Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мен Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттарды және жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 339-VIII ҚРЗ.
2025 жылғы 22 тамызда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мен Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттарды және жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім ратификациялансын.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті | Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің болуына және жұмыс істеуіне тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомол тұрғын алабы, Қыз Жібек көшесі, 28/3 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1267,8 шаршы метр коттеджге және жалпы ауданы 0,125 га іргелес жер учаскесіне және Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Балқантау және Ақыртас көшелерінің қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,7412 га жер учаскесіне меншік құқығы бар екенін ескере отырып,
Қырғыз Республикасының Бішкек қаласы, "Ала-Арча" тұрғын қалашығы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 531,66 шаршы метр № 17 коттеджге және жалпы ауданы 0,17 га іргелес жер учаскесіне және Бішкек қаласы, Ленин ауданы, Шыңғыс Айтматов даңғылы, 95а мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,7544 га жер учаскесіне меншік құқығы бар екенін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қырғыз Тарапы кейіннен 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасына осындай мерзімге мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Бішкек қаласы, Ленин ауданы, Шыңғыс Айтматов даңғылы, 95а мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 0,7544 га жер учаскесін;
2) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін Бішкек қаласы,
"Ала-Арча" тұрғын қалашығы мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы 531,66 шаршы метр № 17 коттедж бен жалпы ауданы 0,17 учаскесін өтеусіз пайдалануға береді.
2-бап
Қазақстан Тарапы кейіннен 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге құқығымен Қырғыз Республикасына осындай мерзімге мыналарды:
1) Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Балқантау және Ақыртас көшелерінің қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,7412 га жер учаскесін;
2) Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомол тұрғын алабы, Қыз Жібек көшесі, 28/3 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 1267,8 шаршы метр коттедж бен жалпы ауданы 0,125 га жер учаскесін өтеусіз пайдалануға береді.
3-бап
Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген және бұдан әрі "жылжымайтын мүлік" деп аталатын ғимараттар мен жер учаскелерін Тараптар Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін пайдалану мақсатында береді және олар 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес өкілдік үй-жайлары мәртебесіне ие.
4-бап
Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген жылжымайтын мүлік болу мемлекетінде алынатын салықтар мен алымдардың барлық түрінен босатылады.
5-бап
1. Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген жылжымайтын мүлікке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге байланысты барлық шығыстарды Тараптар өз есебінен жүзеге асырады және осы Келісімге сәйкес өздеріне берілген ғимараттардағы және жер учаскелерінің аумағындағы барлық кіріктірілген техникалық жабдықтардың тұтастығына, сақталуына және жарамды жай-күйіне толық жауапты болады.
2. Тараптар коммуналдық қызметтер мен жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, жобаларға сараптама жасау және ғимараттар салу сияқты жұмыстардың нақты түрлеріне ақы төлеуді, сондай- ақ оларды күтіп-ұстауға және жөндеуге, электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтауға, көрсетілетін байланыс қызметтеріне, Интернетке және осы Келісімге сәйкес өздеріне берілген жер учаскелерінде қызмет көрсетудің басқа да нақты түрлеріне арналған шығыстарды төлеуді болу мемлекеттерінде қолданылатын нормативтер мен тарифтерге сәйкес уақтылы жүргізеді.
3. Тараптар болу мемлекетінде қолданылатын қала құрылысы және сәулет саласындағы заңнаманы сақтайды.
6-бап
Қабылдаған жер учаскесінің шекараларына дейін және осындай жер учаскесінің шекаралары шегінде инженерлік желілер мен коммуникациялар (сумен және жылумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) жүргізуді тараптардың әрқайсысы өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Тараптар болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы Келісімде көзделген ғимараттарды салуға рұқсаттарды беруді ұйымдастыруда жәрдем көрсетеді.
7-бап
1. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі резиденциясының мұқтаждықтары үшін жылжымайтын мүлікті іс жүзінде бір-біріне беру Тараптардың уәкілетті адамдарының жылжымайтын мүлікті қабылдау-беру актілеріне қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар берілетін жылжымайтын мүлікке қатысты барлық қажетті құжаттаманы бір-біріне беруге міндеттенеді.
2. Тараптар жылжымайтын мүлікті осы Келісімге қол қою сәтінде болған күйінде іс жүзінде беруге және Тараптардың немесе үшінші тұлғалардың ешбір әрекеті тікелей немесе жанама түрде жылжымайтын мүліктің жай-күйін нашарлатпауы үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттенеді.
8-бап
Тараптар осы Келісімге қол қою сәтінде және жылжымайтын мүлікті іс жүзінде беру мерзімі ішінде, олардың берілетін жылжымайтын мүлікке қатысты үшінші тараптар алдында өздерінің қандай да бір міндеттемелерінің жоқ екендігіне кепілдік береді.
9-бап
1. Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген жер учаскелерінде тұрғызылған тиісті дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарына меншік құқығы оларды салған Тарапқа тиесілі болады. Аталған ғимараттардың құрылысы аяқталған соң Тараптар осы ғимараттарға құқықтарды мемлекеттік тіркеуде бір-біріне жәрдем көрсетеді.
Аталған ғимараттарға меншік құқығын иеленетін Тараптың оларды сатып алуға екінші Тараптың басым құқығын ескере отырып, оларды иеліктен шығаруға құқығы бар.
2. Осы Келісімнің иеліктен шығарылған ғимараттарға қатысты қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
10-бап
Егер форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни осы Келісімнің талаптарын орындаудың мүмкін еместігіне немесе олардың тиісінше орындалмауына алып келетін еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей зілзала немесе алдын ала көздеу немесе болғызбау мүмкін емес өзге де мән-жайлардың) салдарлары болса, Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Форс-мажордан зардап шеккен Тарап дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа форс-мажор оқиғасы туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
11-бап
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
12-бап
Осы Келісімді түсіндіру немесе орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.
13-бап
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім 49 (қырық тоғыз) жыл бойы қолданыста болады, егер Тараптардың ешқайсысы ағымдағы немесе одан кейінгі қырық тоғыз жылдық кезең өткенге дейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей екінші Тарапты оның қолданылуын ұзартпау туралы ниетін жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе, оның қолданылуы келесі қырық тоғыз жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданылуын екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы жіберу арқылы тоқтата алады.
Бұл жағдайда осы Келісім Тараптардың бірі оның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданылуын тоқтатады.
3. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2005 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласында ғимараттар мен жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.
2025 жылы "22" тамызда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 337-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау