Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Роялтидің көрсетілетін қызметтерден аражігін ажырату өлшемшарттары

Роялтидің көрсетілетін қызметтерден аражігін ажырату өлшемшарттары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Роялтидің көрсетілетін қызметтерден аражігін ажырату өлшемшарттары

«Прада Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Департаментке салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жою туралы, құжаттық салықтық тексеру актісін ресімдеу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арыз берді.

Алматы қаласы МАӘС-ның 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімімен Серіктестіктің әкімшілік талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылды, ұйғарыммен құжаттық са ықтық тексеру актісін ресімдеу жөніндегі әрекетті заңсыз деп тану туралы талап бөлігінде Серіктестіктің талап-арызы қайтарылды. Алматы қалалық сотының ӘІСА-ның 2022 жылғы 5 мамырдағы қаулысымен сот шешімі күшінде қалды.

2023 жылғы 28 ақпандағы № 6001-2200-6АП/1293,  6001-22-00-6ап/1293(2)  ҚК СКАД қаулысымен сот актілерінің күші жойылды.

Іс материалдарынан Серіктестік Италия заңнамасына сәйкес әрекет ететін Prada SpA компаниясының (бұдан әрі – «Prada SpA») басқаруындағы Prada компаниялар тобының бөлігі болып табылады.

Компанияның негізгі қызмет түрі – трикотаж, шұлық, аяқ киім және аксессуарлар бөлшек саудасы (қайта сату).

Департамент Серіктестікке қатысты салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәніне кешенді салықтық тексеру жүргізді. Тексеру кезеңі: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан.

Тексеру актісі мен хабарлама талапкердің өкіліне шығарылған күні тапсырылды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 14 маусымда тексеру актісі шығарылған күні қосымша нұсқама негізінде тексеруші тұлғалардың құрамына бас маман А.Т. Айбекова енгізілді.

Жергілікті соттар Департаменттің құжаттық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қорытындылары да, қойылған хабарлама да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен келісіледі және істің нақты мән-жайларына сәйкес келеді дегенге келді.

Сот алқасы аталған тұжырымдарды мынадай негіздер бойынша негізсіз деп санайды.

Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы тексеру актісінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын міндетті түрде көрсетуді көздейді.

Тексеру актісін зерттеу нәтижелері бойынша онда Өнім берушінің Алушыға олардың арасында жасалған шарт пен қызметтер көрсету келісіміне сәйкес көрсететін қызмет түрлерін талдау толық көрініс таппағаны анықталды.

2013 жылғы 24 маусымдағы қызмет көрсету шартына сәйкес Prada SpA Өнім беруші және «Прада Қазақстан» ЖШС Алушы Прада тобының компаниялары болып табылады. Көрсетілген шарттың E және F тармақтары Өнім беруші Сатып алушыға көрсететін қызметтер тізбесін көрсетеді, оларға мыналар жатады: ақпараттық технологиялар саласында көрсетілетін қызметтер, сатуды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтер, корпоративтік қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтер, медиа жоспарлау саласында көрсетілетін қызметтер, техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер, сатып алуды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтер, ұйымдарға қаржылық қызмет көрсету, логистика, байланыс, электрондық коммерция саласында көрсетілетін қызметтер және шартқа қосымшада неғұрлым егжей-тегжейлі сипатталған басқа да көрсетілетін қызметтер.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 28 ақпанда «Прада Рус» ЖШҚ мен «Прада Қазақстан» ЖШС арасында аутсорсингтік қызметтер көрсету туралы келісім жасалды (ақпараттық технологияларды басқаруды қамтамасыз ету бойынша, техникалық қолдау саласында, персоналды басқару саласында, заңгерлік қолдау саласында, логистика саласында, бөлшек сауда саласында, жөндеу қызметтері).

Осылайша, сот алқасы Департамент тексеру актісінде зияткерлік меншік объектілерін беруге қатысты қате тұжырымдар жасай отырып, серіктестікке көрсетілетін қызметтердің тізбесін толық зерттемеген деп санайды, бұл тексеру нәтижелері бойынша салық органы жасаған қорытындылардың негізсіз екендігін көрсетеді.

Серіктестіктің тексеру актісінде екінші тексеруші А.Т. Айбекованың қолы жоқ екендігі туралы дәлеліне назар аудару керек.

Салық кодексінің 158-бабы 2-тармағының ережелеріне орай салықтық тексеру актісі кемінде екі данада жасалады, оған салық органының тексеру жүргізген лауазымды адамдары қол қояды.

Кәсіпкерлік кодекстің 152-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері және (немесе) тексеру туралы актіде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.

Осылайша, сот алқасы жергілікті соттардың қорытындыларымен келіспей, тексеру актісінде қолдың болуы Салық және Кәсіпкерлік кодекстерде көзделген міндетті талап болып табылады деп санайды.

Серіктестіктің Prada SpA және «Прада Рус» ЖШҚ-мен қызмет көрсету шарты мен келісіміне қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерде шектеусіз қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану, пайдалану құқықтарын қайта табыстау және беру, авторлық құқық объектілері (бағдарламалық қамтамасыз ету), ноу-хауды және/немесе тауар белгілері жоқ екендігі туралы дәлелдері назар аудартады.

Бұл жағдайда табыс түрлерінің мынадай жіктелуін жүргізу қажет.

Қазақстан     Республикасының Үкіметі мен Италия       Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс салығына қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияның (бұдан әрі – Италия – ҚР конвенциясы) 5-бабы 2-тармағының i) тармақшасында бейрезиденттің осындай мақсаттар үшін жалданған қызметшілер немесе басқа да персонал арқылы консультациялық қызметтер көрсетуі көзделген. Мұндай қызметтер оларды Қазақстан Республикасының аумағында 12 айдан астам көрсеткен кезде тұрақты мекеменің (ТМ) құрылуына алып келеді. Бұл ретте мұндай ТМ кірісіне Италия – ҚР конвенциясының 7-бабына және Салық кодексіне сәйкес ҚР-да салық салынуға тиіс. Осыған ұқсас ережелер Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруды болғызбау туралы конвенцияда (бұдан әрі – РФ – ҚР конвенциясы) қамтылған.

Конвенцияның 5-бабының мақсаттары үшін көрсетілетін қызметтерге қатысты мынадай өлшемшарттарды бөліп көрсетуге болады:

1)  кірістің бұл түрін бейрезидент қызметшілер /жұмыскерлер / қосалқы мердігерлер тартылған кезде іс жүзінде алады;

2)    персонал, әдетте, клиенттің сұрауы бойынша ҚР-да қызмет көрсетеді;

3)  қызметтердің түпкілікті құнын қалыптастыру үшін адам-сағаттар мен уақытты есептеу табельдерін пайдалануға болады;

4)  қызметтерді іссапарлар шеңберінде не қашықтан, бірақ нақты персонал көрсетеді;

5)   қызметтерді клиент қабылдайды (қабылдамайды), орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілеріне не мәні бойынша ұқсас өзге де құжатқа қол қойылады;

есеп, техникалық проблеманы шешу(ақпараттық көрсетілетін қызметтер), сотта, келіссөздерде (заң қызметтері үшін) клиенттің мүдделерін білдіру, кадр қызметтері үшін нақты кандидатты іздеу, әңгімелесу және іріктеу түріндегі қызмет нәтижесі қатысады.

Бұл ретте бейрезидент авторлық құқық объектілерін ойлап тапқан жағдайда, бұл құқық уәкілетті органда тіркелген эксклюзивті болып табылған болса, бұл жағдайда бейрезидент алатын төлемдер роялти ретінде қаралғаны жөн.

РФ – ҚР конвенциясында 12-баптың 3-тармағында деген мынадай ұғым бекітілген: «роялти» – компьютерлік бағдарламаларды, кинематографиялық және телевизиялық фильмдерді, бейнефильмдерді немесе радио мен телевидениеге арналған жазбаларды, кез келген патентті, сауда маркасын, дизайнды немесе модельді, жоспарды, құпия формуланы немесе процесті қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым туындыларына кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат (ноу-хау) үшін сыйақы ретінде алынатын кез келген түрдегі төлемдер және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төлемдер.

Осылайша, роялтиге тән өлшемшарттар мыналар болып табылады:

1)  тіркелген авторлық құқықтың болуы;

2)     құндылығы бар ақпаратты, әдетте, персоналды тартпай ұсыну. Бұл ретте «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды;

3)    төлемдер тіркелген не бизнестің табыстылығына байланысты болуы мүмкін (кешенді франчайзингтік лицензияға тән). Әдетте, жұмсалған адам сағаттарына тәуелділік жоқ;

4)  арнайы жабдықты жалға алу.

Қаралып отырған дауда бейрезиденттер өткізу нарығында өнімді жылжыту тиімділігін арттыру жөнінде қызметтер көрсетті, сату бойынша консультациялар және тарату стратегиясы, қаржылық жоспарлау, адами ресурстарды басқару, қаржы саласында, бухгалтерлік есеп, салықтық есеп, заң қызметтері, жөндеу қызметтері бойынша қызметтер көрсетті. Бұл ретте өнім берушілер көрсетілген есептерге авторлық құқықты берген жоқ.

Осы фактіні растау үшін талапкер соттың сұрау салуы бойынша, атап айтқанда:

1) адал клиенттер үшін іс-шараны ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы (Ритц Карлтон мейрамханасында клиенттік кешкі ас ұйымдастыру);

2) персоналды іріктеу, кадрлық есепке алуды жүргізу бойынша;

3) жалақыны есептеу, Қазақстан Республикасында қосалқы мердігер (аутсорсингтік компания) болған кезде бұйрықтар, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар жасау бойынша;

4) Қазақстан Республикасында қосалқы мердігер болған кезде қасбеттің мәрмәрін ауыстыру, сыртқы қасбетті жылыту бойынша жұмыстар жүргізу бойынша;

5)      үлгілердің өзекті топтамасын сатып алу бойынша;

6) О.В. Тимофееваның тренингтерін өткізу бойынша;

7) Қазақстан Республикасында қосалқы мердігер болған кезде сыртқы витриналарды ресімдеу бойынша;

8) сатып алынған тауарлардың, ормаманың тізбесі бойынша (тауар үшін төлемдер көрсетілетін қызметтер мен роялти үшін төлемдер болып табылмайды) есептерді ұсынды.

Жазбаша түсініктемеде талапкер заңды қолдауды қамтамасыз ету (сенімхаттарды келісу, шарттардың жобаларын дайындау, қолданыстағы заңнама нормаларын талдау), серверде деректерді сақтау, деректерді беру, SAP бағдарламасына қол жеткізуді қолдау, техникалық қызмет көрсету, электр энергиясына арналған шығындар, іссапар шығыстары, өнімді жөндеу жөніндегі есептерді де көрсетеді.

Бірқатар қызметтерді бейрезидент қазақстандық қосалқы мердігерлерді тарта отырып көрсетті. Бұл ретте трансферттік баға белгілеу талаптарын сақтау мақсатында көрсетілетін қызметтердің құнын PRADA тобынан байланысты компания қойғандықтан, талапкердің атына қызметтердің құнына үстеме баға (маржа) да қойылды. Сонымен қатар, жауапкердің ұстанымы салықтық тексеру актісінде баяндалған, онда жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызметтерді алудың негізділігі мәселелері арналмаған.

Мұндай жағдайларда сот алқасы көрсетілетін қызметтердің түрлерін тексеру актісінде тиісті зерттеу болмаған жағдайда, Департаменттің роялти түріндегі кірістерден салықты ұстап қалу және КТС тиісті есептеу бөлігіндегі қорытындылары заңды болып табылмайды деген қорытындыға келеді.

Жергілікті соттар істің мән-жайларына талап қоюшының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны даулауы бөлігінде тиісті құқықтық баға бермегенін, дәлелдемелерді бағалауда, материалдық және процестік құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда қателіктер жіберілгенін ескере отырып, сот алқасы сот актілерінің күшін жою және Серіктестіктің талап-арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығару керек деп есептейді.

Сот алқасы жергілікті соттардың талап-арызды құжаттық салықтық тексеру актісін заңсыз деп тану туралы талап бөлігінде қайтару туралы сот актілері күшінде қалдырылуға тиіс деп есептейді, өйткені Серіктестік мәлімдеген әкімшілік талап-арызда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға да, құжаттық салықтық тексеру актісін ресімдеу жөніндегі әрекетке де дау айтылады.

Мұндай жағдайларда Серіктестіктің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылуға жатады.

Қорытындылар: істердің осы санатындағы ауыртпалық тудыратын әкімшілік акт хабарлама болып табылады. Сонымен қатар, ол салықтық тексеру актісіне негізделген. Актінің өзі шағымдануға жатпайды, өйткені ол іс бойынша дәлел болып табылады және өздігінен ауыртпалық зардаптарын әкелмейді. Алайда бұл Салық кодексінде тікелей көзделген кезде тексерушілер қол қоймауға тиіс дегенді білдірмейді.

Сот процесінде әкімшілік орган тек әкімшілік актіде жазылған дәлелдермен шектеледі. Тиісінше, бұл жағдайда сот шетелдік офистер өз қызметтерін талапкерге қандай маржада ұсынуға тиіс екендігіне қатысты дау туғыза алмайды.

Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерушілер бастапқы құжаттаманы зерделеуге тиіс екендігі белгілі. Тек шарттарды, шоттарды және орындалған жұмыстардың қысқаша актілерін талдау жеткіліксіз болды, өйткені нақты қандай қызметтер алынғанына (зияткерлік өнімге не клиенттің сұрау салуы бойынша көрсетілген қызметтерге қол жеткізуге) баға берілмеді. 

Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық органдары өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті. Мұндай түсіндірмелер мен түсініктемелер, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар, оның ішінде уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдары нормативтік құқықтық актілерге жатпайды. Сот оларды салық заңнамасының нормаларына сәйкестігін ескере отырып бағалауға тиіс...

Салық саясатын (жаңа салықты және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы) салық саясаты саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады...

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады (Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағы). Конституцияның 4-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады...

Егер ратификацияланған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық салу құқығы берілсе, бірақ ұлттық заңнамада аталған құқық жүзеге асырылмаса (жеңілдік болса), онда ұлттық заңнама қолданылуға жатады...

Қосарланған салық салуды болғызбау туралы конвенцияларды түсіндіру кезінде, егер мұндай түсіндіру қағидалары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2059-XII қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы қосылған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес келсе, халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсіндірудің жалпы қағидалары қолданылады...

Заңды тұлғаны тарату (тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану) туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда салықтық бақылау жүргізу туралы мәселені шешу салық органының өкілеттігіне кіреді және салық заңнамасында көзделген шаралар қабылданған кезде ғана контрагенттердің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін, олар салық органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту шеңберінде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға құқылы...

АК-нің  49-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған жағдайда, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдай алатындығы соттарға түсіндірілсін.

Жоғарыда көрсетілген белгілер жиынтығының болмауы талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады, өйткені салық органдарының өзге де ден қою тәсілдері бар...

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу тіркеуші органның әкімшілік актісі болып табылады, осыған байланысты мұндай қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс...

Соттар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық құқықтық қатынастарға қатысушылар ағымдағы салық кезеңінде алдыңғы салық кезеңдеріне қатысты әрекеттер жасаған кезде Салық кодексінің бес жылдық талап қоюдың ескіру мерзімі туралы күші жойылған нормасын қолдануға құқылы емес екендігін ескергендері жөн, өйткені Салық кодексінің қолданыстағы нормасы бойынша мұндай мерзім, егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, үш жылды құрайды.

Салық органдары талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінен тыс салық төлеушіге және (немесе) салық агентіне талап қоюға құқылы емес. Бұл ретте Салық кодексі талап қоюдың ескіру мерзімімен өсімпұлды есептеуді шектемейді.

 Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексеру жүргізу кезінде оның тоқтатыла тұруын ескере отырып, талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі жеті жылдан аспауға тиіс.

Көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді тоқтата тұрған кезде салық органы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-IV Заңының 8-бабының талаптарын сақтауға тиіс.

Ескіру мерзімінің өтуі сұрау салу жіберілген кезде тоқтатыла тұруы мүмкін, ол мынадай:

мемлекеттің құзыретті органына (ұйымына) жолданған;

дербестендірілген, тексерілетін салық төлеушіге қатысты жасалған;

тексеру нысанасына кіретін мәселелер бойынша енгізілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Соттар сұрау салу жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай сұрау салу жіберілген болып есептелмейтінін ескергені жөн...

Мемлекеттік кіріс органдары есептеген, есепке жазған және салық төлеушілерге талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде төлеуге ұсынған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу туралы салықтық талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі туындаған салықтық міндеттемені тоқтатпайды және салық төлеушіні оны орындаудан босатпайды...

Салық органының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқығын және салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығын бөлу қажет. Мәселен, салық төлеушінің бюджеттен салықтарды қайтару құқығын іске асыру кезінде салық органы салықтардың есептелген сомасын есептемейді және қайта қарамайды, бірақ бюджеттен салықтарды қайтаруды растайды не растаудан бас тартады.

Осыған байланысты, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығына қатысты талап қоюдың ескіру мерзімін есептеу кезінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған күнді емес, Салық кодексінің 101-бабы 4-тармағының 1) тар мақшасында көзделген салықтық өтінішті немесе Салық кодексінің 431-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген ҚҚСның асып кету сомасын қайтару туралы талапты салық органының қабылдау (тіркеу) күнін назарға алған жөн...

Егер талап қоюшы мемлекеттік бажды бюджеттік сыныптаманың қате кодына не толық мөлшерде төлемесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес судья талап қоюшыға осы кемшіліктерді көрсетеді және оларды түзету үшін мерзім белгілейді...

Салық төлеушінің Салық кодексінде белгіленген мерзімде Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағында көрсетілмеген және Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беруі камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы деп танылады және олардың негізділігін мәні бойынша тексеруді талап етпейді.

ӘРПК-нің 135-бабының екінші бөлігіне сәйкес (тану туралы талап қою) талап қоюшы бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды талап етуі де мүмкін, сондықтан камералдық бақылау нәтижелері бойынша орындалған хабарламаға дау айту туралы талап қоюлар соттың қарауына жатады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы қойылған талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған Салық  кодексінің  96-бабы  3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде сот тіркелуі (қайта тіркелуі) Салық кодексінің 96-бабы 5-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылған осы заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын растау үшін салық төлеуші ұсынған дәлелдемелерге баға беруге және оларды зерттеуге міндетті.

Барлық өзге жағдайларда сот салық органында оның талаптарының мәні бойынша негізділігін тексермей хабарлама шығару үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғын анықтауы жеткілікті. Олай болмаған жағдайда болашақ салықтық тексерулердің, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерулердің нәтижелері алдын ала шешілетін болады.

Салық органы:

түсініктеме салық төлеушінің ұсынуына жатпайтын (Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағы) және бұзушылықтар жойылмаған;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға түсініктеме ұсыну не шағым беру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткізіп алынған және бұзушылықтар жойылмаған;

заңды күшіне енген сот шешімімен Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушіге шығарылған хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған және бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда да хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға құқылы.

Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды (талап қоюды) салық төлеуші оны жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа берген (алған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.

Шағым (талап қою) берілуі мүмкін органды таңдау құқығы салық төлеушіге тиесілі...

Бұл ретте Салық кодексінің 117-бабының 3-тармағына сәйкес салық органдарының тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін салықтардың есептелген сомаларын қайта қарауы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғалардан мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есептелмейтінін назарда ұстаған жөн...

Талап қоюшылардың салық органдарының әрекеттері мен актілеріне шағым жасауының барлық кезеңдерінде сот әкімшілік қарау болған жағдайларда тараптарды татуластыру және дауды салық органының өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қарастыруы керек (мысалы, техникалық қателер болған кезде ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу, камералдық бақылау хабарламалары үшін "орындалған" мәртебесін көрсету және тағы басқа)...

ӘРПК-нің 98-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес өтініш берушіге зиян келтіру үшін шағым жасауға жол берілмейді. Салық кодексінің 186-бабының тәртібімен тақырыптық тексеру салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау барысында тағайындалатындықтан, уәкілетті орган тексеру нәтижелері бойынша дау айтылған хабарламада есепке жазылмаған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың қосымша сомаларын есепке жазу туралы шешім қабылдай алмайды.

Жоғары тұрған органның (уәкілетті органның) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімі сотта дау айтудың нысанасы бола алмайды, өйткені ол құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз қалдырылған кезде көрсетілген хабарламаға, ал оның бір бөлігінің күшін жойған кезде – шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

Салық кодексінің 148-бабына сәйкес нұсқама салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Тексеруді тағайындау туралы акт ретінде нұсқама сот дауының дербес нысанасы болуы мүмкін, өйткені ол салық органының билік өкілеттіктерін жүзеге асыруы шеңберінде шығарылады, салық төлеуші (салық агенті) үшін құқықтық салдарға әкеп соғады...

Жоспардан тыс тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 3-тармағында және Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болмаған кезде тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін емес. Мұндай тексерулер тексеру жүргізу үшін негіздер болмаған кезде шығарылса Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабы 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жарамсыз, ал оларды тағайындау туралы актілер заңсыз деп танылуға және олардың күші жойылуға жатады.

Салық кодексінің 159-бабы ережелерінің негізінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім салық органы салықтық тексеру нәтижелеріне қатысты шығарған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндеттемелердің есепке жазылған сомаларымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды руға әлеуметтік аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеумен және төлеумен, залалдарды азайтумен, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған ҚҚСның және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайта рудың расталмауымен келіспеген жағдайда, сот тәртібімен хабарламаға ғана шағым жасалады. Сот дау айтылған сомаларды есепке жазудың заңдылығын салықтық тексеру актісінде жазылған тұжырымдарды ескере отырып тексереді.

Егер салық төлеуші салықтық тексеру актісінің жоғарыда келтірілген салдарларға әкеп соқпаған, алайда өзінің құқықтары мен міндеттеріне, оның ішінде болашақ салық кезеңдерінде де әсер ететін тұжырымдарымен келіспесе, аталған акті даулануы мүмкін. Тексеру актісіне шағым жасау салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағым жасау ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау салық төлеушіні орындалған хабарламаға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасау құқығынан айырмайды.

Салықтық тексеру актісінің мазмұны Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Салық органының салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының бұзушылығы туралы тұжырымдары заңнама нормаларына сілтеме жасалып, бұзушылықтар туралы куәландыратын дәлелдер негізделіп және мән-жайлар ашылып, баяндалуы тиіс.

ӘРПК-нің 129-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талап қоюды қарау кезінде салық органы салықтық тексеру актісінде жазылған салық төлеушінің салық және өзге де заңнаманы бұзғанын куәландыратын тұжырымдар мен негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады...

Салық кодексінің 6-бабында белгіленген салық салудың айқындылығы қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының салықтары мен бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс.

Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді...

Салық органының даулы актіні қабылдауы үшін негіз болған мәнжайларды дәлелдеу міндеті салық органына жүктеледі...

.ӘРПК-нің 128-бабының ережелерін ескере отырып, салық органына салық төлеушіде салық пайдасы туындауының заңсыздығы дәлелдемелерін сотқа ұсыну бойынша міндет жүктелген.

Салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға не Салық кодексінің 18-тарауының 2-параграфында белгіленген салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімдерін салық органының бұзушылықтарының негізі бойынша тексеру актісіне дау айтқан кезде сот жол берілген бұзушылықтардың сипатын және олардың тексеру нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігіне әсерін бағалауды негізге алуы керек. Атап айтқанда, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатын нұсқамасыз не кейіннен заңсыз деп танылған нұсқаманың негізінде жүргізілген тексеру нәтижелері заңсыз деп танылуға жатады.

Егер Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 1-тармағын бұза отырып, қарсы тексеруді қоспағанда, салықтық тексеруді жүргізуге арналған нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелмеген болса, жоғарыда көрсетілген салдарлар туындайды. 

Қысқартулар

ӘРПК – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс

АПК – Әкімшілік процестік кодекс

Салық кодекс – Қазақстан Республикасының «Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

МКД, Департамент – Мемлекеттік кірістер департаменті

МКБ, Басқарма – Мемлекеттік кірістер басқармасы

ҚК – Қылмыстық кодексі

ҚПК – Қылмыстық-процестік кодексі

КПН – корпоративтік табыс салығы

ҚҚС – қосымша құн салығы

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Роялти, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есептеулері "ілеспе компоненттер" және "пайдалы қазбалар" ұғымдарын дұрыс түсінбеу және оларды бірыңғай салық салу объектісі деп тану

Роялти, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есептеулері "ілеспе компоненттер" және "пайдалы қазбалар" ұғымдарын дұрыс түсінбеу және оларды бірыңғай салық салу объектіс...

Толық оқу »

706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты халықаралық шартты қолдану тәрт...

Толық оқу »

Алтын мен күмісті өндіру кезінде жол бойында алынатын мыс өндіру объектісі болып табылмайды. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушының роялти мен ХДПИ төлеу бойынша міндеттемелері болмайды

Алтын мен күмісті өндіру кезінде жол бойында алынатын мыс өндіру объектісі болып табылмайды. Сондықтан жер қойнауын пайдаланушының роялти мен ХДПИ төлеу бойынша міндеттемелері...

Толық оқу »

794-бап. Роялти мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

794-бап. Роялти мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі      Роялти мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:Р/с №Тауар өнімінің түріМөлшерлемелер, пайызб...

Толық оқу »

818-бап. Роялтиге және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

818-бап. Роялтиге және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесіне қатысты салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодек...

Толық оқу »