276-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды инвестордың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша шарттарға өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзудің тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттары осы тарауда және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тұрақтылығына қолданылмайды.
4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады.
Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы