Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (ЭМ) инвесторлардың әкімшілік талап қоюлары
Істерді егжей-тегжейлі талдау қайтаруға негізгі себеп талап қоюшының сот ісін жүргізу тәртібін дұрыс таңдамауынан болғанын көрсетті.
Мысалы, «О» ЖШС-ның ЭМ-ге келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімге дау айту туралы талап қоюын бірінші сатыдағы сот жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың инвестициялық келісімшарттарға теңестірілгенін кӛрсете отырып қайтарған.
Тараптар арасындағы дау барлау кезеңін ұзарту мәселесі бойынша туындады.
Барлау мерзімін ұзарту мәселесі келісімшарт талаптарынан туындайды. Министрлік келісімшарттың тарабы болып табылады, сондықтан осы істің тараптары арасында азаматтық құқықтық қатынастар пайда болды, оларды АПК-ге сәйкес талап қою ісін жүргізу тәртібімен шешуге болады (№ 7194-22-00-4/746).
Апелляциялық саты соттың бұл тұжырымдарын негізді және істің мән жайларына сәйкес деп санап, жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілерінің арасында қатысушылардың бірінің екіншісіне қатысты билік өкілеттіктерін іске асыруына байланысты туындайтынын атап өтті.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт болып табылатын азаматтық шарт жария-құқықтық қатынастарды білдіру тәсілі болып табылмайды.
Сондықтан оны әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қарау мүмкін емес. Сот осыған ҧқсас негізді «А» ЖШС-ның ЭМ-ге келісімшарт бойынша барлау кезеңінің мерзімін ҧзартудан бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және оның кҥшін жою туралы талап қоюы бойынша істе қолданды (№ 7194-22-00-4/3130).
Осы істе МАӘС өз ұйғарымында даулы құқықтық қатынастар келісімшартты орындау салдарынан туындағанын және тараптардың шарттық құқықтық қатынастарымен байланысты екенін кӛрсетті.
Тараптар арасындағы дау келісімшарт бойынша барлау кезеңінің мерзімін ұзарту мәселесі бойынша туындады, демек, осы істің тараптары арасында азаматтық-құқықтық қатынастар пайда болған, оларды АПК-ге сәйкес талап қою ісін жүргізу тәртібімен шешуге болады.
Кейде мұндай негіздер бойынша қайтару кассациялық сатыда орын алды, бұл бірінші және екінші сатыдағы соттардың осы санаттағы істерді қарауға немқұрайлы қарағанын көрсетеді.
Мысалы, әкімшілік істе «К» БК ЖШС-ның «Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Оңтҥстік өңіраралық мемлекеттік инспекция басқармасы» РММ-ге жоспардан тыс тексеруді жарамсыз деп тану, тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы талап қоюы бойынша мыналар анықталды (№7194-21-00-4/1630).
МАӘС-тің 2022 жылғы 11 ақпандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Нұр-Сұлтан қалалық сотының ӘІСА-ның 2022 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылды.
ЖС ӘІСА бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шешім қабылдау кезінде талап қоюшының шағымында келтірілмегенін, бірақ даулы сот актілерінің заңдылығына әсер еткен процестік құқық нормаларын бұзуға жол бергенін атап өтті.
Кассациялық сатының пікірінше, сот әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою туралы серіктестіктің талап қоюы бӛлігінде қараусыз қайтарылуы керек еді (2023 жылғы 19 қаңтардағы №6001-22-00-6ап/1264).
Басқарманың 2021 жылғы 5 қарашадағы №14 тексеру нәтижелері туралы акт жасағаны анықталды.
Талап қоюшы тексеру нәтижелері туралы осы актімен келіспей, сотқа шағымданды.
Тексеру нәтижелері туралы акт сотта дау айтудың дербес нысанасы бола алмайды, өйткені ол мемлекеттік органның әкімшілік актіні қабылдауы кезіндегі әкімшілік рәсім кезеңдерінің бірі болып табылады.
Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды шешім анықталған бұзушылықтарды жою туралы шығарылған нұсқама болып табылады.
Сондықтан ЖС ӘІСА талап қоюшы даулаған тексеру нәтижелері туралы акт ол үшін құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді бұзу түріндегі құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондықтан ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт болып табылмайды.
Осыған байланысты әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шағымдануға жатпайды деген қорытындыға келді.
Осыны ескере отырып, соттар берілген талаптың мән-жайларын және даудың мәні неде екенін мұқият қарауы керек.
Енді мемлекеттік органның негізгі қателіктерін анықтау ҥшін инвесторлардың қанағаттандырылған талап қоюларын қарайық.
Инвесторлардың ЭМ-ге қатысты талап қоюларының кӛпшілігі экономиканың ӛндіруші саласындағы қызметпен байланысты. Тексерулердің заңдылығы туралы даулар даулардың маңызды санаты болып табылады.
Тексерудің заңдылығын/заңсыздығын бағалау заңнамада белгіленген талаптардың сақталуына және осындай тексерулер жҥргізу тәртібіне ғана негізделеді.
Сонымен, бірінші сатыдағы соттардың шешімдері толық болуы және апелляциялық шағым беру ҥшін негіздерге жол берілмеуі тиіс.
Алайда, басым кӛпшілігінде әкімшілік органдар (және бҧл МЭ-ге ғана емес, басқа мемлекеттік органдарға да қатысты), тіпті бірінші сатыдағы сотта жеңілсе де, апелляциялық шағым тҥсіріп, кейін кассацияға жҥгінеді.
Мысалы, «Н» компаниясының Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына, «Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның батыс ӛңіраралық басқармасы» РММ-ге табиғат қорғау прокуратурасының тексеру жүргізу туралы талапты шығару және оны Басқармаға жіберу жӛніндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша іс (№ 7194-22 00-4/3837).
МАӘС талап қоюды қанағттандырып, Табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының тексеру жүргізу туралы талаптарды шығару және Басқармаға жіберу жӛніндегі әрекеттері заңсыз болып табылатындығымен уәждеген.
Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісті.
Алайда әкімшілік орган кассацияға шағым түсірді. ЖС ӘІСА КК-нің 156-бабына сәйкес егер бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын, осы Кодексте белгіленген талаптарды өрескел бұза отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізсе, олар жарамсыз деп танылатынын атап өтті (2023 жылғы 23 қарашадағы №6001-23-00-6ап/1407).
Бұл жағдайда тексеру жүргізуге негіз болмаған, осыған байланысты тексеру тағайындау туралы акт заңсыз болып табылады.
Осылайша, бірінші сатыдағы соттың тҧжырымдарының айқын болуына қарамастан, әкімшілік органның әрекетіне байланысты іс барлық сатылардан ӛтті. Бюджет қаражаты жҧмсалды, судьялар мен мемлекеттік органдар қызметкерлері уақыттарын кетірді, сондай-ақ инвестор қаржылық шығындарға ҧшырады.
Бұл мәселе ЭМ-ге қатысты әкімшілік талап қоюларға ғана қатысты емес.
Талдау көрсеткендей, әкімшілік органдардың кӛпшілігі тексерулер жҥргізудің белгіленген рәсімдерін бұзады немесе сотта мҧндай рәсімдердің сақталуын дәлелдей алмайды.
Көптеген жағдайда әкімшілік органдар тексеру жҥргізу тәртібін сақтамайды, мысалы, қажетті қолдары қойылмайды, жҥргізілген ӛлшеулердің дәлелдемелері сотқа берілмейді және т.б.
Бұл ретте ӘРПК-де дәлелдеу ауыртпалығы жауапкер-әкімшілік органға жҥктелгенін атап ӛту маңызды.
Осыған байланысты әкімшілік органдардың қателігі соттарға тексеру жҥргізудің негіздері мен нәтижелерінің нақты дәлелдерін бермеу, сондай-ақ олардың белгіленген рәсімдерді сақтамауы болып табылады.
Сондай-ақ мҥліктік емес сипаттағы талап қоюлар бойынша инвестициялық дауларды қарау кезінде соттардың қателіктерін зерделеу қажет.
Мәселен, «Т» ЖШС ЭМ, «Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның батыс өңіраралық басқармасы» РММ-ге және «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ға бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шығарылған 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №100/11 бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың 4/77 тармағын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюымен жүгінді (№7194-21 00-4/1601).
МАӘС-тің 2022 жылғы 26 қаңтардағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Нұр-Сұлтан қалалық сотының ӘІСА-ның 2022 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен шешім өзгертілді.
Нұсқаманың 4/77-тармағы заңсыз деп танылды және оның күші жойылды. ЖС ӘІСА дауды шешіп, мәлімделген талаптарды қанағаттандыра отырып, апелляциялық саты КК-нің 70-бабының, 80-бабы екінші бөлігінің, 152-1-бабы 2 тармағының 6) және 7) тармақшаларының бұдан әрі КК ережелерін қолдана отырып, даулы нұсқаманың әкімшілік актілерге қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы дұрыс қорытындыға келгенін атап өтті.
Атап айтқанда, нұсқамада анықталған бұзушылықтардың сатып алу туралы, бұзушылықтардың сипаты туралы деректер және Қағидалардың бұзылған тармақтарына сілтемелер кӛрсетілген нақты тізбесі қамтылмаған.
Талап қоюшының анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін қандай шаралар қолдануы керектігі кӛрсетілмеген.
Бұдан әрі ЖС ӘІСА «соттар сот актілерінде бұзушылықтардың нақты тізбесі мен сипатын айқындай отырып, жол беруге болмайтын, іс жүзінде әкімшілік органды ауыстырып, әкімшілік актінің олқылықтарының орнын толтырды» деп атап көрсетеді (№6001-22-00-6ап/1602).
Осылайша, соттар әкімшілік органның жҧмысын алмастырмауы керек. Жауапкерлер ӘРПК-де дәлелдеу ауыртпалығы оларға жҥктелгенін тҥсінуі тиіс.
ӘРПК-нің 12-бабының талаптарына байланысты Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының барлық кҥмәндері, қайшылықтары мен тҥсініксіздіктері әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына тҥсіндіріледі.
Талдау кӛрсеткендей, мемлекеттік органдардың қайталанатын қателіктері сот жҥйесінің айтарлықтай жҥктемесін туындатып отыр.
Жоғарыда келтірілген іс соттар аудит және талдау нәтижелері болмаған кезде әкімшілік органдардың жҧмысын орындауға мәжбҥр болатын кӛптеген істердің бірі деп айтуға болады, бҧл сот шешімдерін кҥту уақытының ҧзаруына әкеледі.
Бұдан талап қоюшылар болып табылатын инвесторлар да қиындық көріп отыр, олар өз қызметін тоқтата тұруға, заңгерлердің қызметтеріне ақы төлеу ҥшін қаражат іздеуге және т.б.мәжбҥр болуда. Тағы да атап өткен жөн, бұл ескерту инвесторлардың ЭМ-ге қатысты талаптарына ғана қатысты емес. Мұндай қатені көптеген әкімшілік органдар жіберіп отыр.
Соттылықты анықтау
Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ҧсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шешеді (ӘРПК-нің 109-бабының екінші бөлігі).
Инвестициялық даулар бойынша жауапкерлер
Жауапкер «сотта талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды адам» болып табылады (ӘРПК-нің 4-бабының бірінші бөлігінің 15) тармақшасы).
Өз кезегінде әкімшілік орган ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тыйым болып табылады.
Мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен Астана қаласының МАӘС-нен ӛңірлердің МАӘС-не инвестициялық дауларды беру туралы мәселені кӛтеретінін ескере отырып, соттардың ықтимал жҥктемесін, оның ішінде қай аумақтық департаменттерге қатысты талап қоюлар жиі келіп тҧратынын негізге ала отырып бағалау қажет.
Талап қоюларды қайтару
Әкімшілік талап қоюларды қайтару ӘРПК-нің 138-бабының екінші бӛлігінде кӛзделген негіздер бойынша жҥзеге асырылады.
Талап қоюлардың ең көп саны ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды» деген 11) тармақшасы бойынша, сондай-ақ іс ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «осы соттың қарауына жатпайды» деген 17) тармақшасы бойынша қайтарылған.
Негізі (ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің тармақшасы)
2) талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бӛлігінің талаптарына сәйкес келмейді
5) осы немесе басқа соттың іс жҥргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша іс бар
6) талап қоюшы берген талап қоюды кері қайтарып алды
9) тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасады
11) іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды
15) сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты
17) іс осы соттың соттылығына жатпайды
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) және 17) тармақшалары негізінде қайтарылған талап қоюлардың басым кӛпшілігі МАЭС-те азаматтық талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жҥргізудің міндеті жеке тҧлғалардың бҧзылған немесе даулы қҧқықтарын, бостандықтары мен заңды мҥдделерін, заңды тҧлғалардың жария құқықтық қатынастардағы қҧқықтары мен заңды мҥдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Жария-қҧқықтық қатынастар қҧқық субъектілерінің арасында қатысушылардың бірінің екіншісіне қатысты билік өкілеттіктерін жҥзеге асыруына байланысты туындайтынын атап өту маңызды.
Егер азаматтық шарт болып табылатын келісімшарттың талаптарына дау айту туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мемлекеттік орган шарттың тарапы ретінде болады және билік өкілеттіктерін жҥзеге асырумен байланысты емес. Демек, мҧндай істер азаматтық іс жҥргізу тәртібімен қаралады.
Мысалы, МАӘС «жауапкердің бас тартуы ауыртпалық акт болып табылмайды, биліктің кӛзқарасын қамтымайды, талап қоюшының жария құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталмаған.
Аталған мән-жайлар кезінде талап қоюдың тұжырымдарына қарамастан, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде талап қоюды қайтару керек.» деп талап қоюды қайтарған (№ 7194-23-00-4/1127).
Немесе басқа жағдайда МАӘС «талап қоюшының осы іс бойынша талаптары жария-құқықтық қатынастарға жатпайды, талап қоюшының талаптары тараптардың арасында жасалған келісімшарт талаптарынан туындайды.
Талап қоюшы жауапкердің келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартуына қарсы. Осыған байланысты, инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарт болған жағдайда, бұл дау әкімшілік талап қою нысанасы бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деп есептейді.» (№7194-23-00-4/675). Дәл осы мәселеге байланысты талап қоюларды қайтарудың саны ең көп.
Ол туралы осы талдаудың 4.1-бӛлімінде толығырақ баяндалған. Сондай-ақ әкімшілік талап қоюлар бойынша татуласудың салыстырмалы тҥрде төмен деңгейіне қатысты тӛмендегілерді атап өтеміз.
ӘРПК-нің 120-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптарды татуластыруға жауапкердің әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде олардың заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдауға өкілеттігі болып табылатын әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.
Осыған байланысты АПК-нің 174-бабының бірінші бөлігінде белгіленген сияқты емес, ӘРПК тараптарды татуластыру шараларын қабылдауға судьяны міндеттемейді.
Әкімшілік және азаматтық істер бойынша татуласу санының айырмашылығы осыған байланысты.
Болашақта ӘРПК-ге әкімшілік шарт тҧжырымдамасы енгізілген жағдайда, тиісті өзгерістер татуласу тетігін де қозғайтынын назарда ҧстаған жөн.
Сонымен қатар, МАЭС-те қаралатын инвестициялық даулар инвесторлардың да, мемлекеттік органдардың да инвесторларға берген талап қоюларын қамтиды.
Қолданылған қысқартулар
1) ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
2) АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3) АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) КК – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
5) ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
6) СК – Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
7) Астана қалалық сотының ӘІСА - Астана қалалық сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
8) ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
9) МАӘС – Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
10) МАЭС – Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
11) ОМО – орталық мемлекеттік орган.
Пайдаланылған нормативтік деректер
Инвестициялық дауларды қарау кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамалық актілер жатады.
Қорыту санатындағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік қҧқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
3) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
6) 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі және т.б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы