Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері болмауына байланысты қайта саралау туралы
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).
Сіздің өндірісіңізде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К Абиловқа қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
Сіз өз өндірісіңіздегі қылмыстық іс боынша келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А 01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Б Е М бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру арқылы ауыр санаттағы меншікке қатысты қылмыстарды қасақана жасаған». – дегенді басшылыққа алудасыз.
2025 жыл 6 наурыз АЕК іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-бөлігі бойынша сараланды.
ҚРҚК 31-бап. “Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық” ұғымына келсек онда кодекс Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. - делінген
Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады делінген.
Аталған уәждерді жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында, қорғаушының өтінішхаты бойынша 20.04.2025 жыл менің қорғауымдағы Е.К А қосымша жауап алынды, жауап нәтижесінде, сонымен қатар басқа күдіктілердің жауаптарына сүйенсек топ мүшелері өз іс әрекеттерін алдын ала ақылдасып сөз байласып жасағандығы жайлы тергеудің болжамадыры өз орнын таппады.
Атап айтқанда әрбір құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» топ мүшелері Ютуб ашық әлеуметтік желісінен «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын ешбір топ мүшесінің айтуымен немесе ұсынысымен емес өз еріктерімен, қалауларымен, Ватсап әлеуметтік желісіндегі топқа жібергендігі анықталды.
Сонымен аталған уәждерімізге сүйенсек АЕКтің іс-әрекетінде ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстың құрамы жоқ, және ҚР ҚК-нің 174 бабы 1-бөлігі бойынша қайта саралануы қажет деп есептейміз.
ҚПК 112-бабына сай Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Қылмыстық процеске қатысушылар ҚР ҚПК 99 бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс.
Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
ҚР ҚПК 24 бабына сай тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 24, 99, 112, 210, 211 баптарынана сәйкес, Сұраймыз:
· Күдікті АЕКтің іс-әрекетін ҚР ҚК-нің 174 бабы 1-бөлігі бойынша қайта саралауды;
· Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 99 бабында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.
«31» «сәуір» 2025 жылы Мақтарал АПБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны Д.Жақсылық, №255143031000056 санды қылмыстық істің материалдарын қарастырып, АНЫҚТАДЫ:
Мақтаарал АПБ-нің өндірісіндегі 255143031000006 санды қылмыстық іс бойынша тергеп тексеру барысында М.Б.Е азаматтың ұялы телефонын қарап тексеру барысында ватсап әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» және «Бауырлар» тобына А.Е.К, Г.Ф.А есімді азаматтар адамдар тобы болып әлеуметтік, ұлттық, рулық , нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыратын аудио және бейнежазбаларды жариялағаны анықталды.
Аталған жәйіт бойынша Мақтаарал АПБ-мен ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-бөлігімен 28.02.2025 жылы №255143031000056 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
29.04.2025 жылы күдікті Е.Атың адвокаттық қызметпен айналысуға №20015783 лицензиясы бар Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Саржанов Галымжан Турлыбекович ЗТ-2025-01413865 санымен е-өтініш порталы арқылы өтініш жазып түсірген.
Аталған өтініш хатта күдікті Е.Атың іс әрекетін Қр ҚК-нің 174 бабы 1-бөлігіне қайта саралауды сұраған.
Қорғаушы Саржанов Галымжан Турлыбековичтың талап тілегі сотқа дейінгі тергеп тексерудің обьективті және жан-жақты жүргізілуіне кедергі болмауына байланысты қанағаттандыруға жатады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ҚПК-нің 67, 66 және 198 баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
1. №255143031000056 санды қылмыстық іс бойынша Саржанов Галымжан Турлыбекович ЗТ-2025-01413865 санымен түсірген өтініш хаты қанағаттандырылсын.
2 Қаулының көшірмесін Мақтаарал аудан прокурорына жолдансын.
3. Қабылданған шешім жайлы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы