Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендiк бақылауды жою туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 19 қыркүйектегі N 2463
Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келiсiмге сәйкес және Кеден одағын қалыптастырудың бiрiншi кезеңiн аяқтау туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы уағдаластықты жүзеге асыру мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендiк бақылауды жойсын, осы шекарада үшiншi елдердiң өткiншi жүктерiне бақылау жасауды арнайы жоспар-кесте бойынша қамтамасыз етсiн; Кеден одағының сыртқы шекарасының қазақстандық және ресейлiк учаскелерiнде бiрлескен кедендiк бақылауды жүзеге асыруға кiрiссiн.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы