді сақтамау олармен байланысты процестік әрекеттің барлық заңдық қасиеттерін, оның ішінде іс бойынша дәлелдемелік күшін жоғалтуға әкеп соғады. Мысалы, апелляциялық тәртіппен мерзімін өткізіп берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бірінші сатыдағы сот арқылы осы негіз көрсетіле отырып, авторына қайтарылады. Егер бірінші сатыдағы сот шағымды, прокурордың өтінішхатын қабылдағаннан кейін оларды беру мерзімінің өткізіліп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық сатының судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады (ҚПК-нің 418-бабының 3-бөлігі). Өтінішхаттар мәлімдеу процесстің кез келген сатысында мүмкін болады. Жазбаша өтінішхаттар іске қоса тіркеледі, ауызша өтінішхаттар тергеу әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚПК-нің 99-бабының 2-бөлігі). Шағымдар ауызша да, жазбаша да берілуі мүмкін. Ауызша шағымдар шағым беруші мен шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қоятын хаттамаға енгізіледі (ҚПК-нің 100-бабының 3-бөлігі). Алдын ала қамау орындарының әкімшілігі қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұсталатын адамдардың қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған шағымдарын дереу беруге міндетті (ҚПК-нің 101-бабының 1-бөлігі). ҚПК қылмыстық процесті жүргізетін лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым беру мерзімдерін арнайы регламенттейді. Олар анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы мерзімдері ішінде және т.б. берілуі мүмкін (ҚПК-нің 102-бабы).

Кез келген тергеу әрекетінің хаттамасында оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі, бұл ҚПК-нің «Тергеу әрекетінің хаттамасы» деп аталатын 199-бабының 3-бөлігінің нормасында жазылған, бұл — ҚПК-нің сөзсіз орындалуға тиіс талабы. Жалпы алғанда, қылмыстық-процестік заң қылмыстық процесті жүргізетін органдарды процестік мерзімдерді сақтауға міндеттейді, бұл қылмыстық іс бойынша әрбір процестік құжатта өз көрінісін табуға тиіс (ҚПК-нің 49-бабының 2-бөлігі).

3. Қылмыстық процесс құжаттарының көпшілігі қылмыстық процесс қатысушыларына олардың өтініші бойынша (бұл — олардың құқығы) және қолхат арқылы табыс етіледі. Мысалы, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 289-бабының 2-бөлігі); адамды күдікті, азаматтық жауапкер деп тану, іс-әрекетті саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхат пен қаулының көшірмелері (ҚПК-нің 64-бабының 9-бөлігі), процестік шешімдер қабылданғаны туралы көшірмелер дереу (ҚПК-нің 64-бабы 9-бөлігінің 23) тармағы); прокурор бекіткен айыптау актісінің, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының көшірмелері (ҚПК-нің 65-бабы 5-бөлігінің 2) тармағы, 629-3-бабы 4-бөлігінің 1) тармағы), адамды күдікті деп тану туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 202-бабының 2-бөлігі); күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 206-бабының 7-бөлігі) және т.б. ҚПК процеске қатысушыларға тиісті құжаттардың көшірмелерін олар бұл туралы өтініш жасамаса да, міндетті түрде табыс етуді регламенттейді. Мысалы, прокурор айыпталушыны сотқа бергенге дейін айыптау актісінің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмесін айыпталушыға табыс етуді қамтамасыз етеді, ал қолхат іске қоса тіркеледі (ҚПК-нің 304-бабының 1-бөлігі). ҚПК-нің 304-бабы «Айыптау актісін табыс ету» деп аталады. Осыған ұқсас, «Үкімнің көшірмесін табыс ету» деп аталатын ҚПК-нің 404-бабында үкімнің көшірмесі жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей, ал оның көлемі үлкен болған жағдайда он бес тәуліктен кешіктірілмей сотталған адамға немесе ақталған адамға, қорғаушыға және айыптаушыға табыс етілуге тиіс екені белгіленген. Үкімнің көшірмесі процеске басқа қатысушыларға да дәл осы мерзімде, олардың өтінішхаты келіп түскен кезден бастап табыс етіледі.

4. Процестік мерзімдер ҚПК-де белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана ұзартылуы мүмкін, — деп ҚПК-нің 49-бабының 3-бөлігінде тұжырымдалған. Осыған байланысты ҚПК нормалары аталған жағдайларды (шарттарын, негіздерін, кезектілігін) және олармен жұмыс істеудің процестік нысандарын, бұзуға жол берілмейтін тәртібін нақты айқындайды. Мысалы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін тергеушінің, анықтау органының бастығының уәжді өтінішхаттары негізінде тиісті прокурорлар ұзарта алады (ҚПК-нің 192-бабының 4-бөлігі). Ерекше жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымды қарау мерзімдері (ҚПК-нің 105-бабының 2-бөлігі); күзетпен ұстау мерзімдері (ҚПК-нің 151—152-баптары), апелляциялық және кассациялық іс жүргізу мерзімдері (ҚПК-нің 425, 492-баптары) және т.б. ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы — Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзартуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер шағым, өтiнiшхат немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштаға...

Толық оқу »

196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасының Салық кодексі

196-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қар...

Толық оқу »

481-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

481-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай:      1) шағ...

Толық оқу »