Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы

Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 672 қаулысы

 

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының (бұдан әрі – қорық аймағы) аумағы 29 гектарға азайтылсын.

      2. Жамбыл облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелеріне рекультивациялау жүргізе отырып, жер учаскелерінің қорық аймағының құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

 

Жүктеу

42

Жусандала мемлекеттік қорық аймағы2756973,73Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары;Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарыҚазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

 

      ".

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау