Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралы

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралы

 Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралы 

 

 

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Түркестан қаласы, 160-квартал, 498

8-725-33-59-704, 8 (701) 567-83-92

725-2460@sud.kz , 130203@sud.kz

 

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбековичтен

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕК

ИИН ...

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, ..... ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.

 

 

 

Шағым

 (ҚР ҚПК 107 бабы негізінде)

 

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).

 

21 сәуір 2025 жылы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбеков, Мақтаарал ауданы прокуратурасының  прокуроры Е.Саржан, күдікті АЕКанатбаевич, қорғаушы - адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен, ашық сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану арқылы қаулы етті:

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Д.Жақсылықтың  күдікті Есен Канатбаевич Ақа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылсын.

ҚК-нің 174-бабы 2-бөлігімен күдіктелген Есен Канатбаевич Атың, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын 3 /үшінші/ айға, яғни 2025 жылғы 28 мамыр 23 сағат 05 минутқа дейін ұзартылсын.

Күдікті Есен Канатбаевич Ақа қатысты қаулыны орындау сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жүктелсін. 

 

Құрметті сот, аталған сот қаулысымен келіспейміз, себебі күдікті АЕКанатбаевич қамауға алуға негіз жоқ. күдікті А Е.К., бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты тұрғылықты жері бар, жеке басы анықталған. Күдікті А Е.К., қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға немесе істі объективті тергеуге немесе оның сотта қаралуына кедергі келтіруге ниетті емес.

Сонымен қатар, күдікті А Е.К., өз от басысының жалғыз асыраушысы, диханшы, үйленген, заңды некедегі жұбайы: Оспанова Динара Нұржанқызы, (үйде бала тірбиесімен айналысуда) ортақ некеден 5 (бес) кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар:

1.     Аа Асия Есеновна 15.12.2013 ж.т.

2.     Аа Айша Есеновна 26.05.2015 ж.т.

3.     Қ.. Али Есенұлы 10.10.2017 ж.т.

4.     Қ.. Омар Есенұлы 24.11.2020 ж.т.

5.     Қ... Абдуллах Есенұлы 23.08.2022 ж.т.

 

Сондай-ақ, күдікті Е.К Атың әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз және оның әрекетерінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ.

Қылмыстық іс матреиалдарын мұқият зерттесек  Е.К Атың Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы  дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау әрекеттері анықталмаған.

Е.К Атың іс-әрекеттерінде жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдаланбаған, сол сияқты дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолында ешқандай іс әреттер жасамаған және тергеумен ондай іс әрекеттер анықталмаған.

Сот өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Дильмурат Махаматов және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Алайда тергеу соты, теріс бағыттағы дін қанадай және қай ағымдағы дін  екендігіне, күдікті өзінің қандай іс әрекеттерімен діни алауыздықты тудырды, «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздары қандай ҚР НҚА немесе сот актілерімен тиым салынғандығын анықтамай, қорғаушының уәждеріне өкінішке орай назар аударуды жөн көрмеді.

 Сіз өз өндірісіңіздегі қылмыстық іс боынша келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар»  тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру арқылы ауыр санаттағы меншікке қатысты қылмыстарды қасақана жасаған». – дегенді басшылыққа алудасыз.

2025 жыл 6 наурыз АЕКанатбаевич іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-бөлігі бойынша сараланды.

 

ҚРҚК 31-бап. “Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық” ұғымына келсек онда кодекс Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. - делінген

 Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады делінген.

 

Аталған уәждерді жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында, қорғаушының өтінішхаты бойынша 20.04.2025 жыл менің қорғауымдағы Е.К Атан қосымша жауап алынды, жауап нәтижесінде, сонымен қатар басқа күдіктілердің жауаптарына сүйенсек топ мүшелері өз іс әрекеттерін алдын ала ақылдасып сөз байласып жасағандығы жайлы тергеудің болжамадыры өз орнын таппады.

Атап айтқанда әрбір құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар»  топ мүшелері Ютуб ашық әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын ешбір топ мүшесінің айтуымен немесе ұсынысымен емес өз еріктерімен, қалауларымен, Ватсап әлеуметтік желісіндегі топқа жібергендігі анықталды.

Сонымен аталған уәждерімізге сүйенсек АЕКанатбаевичтің іс-әрекетінде ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстың құрамы жоқ, және ҚР ҚК-нің 174 бабы 1-бөлігі бойынша қайта саралануы қажет деп есептейміз.

 

Сонымен қатар 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К Апен аталған хаттаманы, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды. 

Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.

Сонымен тергеуші Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр. 

ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.

Алайда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнәнде Күдіктіге жауап алу алдында құқықтары түсіндірілмеген.

ҚПК 112-бабына сай  Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

Алайда 09 сәуір 2025 жылы тергеуші Өтініш хатты қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулы шығарды онда тергеуші өз қаулысының анықтау бөлімінде:   “Қорғаушы Саржанов Галымжан Турлыбековичтың талап тілегі қанағаттандырудан бас тартуға жатады. Себебі 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.Атан жауап алу хаттамасын толтыру барысында Е.К.Атың қорғаушы ретінде С.А қатыстырылған.

Қатыстырылу барысында ВЕБ-ЕРДР жүйесімен күдікті Е.К.Атан жауап алынып қорғаушысы С.А  бірге қол қойылған. ВЕБ-ЕРДР жүйесінде кез-келген тұлғадан жауап алу барысында электронды түрде қол қойылып жүктелгеннен кейін, қайта процестік хаттамаға кіріп мүлде қайтадан қол қоюға мүмкіншілік жоқ.” деп жауап қайтарған.

Алайда тергеуші қорғау тарапынан берілген мән жайларды ескермей, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолданбай істі бір жақты қарап, тек күдіктіні айыптау тарапын ғана ұстанып заң бұзушылыққа жол беріп отыр.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

Аталғанға сүйене біз прокуратураға жүгіндік алайда жоғарыда аталғанға сүйене отырып, Прокуратураға біздің аталған уәждерімізді тексеру барысында:

1)    Тергеушінің кабинетінде орналасқан Бейне жазба таспасының 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.Атан жауап алу кезіндегі уақытта түсірілген ақпаратқа, бейне таспасынан алу жүргізуді;

2)    2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында тергеу амладарына қатысқан қорғаушы С.А  телефон нөміріне детеализацисына алу жүргізіп қорғаушының тергеу амалдары кезіндегі уақытта полиция бөліміне тиесілі байланыс оператры вышкасының аумағанда болуы немесе болмауын анықтауды.

арқылы шындыққа қол жеткізуге болады деген үмітпен Прокуратурадан аталған іс шаралады жүргізуді сұраған едік. 

          Алайда 2025 жыл 17 сәуірдегі Мақтаарал ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Досаев А.Т., шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы Қаулысында, қорғау тарапы ұсынған ісшаралардың жүргізілгендігі жайлы ақпрататр жоқ, кересінше Прокурор «Қорғаушының күдікті Е.К Атан 01.03.2025ж. жауап алу хаттамасын заңсыз деп танып, дәлелдеме қатарынан алып тастау жөніндегі уәждері объективті деректермен бекітілмеген». Деген уіжге келіп дәлелдемелерді жинауды Қорғау тарпына ысырып тастап отыр.

          Қорғаушының құзіретіне телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізу және АПБ аудио бейна жазбасын алу кірмейді. Бұл жағдайда Прокуратура өз құзіреті шегінда телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізуді және АПБ аудио бейна жазбасын алу жүргізуге мүмкіншілігі бола тұра тергеушінің заңбұзушылық іс әрекеттерін әшкерелейтін материалдарға алу жүргізбегені Прокуратура тарапынан өрескел заң бұзушылық болып отыр.

Прокуратура аталған материалдарға алу жүргізіп, сол материалдармен қорғау тарпын танстырып дәлелдемелерді ұсынса Қорғау тарпынан ешқандай күмән баолмас еді. Қорғаушы іс бойынша күмән тудыратын процессуалдық әрекеттерді дәлелдуге міндетті емес, Крісінше прокуратра күмән тудыратын трегу амалдарын тергеп тексеруге міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына және ҚР ҚПК 19-бабына сай, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

Сот актілері болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.

 

 

          Күдікті А Е, жоғарыда аталған роликті жеке өзі жазып сақтаған емес, ол роликті ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен төмендегі сілтемесін көшіріп

 

Ватсап желісіндегі группаға жіберген Е Атың сітемемен бөліскен ролигінде ешқандай құқық бұзушылықтың құрамы анықталмаған.

 

Жоғарыда аталған уәждеді ескересек тергеу соты тарапынан аманатқа қиянат жасау болды, тергеу сотына ұсынған дәлелдемелер бойынша Күдікті Е.К Аты босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабында көрсетілген негіздер бойынша Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге, оны сотта қарауға кедергі келтіруге ниеті жоқ, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауырлығы қылмыстық жауапкершілікке тартуды таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Қылмыстық-процестік  кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.

ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының  күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        21 сәуір 2025 жылғы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбековтың, күдікті Е.К Ақа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды;

·        Күдікті Е.К Аты тергеу изоляторынан босатып, оған қатысты қамаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды.

 

Құрметтпен,

Қорғаушы                                                                    Г.Т.Саржанов

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу