Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Қылмыстық істің қозғалысы туралы мәліметтерді алу жөніндегі сұрау салу

Қылмыстық істің қозғалысы туралы мәліметтерді алу жөніндегі сұрау салу

Қылмыстық істің қозғалысы туралы мәліметтерді алу жөніндегі сұрау салу

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық 

статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

 Астана қаласы бойынша департаментіне

Өкілі, адвокат Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлынан

«Закон и Право» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79/71, 304-кеңсе.

info@zakonpravo.kz / www.zakonpravo.kz

+7 727 578 57 58; +7 708 578 57 58.

Мүддесі үшін: Ба АБ Б..

ЖСН: .....

Қазақстан, Жетісу облысы,Кербұлақ ауданы, ...... ауылы

Өтінішхат

қылмыстық істің қозғалысы туралы мәліметтерді алу жөнінде

Астана қаласы ПД ТБ өндірісінде бөлім бастығы Қошербаев С.Т.-ның тергеп-тексеруінде Астана қаласы ПД «Нұра» ауданы ПБ-на Қазақстан Республикасының азаматтарынан «Asyl-Nur Qurylys» ЖШС құрылыс компаниясының басшыларын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арыздың келіп түсуіне байланысты, ЕРДР №257123031001142 бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Аталған тұлғалар МЖК «Mardan» құрылысына үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға құқығы болмағанына қарамастан, тұрғындарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты иемденіп, елеулі материалдық залал келтірген.

22.05.2025 жылы аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша №257123031001142 болып ЕРДР-ге тіркелген.

№257123031001142 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 294-бабына сәйкес (Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлау және қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіру), 13.01.2025 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланған.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, сондай-ақ өтінішхатпен жүгінген адамның немесе олар өкілдік ететін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 70, 99-баптарын басшылыққа ала отырып,

Сізден сұраймын:

· №257123031001142 қылмыстық істің қозғалысы туралы карточкалардың барлық түрлерін көрсете отырып, мәліметтер беруді.

Сенімхат бойынша өкіл, адвокат: Саржанов Ғ.Т. 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы