Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / "Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерінің айналысын аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау мерзімдері туралы"

"Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерінің айналысын аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау мерзімдері туралы"

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерінің айналысын аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау мерзімдері туралы"

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1400 Жарлығы

Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      І. КСРО Мембанкісі мен Ресей банкісінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерін теңгеге айырбастау 1993 жылғы 20 қарашадағы сағат 18.00-ге дейін /жергілікті уақыт/ аяқталсын.

      1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасы аумағындағы КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы 1000, 5000 және 10 000 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айналысына тыйым салынсын.

      1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы І,3,5,10,25,50,100,200 және 500 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айналысына тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы , жергілікті әкімдер және құқық қорғау органдары осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы