Қазақстан Республикасының 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына қосылуы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 тамыздағы N 2418
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. 1930 жылғы 7 маусымдағы мынадай Женева конвенцияларына қосылуы жүзеге асырылсын:
аударымды және жай вексельдер туралы бiрыңғай Заңды белгiлейтiн Конвенцияға.
Қосылу аталған Конвенцияның II қосымшасындағы 2,4,6-15,17,18,20-баптарында көзделген жәйттердi ескере отырылып жүргiзiлсiн;
аударымды және жай вексельдер туралы заңдардағы кейбiр пiкiр алалығын шешудi мақсат ететiн Конвенцияға; аударымды және жай вексельдерге қатысты гербтiк жыйлымы туралы Конвенцияға.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы