Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратын қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратын қайта құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратын қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 13 сәуiр 1994 ж. N 1656

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентi мен Республика үкiметiнiң конституциялық өкiлеттiгiн неғұрлым толық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының функциясын ажырату мақсатында қаулы етемiн:      

1. Қазiргi Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратын бөлу жолымен ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы болып қайта құрылсын.      

2. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының басшысына екi апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс басқармасының құрылымы мен штатын бекiтуге табыс етсiн.      

3. Қазақстан Республикасының Президентi мен ҚазақстанРеспубликасы Министрлер Кабинетi Аппаратының жұмыстан босатылатын қызметкерлерiне еңбек заңдарына сәйкес кепiлдiктер берiледi және өтем жасалады деп белгiленсiн.

4. Осы Жарлық Заң күшiне ие және қазiргi заңдарға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.

5. Осы Жарлық қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.

Алматы. 1994 жылғы 13 сәуiр N 1656

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы