Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы.

 Құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы. 

2025 жылғы 4 маусымдағы №6001-24-00-6ап/3104 

Талап қоюшылар: Ж. Ж. мен Д.Х. 

Жауапкер: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

Даудың нысанасы: құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекетін заңсыз деп тану және құқықтық кадастрға түзетулер енгізуге мәжбүрлеу туралы. 

Талап қоюшылардың кассациялық шағымы бойынша қайта қарау 

ІСТІҢ МӘНІ: 

2023 жылғы 8 ақпандағы объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес қала, аудан, О.-Ш. тұрғын алабы (оң жағы), Б. кӛшесі, 92 үй мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйді қосымшасы бар дәліз түріндегі шағын отбасылық тұрғын үй етіп функционалдық мақсатын ӛзгертіп реконструкциялау объектісі мемлекеттік тіркеуден ӛткен. 

2024 жылы 18 наурызында талап қоюшының ӛкілі жауапкерге 2023 жылғы 8 ақпандағы объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес пәтерлерге құқықтарды орыналастыру туралы арызымен шағымданды. 

2024 жылғы 19 наурыздағы № 597 хабарламамен жауапкер тарапынан құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту шешім қабылданды. 

Талап қоюшылар аталған хабарламамен келіспей сотқа жүгінді. 

Сот актілері: 

1-ші саты: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы 4 маусымдағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылусыз қалдырылған. 

Апелляция: қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған. 

Кассация: 

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы 4 маусымдағы шешімі, А. әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысының күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құқықтық қадастрға түзетулер енгізуден бас тарту әрекеті заңсыз деп танылып, құқықтық кадастрға түзетулер енгізу мәжбүрленген. Талап қоюшылардың кассациялық шағымы қанағаттандырылған. 

Қорытындылар: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 1-тармағына сай жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, ӛзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. 

  

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастр мәліметтеріне сәйкес қала, аудан, О.-Ш. (оң жағы) тұрғын алабы, Б. кӛшесі, №92 үй (бұдан әрі – даулы үй) Ж.Ж.-ның және Д.Х.-ның жалпы бірлескен меншігі болып табылады. 

Жергілікті соттар, аталған объект кӛппәтерлі тұрғын үй санатына жатады және ӛзгеріс енгізу тәртібімен мемлекеттік тіркеуден ӛткізуге жатпайды. Кӛппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік тіркеу тәртібі бӛлек және жеке тұрғын үйдін қабылдау актісін ӛзгергеріс енгізіп тіркеуі заңға қайшы деп тұжырымдаған. 

Кассациялық саты жергілікті соттардың мұндай тұжырымдарын заңды әрі негізді деп санауға болмайды деп кӛрсеткен. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы №5 нормативтік қаулысының 6-тармағының талаптарына сәйкес шешім процестік құқық нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестікте шығарылғанда немесе қажет жағдайларда ұқсас қатынасты реттейтін заңды қолдануға негізделгенде не заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасынан, адалдық, ақылға қонымдылық пен әділдік талаптарынан туындағанда заңды болып табылады. 

Іс құжаттарына қарағанда, бірыңғай мемелекеттік жылжымайтын мүлік кадастр мәліметтеріне сәйкес даулы үй бойынша орналасқан жер учаскесі және 99 пәтерден тұратын дәліз түріндегі шағын отбасылы тұрғын үй толығымен мемлекеттік тіркеуден ӛткен. 

Тіркеуші орган 2024 жылғы 19 наурызда құқықтық кадастрға тұзетулер енгізуді бас тарту туралы хабарламаны келесімен негіздеген: жер учаскесінде орналасқан үй жеке тұрғын үй болып табылады, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес аталған үй кӛппәтерлі тұрғын үй болып табылады, пәтерлерді тіркеу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын ӛзгерту қажет. 

Алайда, дауланып отырған хабарламаны аталған мәселелермен негіздеу Заң талаптарына қайшы болып келеді. 

Атап айтқанда, жауапкердің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сілтеме жасауы негізсіз болып табылады, ӛйткені осы Заң бір тарап кӛппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуді және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа кӛппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды беруге міндеттенетін, ал екінші тарап тӛлем жүргізуге және кӛппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды қабылдауға міндеттенетін қатынастарға қолданылады. 

Бірақ, талап қоюшылар тарапынан құрылыс олардың күшімен жүргізілген, тұрғын үйді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасы тартылмаған, демек бұл Заңның нормаларын аталған жағдайға қолдануға болмайды. 

Сонымен қатар, бірыңғай мемелекеттік жылжымайтын мүлік кадастр  мәліметтеріне сәйкес даулы үй бойынша орналасқан жер учаскесі және 

99 пәтерден тұратын дәліз түріндегі шағын отбасылы тұрғын үй мемлекеттік тіркеуден ӛткен және тіркеуші органның бұл әрекеттері заңсыз болып сотпен танылмаған. 

Аталғанға байланысты пәтерлерді тіркеу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын ӛзгертуге ешқандай негіздер жоқ, олар бір-біріне байланысты емес, себебі тұрғын үй тіркеуден ӛткізіліп қойған. 

Оған қоса, жергілікті соттар талап қоюды қағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдағанда оны Заңның 32-бабына сілтеме жасап, мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету тек тіркеу кезінде жіберілген қателер болса ғана жүзеге асырылады деп негіздеген. 

Сот алқасы бұл тұжырыммен келіспейді, ӛйткені талап қоюышылар тіркеуші органға бұл мәселе бойынша жүгінбеген, Заң талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың ӛзгеруі құқықтық кадастрда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. 

Бұл мән-жайлар жергілікті соттардың назарынан тыс қалған. 

Заңның 2-1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес осы Заңның негізгі міндеттері болып жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының) туындауын, ӛзгеруін және тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру болып табылады. 

ӘРПК-нің 5-бабына сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады. 

Сот алқасы, жергілікті соттардың Ж.Ж.-ның, Д.Х.-ның талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымдары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға, парасатты және мӛлшерлестік қағидатына қайшы қабылданған деп тұжырымдаған. 

  

 

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы