Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 24 мамыр N 3001
- Аграрлық ғылымды одан әрi дамыту, агроөнеркәсiп кешенi салаларының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және азық-түлiк пен ауыл шаруашылығы шикiзатына деген республика қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мiндеттерiн шешуде аграрлық ғылымның үлесiн күшейту мақсатында
- ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
- 1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылым-зерттеу мекемелерiнiң, тәжiрибе шаруашылықтары мен тәжiрибе эксперименттiк кәсiпорындарының базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылсын.
- 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық қарасты дербес кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады, ол елдiң агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету үшiн жауап бередi.
- 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасының
- Президенті
- Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы