Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 1117 Жарлығы.
Цифрландырудың платформалық моделіне көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік функциялардың қайталануын болғызбау және бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2026 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін "QazTech" "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан (бұдан әрі - "QazTech" платформасы) тыс құруға мораторий енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін "QazTech" платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығаруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы