Шағым Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына
Алматы қ., 050000 Қазыбек Би көшесі, 66 үй.
Сотталған: Д Косаевна Радан
ЖСН 961220401499
Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767
050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 971 78 58.
Апелляциялық шағым
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 10 ақпан 2025 жылғы үкіміне
Құрметті Апелляциялық сот алқасы!!! Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 3 бөлігі, 1),4) тармақтарымен берілген, менің қорғауымдағы Ра Д Косаевнаға (әрі қарай Сотталушы) қатысты үкімімен толық келісе алмаймыз.
ҚР ҚПК 388-бап: Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс делінген. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады – сот үкімінің заңдылығына шағымымыз жоқ.
Алайда осы баптын 3 бөлігінде көрсетілгендей Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады делінген – Бірақ шығарылған сот үкімі Сотталушы және оның қорғаушылары тарапынан сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттемей оған баға бермей Сотталушы мойындады екен деп жазаның тым ауыр түрін тағайындауы аманатқа қиянат болды.
Сонымен 10 ақпан 2025 жыл Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында төрелік етуші: судья Р.Н. Ашкеева, хатшылыққа А.Н. Садуақасованы ала отырып, мемлекеттік айыптаушылар - Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокурорлары және жәбірленушілер, сотталушы Д.К.Раның, оның қорғаушы-адвокаты Г.Т.Саржановтың қатысуларымен аудио-бейне жазба құралдарын пайдаланып, ашық басты сот талқылауында, жалпы тәртіппен:
Д Косаевна Ра, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі -ҚК) 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтарымен сотқа берілген электрондық қылмыстық ісін қарап, Қазақтан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 387-390, 393, 395-398, 401-402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Үкім етті:
Д Косаевна Раны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтарымен кінәлі деп танылсын, оған осы баппен 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын.
Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын.
Сотталған Д.К.Раның «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдырылсын.
ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес Д.К.Раның 28 қыркүйек 2024 жылдан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақытының бір күні қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазаны өтеудің бір жарым күнімен жаза мерзіміне есептелсін.
Д.К. Раның жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.
Жәбірленушілер Ә.С.С., Ш.А.Ю. азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқықтарын танып, ол бойынша азаматтық сотқа жүгінуге құқылы.
Сотталған Д Косаевна Радан жәбірленуші-ақы талапкерлер:
1. Нұрдаулет Жаксылықұлы О. пайдасына 5 600 000 теңге,
2. Нурсұлтан Дәулетұлы Т. 2 500 000 теңге,
3. Ескендір Әмірбекұлы М. 2 000 000 теңге,
4. Мөлдір Төребекқызы С. 2 000 000 теңге,
5. Томирис Едігеқызы Б. 2 500 000 теңге,
6. Сабина Айдынқызы С. 1 740 000 теңге,
7. Ерке Еркебұланқызы Б. 2 000 000 теңге,
8. Ержан Ханапияұлы Ә. 2 500 000 теңге,
9. Музаффар Абдулкуддосович К. 2 000 000 теңге,
10. Элъёр Гайратович И. 2 480 000 теңге,
11. Мадибек Асхатұлы Ш. 2 500 000 теңге,
12. Динара Мухамедиярқызы А. 2 000 000 теңге,
13. Нұргүл Берікқызы Т. 2 000 000 теңге,
14. Гүлсалтан Анасбайқызы Ж. 3 068 000 теңге,
15. Аружан Хайруллақызы А. 2 000 000 теңге,
16. Анеля Еділқызы С. 2 000 000 теңге,
17. Сая Сәбитқызы А. 2 500 000 теңге,
18. Дана Конысбекқызы Р. 3 535 000 теңге,
19. Жансая Азатқызы О. 2 500 000 теңге,
20. Сая Қалиқызы Е. 3 200 000 теңге,
21. Балжан Нұрланқызы Ө. 3 000 000 теңге,
Жалпы сомасы 53 623 000 тенге талап арыздары толық қанағаттандырылсын.
мемлекет пайдасына 536 230 теңге баж салығы,
жәбірленушілер өтемақы қорына 73 840 теңге мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Д. Раға тағылған қылмыстық құқық бұзушылықтың саралауына дау айтпай, Д. Раға сот тым қатал жаза тағайындады, сондай-ақ азаматтық талаптар дұрыс шешілмеді деп санаймыз.
Сот тергеуі барысында сот осы қылмысқа қатысы бар, басқа адамдардың бар екенін сенімді түрде анықтады, бұл соттың жекеше қаулысымен расталады. Осыған байланысты оны қылмыс құралы ретінде пайдаланып, оны қылмыстық салаға тартқан басқа адамдардың әрекеті үшін жалғыз Д. Раны материалдық жауапкершілікке тартылмауы керек деп санаймыз.
Сот өз үкімінің уәждеу бөлігінде, төмендегі тұжырымға келуде:
«Сот тергеуінде сотталушының өзінің қолынан студенттерді ақылы бөлімнен тегін бөліміне ауыстыру және резидентураға түсіруге келмейтінін білгенімен, тергеумен бөлектен тұлғалардың көмегімен жасау мақсатында, жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, оларды резидентураға, тегін бөлімге ауыстырып беретінін айтып, олардың ақша қаражаттарын иемденген, яғни жәбірленушілердің ақша қаражаттарын жымқырған мезгілде сотталушының осы бағытта қандай да бір міндеттемені орындамағандығы белгілі болды.
Мұндай жағдайда, сотталушының жәбірленушілерден ақшаны алған сәтте-ақ, оны қайтаратын ниеті болмағаны, тек сенімді теріс пайдалана отырып, ақшаны жәбірленушілерден алдап алып, оларды адастырғаны анықталды.
Сонымен қатар, сотталушының жәбірленушілерді алдау ойы болмағанын көрсеткен уәждерін сот негізсіз деп санайды, себебі сотталушының студенттерді тікелей тегін бөлімге не резидентураға түсіруге мүмкіндігі болмаған, жәбірленушілердің берген ақшаларын, басқа істен бөлектенген адамдардың түспеген студенттеріне қайтарып, оларды алдап уәде беріп, созумен шектеліп, олардың берген ақша қаражаттарын өз пайдаларына жаратып тастаған.
Сотталушы Д.К.Раның қылмыстық іс-әрекеттері ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармағымен дұрыс дәрежеленген, өйткені ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, алдап және сенімдерін теріс пайдаланып, бөтен мүлікке құқықты иемденіп алаяқтық қылмыс жасаған.»
Аталған соттың уәждерімен келісе алмаймыз, өйткені сот төмендегі мән жайларды ескермеді деп есептейміз:
Сонымен Қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдары, келтірілген шығынға келер болсақ, 2022 жылы Сотталушы, Нұрсұлтан есімді жігітпен танысып Нұрсұлтан өз тарапынан оның ағасы ҚазҰМУ-де проректор болып жұмыс істейтін Д Убайдилла Махамбетовичпен тел. +7 701 531 12 68, мені таныстырды, танысу барысында У.М Д, Сотталушыға студенттерді жинап алып кел резедентураға түсүруге мүмкіндігім бар деген.
Сол уақыттан бастап Сотталушы, У.М Д арқылы студенттерді ҚазҰМУ резидентура мамандығына түсіру үшін жинауды бастаған, У.М Дқа беретін сомадан бөлек Сотталушы өзінеде кіші-гірім пайыз алып отырған.
Сотталушы өзіде ҚазҰМУ резидентура мамандығына түсуге құлшынысы болған соң, курстастарына айта бастаған.
Содан 2022 жылы - 7 студенттің – 9-ын:
1. Мақшан Нұрболат – ҚазҰМУ Оторалингология факультетінде оқып жатыр;
2. Нұржамал Абайқызы – ҚазҰМУ Акушер гинеколог, Гинекология факультетінде оқып жатыр;
3. Ақмарал – ҚазҰМУ Афтальмалогия факультетінде оқып жатыр;
4. Ұлжалғас – ҚазҰМУ Гастроэнтерология факультетәнде оқып жатыр;
5. Акимбаева А.Б. – ҚазҰМУ Радиология факультетәнде оқып жатыр;
6. Гульназ - ҚазҰМУ Радиология факультетәнде оқып жатыр тел.: +7 707 690 97 74;
7. Жұман Айдана - ҚазҰМУ Оторалингология факультетінде оқып жатыр тел.: +7 702 643 2821;
8. Майлиев Аділет – ҚазҰМУ-де оқып жатыр;
9. Ербол – ҚазҰМУ Афтальмалогия факультетінде оқып жатыр.
мемлекеттік грантқа У.М Д түсіріп берді, түспеген 2 студенттің аттары Сотталушның есінде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Соттатлушы смартфонында бар) ақшасын У.М Д бөліп-бөліп қайтарды. Осыдан кейін Сотталушы, У.М Дтың сеніміне кірген.
2023 жылы Соттатлушы, У.М Дпен кездесіп сұхбаттасу барысында ол Сотталушыға 20-30 студентті түсіріп бере алатынын айтып, Сотталушыдан ақша қаражаттарын қолма-қол беруді талап еткен.
Сотталушы төмендегі студенттерді:
1. Асылхан - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Назгүль - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
3. Сардор - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
4. Олимжон - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
5. Бекзат - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
6. Ержан - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
7. Жанболат - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
8. Мадина - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
9. Сабина - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
және тағы басқа студенттердің тізімдерін - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар), жинап олардың тізімін университетке апарып беріп отырды. Студенттер Сотталушыдан үнемі түсіріп бере аласызба деген сұрақтарын У.М Дқа айтып отырды бірақ У.М Д барлығын түсіріп бере алатының Сотталушыға айтып сендірген.
Студенттерден алынған қаражаттарды қолма-қол У.М Дқа әртүрлі жерлерде Сотталушы өзі немесе Ә Қасымхан арқылы беріп отырған, мысалы: Гранд парк сауда үйіне қарама-қарсы кафеде 3-4 рет, гостиница Қазақстан, Москва сауда үйінде, және Ақсай 5, 25 үй, 6 пәтер, Жандосов көшесіндегі кафеде, т.б. жерлерде өзі келіп немесе жеке жүргізушісі арқылы алып отырды.
Аталғант студенттерден жартысынан азы түсе алмаған соң, олардың ақшасын бөліп-бөліп У.М Д қайтарып беріп отырды.
Қайтару уақтысы созылып кеткен соң студенттер шу көтереміз деп, У.М Дқа диктофонмен кіреміз деп дау көтерген соң Сотталушы, У.М Дты қорғап студенттердің ақшасын өзі қарызға алып мүмкіндігінше жауып отырған, Кейіннен У.М Д, Сотталушы қарызды басқа жаңадан келген студенттердің есебінен жап деп тапсырма берген, содан бері Сотталушы солай жасай бастады.
Жоғарыда аталған резиндентураға түсе алмаған студенттер қосымша грант бөлінген кезде түсе бастады.
Алайда уақыт өте келе У.М Д түсірген студенттер біз өзіміз түстік У.М Д көмектескен жоқ деп ақшасын қайтаруды сұрап талап ете бастады.
Алдын ала тергеу барысында У.М Д өзінің қылмысын жасыру мақсатында тергеуге мүлдем басқа және жалған жауап берген, онда ол Сотталушымен тек 2 рет кездейсоқ кездескенін және ешқандай ақша қаражаттарын алмағанын айтқан алайда Сотталушымен У.М Дтың немесе Сотталушының азаматтық некедегі күйеуі Ә Қасымхан арасындағы қоңырау шалу ақпараттарын тексерсек онда кемінде 500 кіріс шығыс қоңырауларын анықтауға болады (13 том 79-83 іс беті).
У.М Д 2024 жылы қараша айында қосымша гранттар бөлінеді және студенттер күтсе сол гранттарға түсе алатынын айтқан. Бірақ студенттер оған келіспей ақша-қаражаттарын сұрап полицияға арыз жаза бастады.
Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы Сотталушының смартфоныңда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.
2023 жылы ҚазҰМУ резидентурасына студенттердің түсуі қиындап кеткен соң Сотталушы Наргиза (Алматы облысындағы Облздравта жұмыс жасаған (қазіргі Қонаевта қаласында орналасқан) есімді танысы Сотталушыны, К Аружан Сакенқызы тел: +7 778 683 57 36, есімді қызбен таныстырды, ол өзінің Алматы облысындағы Облздравта (қазіргі Қонаевта қаласында орналасқан) және Қазак-Ресей медициналық университетінде (әрі қарай - ҚРМУ) қабылдау комиссияcында және билет беретін мұғалімдер арасында таныстары бар екенін айтып сендірді.
ҚазҰМУ-ен құлаған төмендегі студенттерді ҚРМУ-не түсіріп беріп отырды, олар:
1. Акимбаева А - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Гульназ - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
3. Жансая - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
4. Нұрбол - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
Солайша А.С К, Сотталушының сеніміне кірген.
ҚазҰМУ Офтальмология факультетінен құлаған 2 студентті:
1. Олимжон – КРМУ 2 – курста Скорая помощь неотложка факультетінде оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Бекзод - ҚазҰМУ Отоларингология факультетінде 2 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
А.С К ҚРМУ-ға Жедел жәрдем мамандығына грантқа түсіру үшін 2 500 000 теңгеден алып отырды.
2023 жылы А.С К ҚРМУ-не Радиология мамандығына 3 студент
1. Қарлығаш берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Дабыл берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Соттатушы смартфонында бар);
3. Әділет берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар).
түсіріп берді.
Алайда А.С К екі студентті:
Назгүл - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
Ержан - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар).
қосымша грантқа түсіремін деп, түсіре алмай ақшаны облздрав бермей жатқанын айтып құтылғысы келген.
А.С К, Назгүл мен Ержан есімді студенттердің қаражатын қайтармағансоң Сотталушы өз қалтасынан басқа студенттердің берген қаражатынан беру арқылы ақша-қаражаттарын оларға қайтарып берді.
А.С К 2024 жылы студенттерді түсіріп бере алатынын айтып сендірген, алайда студенттерді түсіре алмады.
А.С К түсіре алмаған студенттерді орын бөлінгенін күтсін деп сендіріп отырды.
А.С К 2023-2024 жылы ақша қаражаттарын Каспи, Халық банктерінің қосымшалары арқылы және қолма-қол алып отырды.
К Аружан тергеу барысында 2024 жылы Сотталушымен және Әшилов Қасымханмен де мүлдем кездескен жоқпын деп жауап берген және Сотталушы оған 8 400 000 тнегені қолма-қол берді деп өтірік айтып, тергеуге жалған жауап берген (13 том 90-111 іс беті).
Сотталушы К Аружанға 2023 жылы – 3 200 000 теңге, 2024 жылы – 8 400 000 теңге барлығын қосқанда екі жылда 11 600 000 теңге қаражатын берген.
Сонымен қатар А.С Кның алдын ала тергеу барысында берген жауабы ақылға сыйымсыз өйткені ол Сотталушымен бір рет қана кездескенін және Сотталушымен одан әтір су сатып алу үшін қаражаттарды аударғанын айтып жазған. Шындығында Сотталушы одан бірде-бір әтір суын сатып алған емес. А.С К өзінің қылмыстық іс әрекеттерін жасыру мақсатында тергеуге жалған жауап берген.
Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы Сотталушының смартфонында барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.
2023 жылы Сотталушы, Ә. Н. Асылханқызы (13 том 146 іс беті) есімді қызбен танысқан, ол өз тарапынан ҚазҰМУ түлегі болғысы келетінін айтып жеткізді содан Ә Н.А., ҚазҰМУ түсіру үшін менен егерде ол басқа студенттерді алып келсе оған жеңілдік болама деп сұрады және алып келген үшін өз үлесінің қаражатын алғысы келді.
Ә Н.А. өтінішін Сотталушы У.М Дқа жеткізген және ол қарсы болмаған, солай Сотталушы Н.А Әовамен жұмыс жасай бастаған.
Н.А Әованы негізі У.М Д оқуға түсірген алайда Н.А Әова өзінің салғырттығынан уақтылы арызын жазбай оқуға түсе алмай қалды.
Алайда Н.А Әова әрі қарай студенттерді жинай бастады олар:
1. Жұмаш - берген ақшасы 3 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Жамиля - берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
3. Сұлтан - берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Соттатлушы смартфонында бар);
және тағы басқа студенттер болған және берген ақшалары есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
Бас аяғы аталған студенттерден 20 000 000 тенге қаражат шамасында жиналды және оларды У.М Дқа қолма-қол берілді.
У.М Д жоғарыда аталған студенттерді түсіре алмағандықтан және У.М Д ақшаны қайтармаған соң Сотталушы онымен келісе кейінгі келген студенттердің есебінен оқуға түсіре алмаған студенттерге қаражаттарын қайтарып отырған.
Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы Сотталушының смартфонында барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.
2024 жылы Сотталушы, Н Даулетхан (13 том 112-146 іс беті) деген азаматпен танысқан онымен Сотталушыны іс бойынша куә Ә Назгүл Асылханқызы есімді қыз таныстырды. Н Д., өзінің резидентураға, 1 курсқа грантқа түсіре алатынын, кешенді тестілеуде балл алып бере аламын деп сендірген.
Сонымен Д. Нға бас аяғы келесі студенттердің қаражаттары берілді:
1. Балқия - берген ақшасы 2 600 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
2. Нұрдаулет - берген ақшасы 2 600 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
3. А№№ Аружан - берген ақшасы 1 200 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
4. А№№ Сая - берген ақшасы 1 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
5. Р№№ Дана - берген ақшасы 1 300 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
6. Е№№ Сая - берген ақшасы 1 300 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар).
Алайда Д. Нның алдын айтқан сөздерінің барлығы өтірік болып шықты. Ақша қаражаттарын қолма-қол, Халық банк арқылы алып отырды, көбі рет кездесіп өтірік сөздеріне сендіріп отырды, кейде телефон алмай жұмысына Сотталушы, Ә Қасымхан екеуі барып ақпарат алып отырған.
Д. Н студенттердің ақшасын шын мәнінде жартылай ғана қайтарды. Оның алдын ала тергеу уақтында берген жауабы қаражатты толық қайтарып бергені жайлы жалған және ақылға сыйымсыз оған Сотталушының дәлелдері бар.
Сот отырысы барысында куә Д. Н ақша қаражаттарын студенттерді оқуға түсіру үшін және өз еңбегіне 100 000 тенге алып қалмақшы болғанын сотқа айтып жеткізді.
Құрметті сот, куә Д. Н берген жауабы Сотталушының жоғарыда берген уәждеріне дәлел ретінде есептеуге болады.
Сонымен қатар куә Д. Н іс-әрекетінде ҚР ҚК 24-бабы арқылы Қылмыстық кодекстің 190 бабымен Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу бойынша қылмыс құрамы бар және жауапкершілікке тарту мүмкіншігі бар деп есептейміз.
Д. Н төмендегі:
Балқия - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар);
Нурдаулет - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушы смартфонында бар).
және тағыда басқа есімдерін ұмытып отырмын, студенттерді түсіремін деп қаражаттарын алған. Переписка, скрин барлығы бар. Тергеу барысында жалған жауап беріп өтірік айтып тергеуді шатастырды. Биллинг, детализация жасалынса барлығы көрінеді.
Н Даулетханға Сотталушы 8 500 000 тенге қаражатын әртүрлі банк қосымшалары арқылы аударды ал 6 000 000 теңге қолма-қол апарып берген. Алайда Д. Н іс бойынша тек 5 500 000 теңгені алып оны қайта қайтардым деген жауабы жалған.
Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы Сотталушының смартфонында барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.
К Аружан, Убайдилла Д, Н Даулетхан банк қосымшаларынан бөлек қолма-қол алған сол қолма-қол алған қаражаттарын қайтармады.
Сотталушы әр студенттен тек өзіне тиесілі үлесің алып отырған, ең артында ешнәрсеге қарамай тек ақша қайтарып отырды. Себебі, ақшадан шатастырып, адамды адаммен жаптырып былық қылып жіберген.
Барлық уақытта студенттермен ҚазҰМУ, ҚРМУ түсірерде бірге жүрді, үнемі К Аружан, Убайдилла Д, Н Даулетханға хабарласып отырып алған ақпаратты студенттерге айтып.
Құрметті сот! Сотталушы өз тарапынан жасалған қылмысты толықтай мойындайды және барлық жәбірленушілерден кешірім сұрап отыр. Себебі: заңсыз студенттерді оқуға түсіруге көмектескен. Алайда студенттерді алдау, алаяқтық жолмен ақша табу ойында болмаған.
Сотталушы ҚазҰМУ жақсы дәрігер боламын деген ниетпен түскен. Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетхан, Назгүлге кіршіксіз сенім білдірген. Студенттерді өзі іздеген емес олар көбінесе түсіп кеткен студенттер арқылы келген.
Убайдилла Д, К Аружан, Н Даулетхан түсіріп берген студенттер:
1. Ұлжалғас – ҚазҰМУ Оторалингология факультетінде оқып 2024 жылы бітірген;
2. Олжас - ҚазҰМУ Нейрохирургия факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушының смартфонында бар);
3. Қарлығаш - КРМУ Кардиохирургия факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушының смартфонында бар);
4. Дабыл - КРМУ Офтальмалогия факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушының смартфонында бар);
5. Әділет - КРМУ радиология факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар Сотталушының смартфонында бар).
және тағы басқалары бар қазір Сотталушының есімде жоқ. Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы Сотталушының смартфонында барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.
1 көрініс Жәбірленуші С. Әсел берген қаражаты 17.11.2023ж– 500 000 тг 26.11.2023ж– 750 000 тг 27.11.2023ж– 750 000 тг =2 000 000 тг 12-13 том іс беттерінде | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д студенттеріне бердім
|
2 көрініс Жәбірленуші О. Н, берген қаражаты 05.02.2024ж– 100 000 тг 05.02.2024ж – 1 900 000 тг общий 5 200 000 тг 01.02.2024ж – 700 000 тг 01.02.2024ж– 800 000 тг 31.01.2024ж – 1 000 000 тг 05.02.2024ж – 500 000 тг 23.09.2024ж – 100 000 тг 23.09.2024ж – 100 000 тг 12-13 том іс беттерінде | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген: Шешілген 332 000 тг Джамиля – 400 000 тг снятие – 350 000 тг 1 820 000 тг қалған ақша жазға қалды 5 200 000 – 1 082 000 = 4 118 000 тг 1 300 000 тг – Даулетхан Н 1 300 000 тг – Даулетхан Н 1 000 000 тг – Назгуль 500 000 тг – Д
12-13 том іс беттерінде |
3 көрініс Жәбірленуші Н. Талдыбай берген қаражаты 15.03.2024ж – 1 000 000 тг. 01.09.2024ж – 500 000 тг 01.09.2024ж – 500 000 тг 18.09.2024ж – 200 000 тг 19.09.2024ж – 300 000 тг общий 2 500 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген: Убайдулла Д 15.03.2024 снятие 450 000 тг 18.03.2024 – 1 000 000 тг Инара М. перевод Назгуль – 500 000 тг Бекзод – 500 000 тг = 2 450 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
4 көрініс Жәбірленуші М. Ескендір берген қаражаты 17.04.2024ж 18.04.2024ж 2 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Мадина С.: 300 000 тг Дәурен Ә.: 200 000 тг 200 000 тг 200 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
5 көрініс Жәбірленуші С. Мөлдір берген қаражаты 2 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д 12-13 том іс беттерінде |
6 көрініс Жәбірленуші Б. Томирис берген қаражаты 2 500 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім 12-13 том іс беттерінде |
7 көрініс Жәбірленуші С. Сабина берген қаражаты 2 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім (Каспи) 12-13 том іс беттерінде |
8 көрініс Жәбірленуші Б. Ерке берген қаражаты 2 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім (Каспи) 12-13 том іс беттерінде |
9 көрініс Жәбірленуші Ә. Ержан берген қаражаты 04.06.24ж 1 900 000 тг салған общий 2 500 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Д студенттері Аида З. – 500 000 тг Назгуль – 500 000 тг Даулет Е. – 50 000 тг Ержан – 300 000 тг Назгуль – 300 000 тг Снятие 460 000 тг 2 110 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
10 көрініс Жәбірленуші Қ. Музаффар берген қаражаты 2 000 000 тг 27.06.2024 ж
| Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д Аида З. – 400 000 тг Гүлнұр Ж. – 100 000 тг Гүльдана О. – 100 000 тг Мадина Ж. – 100 000 тг Исмира – 260 000 тг Снятие – 300 000 тг Талшын – 100 000 тг Шамиль – 100 000 тг =1 460 000 12-13 том іс беттерінде |
11 көрініс Жәбірленуші И. Эльер берген қаражаты 2 480 000 тг 28.06.2024 ж
| Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Инара – 1 000 000 тг Димаш О. – 400 000 тг Қасымхан – 350 000 тг Қасымхан – 420 000 тг 2 170 000 тг 01.07.2024ж банкоматтан 600 000 тг шешіп Убайдулла Д 12-13 том іс беттерінде |
12 көрініс Жәбірленуші Ш. Мадибек берген қаражаты 04.07.2024ж – 2 000 000 тг 08.09.2024ж – 500 000 тг
| Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д Қасымхан – 100 000 тг Жанат Б. – 200 000 тг Бақытжан – 300 000 тг Назгуль – 150 000 тг Зухра – 150 000 тг Мөлдір К. – 100 000 тг Бейбарыс Е. – 200 000 тг Салтанат – 400 000 тг Снятие – 500 000 тг 1 800 000 тг 700 000 тг – ҚРМУ Аружан (жазда) 12-13 том іс беттерінде |
13 көрініс Жәбірленуші А. Динара берген қаражаты 10.07.2024ж – 2 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Жазда Убайдулла Д наличка 12-13 том іс беттерінде |
14 көрініс Тегісбаева Н. берген қаражаты 2 000 000 тг 14.07.2024ж
| Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Гульназ: 300 000 тг 100 000 тг 500 000 тг – Қасымхан 300 000 тг – Бейбарыс (1 млн 200 000 тг Каспи) 800 000 тг қалды. 12-13 том іс беттерінде |
15 көрініс Жәбірленуші Ж. Гульсалтанат берген қаражаты 15.07.2024 ж – 1 900 000 тг 15.07.2024ж – 600 000 тг 13.09.2024ж – 200 000 тг 14.09.2024ж – 300 000 тг 16.09.2024ж – 47 500 тг 27.09.2024ж – 21 000 тг 3 068 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д студенттеріне возврат бердім и наличка У Дқа
12-13 том іс беттерінде |
16 көрініс Жәбірленуші А. Аружан берген қаражаты 23.07.2024ж – 500 000 тг 24.07.2024ж – 1 500 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
16.07.2024 снятие – 300 мың Әділет – 300 000 тг 200 000 тг қалды Каспи 200 000 тг – Салтанат 100 000 тг – Шамиль О. 24.07.2024 Даулетхан – 1 200 000 тг Қасымхан – 300 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
17 көрініс Жәбірленуші С. Анель берген қаражаты 26.07.2024ж 02.08.2024ж 05.08.2024ж | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Д студенттері және Даулетхан 1 300 000 теңге жібердім Салтанат – 100 000 тг Қасымхан – 300 000 тг Алтыншаш – 200 000 тг 1 900 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
18 көрініс Жәбірленуші А. Сая берген қаражаты 09.08.2024ж 2 500 000 тг Халық банк | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д Халық банк арқылы 1 000 000 тг Аружан 1 000 000 тг Даулетхан 500 000 тг өзім Убайдулла Д өзі түсіретінін айтты 12-13 том іс беттерінде |
19 көрініс Жәбірленуші Р. Динара берген қаражаты 10.08.2024ж – 1500 000 тг 16.08.2024ж – 1 000 000 тг 08.09.2024ж – 500 000 тг 08.09.2024ж – 500 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Даулетхан Н – 1,3 млн 120 000 тг – Халық банк Халық банк – 300 мың 17.08.2024 – 1 млн Маржан 2 млн, 720 мың 12-13 том іс беттерінде |
20 көрініс Жәбірленуші Ж. О. берген қаражаты 12.08.2024ж – 1 250 000 тг 13.08.2024ж – 1 250 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
К Аружан 2 млн Халық банк 1 000 000 тг бөліп 1 000 000 тг бөліп 12-13 том іс беттерінде |
21 көрініс Жәбірленуші Е. Сая Қалиқызы берген қаражаты 3 200 000 тг 12.08.2024ж – 1 500 000 тг 12.08.2024ж – 1 000 000 тг 03.09.2024ж – 500 000 тг 20.09.2024ж – 30 000 тг 22.09.2024ж – 100 000 тг 24.09.2024ж – 50 000 тг 26.09.2024ж – 20 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Даулетхан Н – 1 300 000 Халық банк Аружан – 1 млн 80 мың = 2 380 000 тг Перевод Халық банк 200 000 тг Даулетхан Н Научный центр кардиологии 200 000 тг
12-13 том іс беттерінде |
22 көрініс Жәбірленуші Ө. Балжан берген қаражаты 16.08.2024ж – 2 000 000 тг 17.08.2024ж – 500 000 тг 29.08.2024ж – 500 000 тг =3 000 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
Убайдулла Д Аружан/Маржан У. – 1 млн 17.08.2024 18.08.2024ж Назгуль Ә. – 900 000 тг Нұрсұлу К. – 300 000 тг Маржан У. – 500 000 тг =2 700 000 тг 12-13 том іс беттерінде |
23 көрініс Жәбірленуші Ю. Шахруза берген қаражаты 21.08.2024ж – 1 000 000 тг 10.09.2024ж– 200 000 тг 24.09.2024ж– 300 000 тг 28.08.2024ж– 500 000 тг 10.09.2024ж– 300 000 тг =2 300 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
К Аружан 2 000 000 тг Халық банк
12-13 том іс беттерінде |
24 көрініс Жәбірленуші Е. Ардақ берген қаражаты 08.08.2024ж – 150 000 тг 09.08.2024ж – 850 000 тг 05.09.2024ж – 300 000 тг 14.09.2024ж – 20 000 тг 14.06.2024ж – 180 000 тг 17.09.2024ж – 150 000 тг 17.09.2024ж – 150 000 тг 20.09.2024ж – 200 000 тг 22.09.2024ж – 30 000 тг =2 030 000 тг | Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:
К Аружан 2 030 000 тг 2 000 000 тг Халық банк
12-13 том іс беттерінде |
Сот үкімінің уәждеу бөлігіндегі соттың пікірі бойынша: «Сонымен қатар іс құжаттарын зерттеу барысында Д.К.Раның «Лото клуб» лотерея клубтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің «Каспий голд» есеп шоттарына 1 қыркүйек 2023 жылдан 5 қаңтар 2024 жыл аралығында Х.Гасанованың есеп шотына 45 597 000 теңге, 28 қыркүйектен 19 қараша 2023 жылы аралығында М.Ибадуллаеваның есеп шотына 1 980 000 теңге, 13 тамыздан 23 қыркүйек 2024 жыл аралығында Ә.Әукенованың есеп шотына 18 445 000 теңге ақша Д.К.Раның «Каспий голд» есеп шотынан аударым жасалған, бұл Д.К.Раның «Каспий голдтан» алынған 1 қыркүйек 2023 жылдан 11 қазан 2024 жыл аралығындағы үзінділермен анықталған. (12 бума, іс беті 24-163).
Сондай-ақ Д.К.Ра 29 қазан 2023 жылдан 24 қыркүйек 2024 жыл аралығында «Лото клуб» лотерея клубтарына жалпы 47 686 000 теңге ақша қаражатты ұтысқа тіккені, ол «Лото клубтың» берген құжаттарымен толық анықталған. (14 бума, іс беті 31-48)» деген соттың уәжі негізсіз деп есептейміз.
Аталған 24 көрініс бойынша Сотталған Д. Ра қылмыстық іс материалдарында бар Банк выпискалары бойынша барлық қаражатты Дтың тапсырмасы бойынша түспей қалған студенттерге қайтарып беріп отырғаны Қорғаушының және Сотталушының ұстанымында айдан анық есептелініп көрініп тұр.
Сотталған Ра Д., бөлектенген іс бойынша іс бойынша куә ретенде танылған келесі азаматтардың: Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетханға қатысты олардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеуге байланысты 16.01.2025 жыл Сотталушы Сотқа және Прокуратураға Өтінішхат жолданды қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлы.
Аталған өтінішхатта және сотқа Қорғау тарапынан ұсынған материалдарда куәлар Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетханға осы қылмыстық іске қатысы бар екендігін айқындайтын дәлелдемелерді ұсынды.
Алайда сот сот отырысы барысында куәлар Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетхан іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамының бар екендігін айта келе, және жеке қаулысын шығара отырып Сотталған Ра барлық қаражатты жымқырды деген уәжі негізсіз деп есептейміз.
Іс бойынша Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарына келетін болсақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Құқығы бұзылған адам, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің - 166- бабы, Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен, адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 167-бабында Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен, қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.
Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.
Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.
Осылайша, бұл қылмыстың шынайы кінәлілері жауаптылықтан қашып жүр. Бұл қылмыстық іс оның толық болмауына және қылмыстық істі толық объективті қарауға кедергі келтірген Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарын елеулі бұзушылықтардың болуына байланысты прокурорға қайтарылуға жатады деп санаймыз.
Жәбірленушілермен берілген Азаматтық талап арыздарға келетін болсақ сот сотталған Д. Раның жәбірленушілердің ақшалай қаражатын басқа тұлғалардың банктік шоттарына аударғанын немесе оларға қолма-қол ақша бергенін де сенімді түрде анықтады. Қылмыстық әрекеттердің негізгі пайда алушылар жауаптылықтан құтылды.
Осылайша, азаматтық талаптар қараусыз қалдырылған жөн еді, өйткені айыптау актісінде басқа адамдар да нақты көрсетілген, олар да біздің ойымыз бойынша азаматтық жауапкерлер болуы керек.
Осыған байланысты неге прокурор Д. Раға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен айып тағылғанын сот ескермеді. Неліктен ол басқа адамдардың әрекеті үшін материалдық жауапкершілікті өз мойнына алуы керек, бізге түсініксіз. Осылайша, азаматтық талаптар қараусыз қалдыру қажет деп есептейміз.
Сонымен қатар, сот талқылауы барысында сот азаматтық талаптарды қарау тәртібін бұзды деп есептейміз. Сотталған Д. Ра жәбірленуші - азаматтық талапкерлердің талап арыздарының көшірмелері берілгенімен, Д. Раға азаматтық жауапкердің құқықтары түсіндірілмеген. Осылайша, сот жәбірленушілердің талаптарын іс жүзінде қарастырған жоқ, Д. Раның оған қойылатын мүліктік талаптарға ұстанымы нақтыланбаған.
Іс материалдарында жәбірленушілерді азаматтық талапкерлер деп тану туралы қаулылар жоқ. Талап-арыздар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмейді.
Қылмыстық-процестік кодексінің 167-бабының 5 бөлігі «Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады» деп талап етеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 167-бабына сай жазбаша азаматтық талапты осы қылмыстық іс бойынша тек бір ғана Жәбірленуші: С. Әсель Сафуанқызы 2 000 000 теңгеге берген және алдын ала тергеу органы қаулысымен азаматтық талапкер ретінде таныған (1-том 142-143 іс бетерінде).
ҚР ҚПК 83-бабы: Сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады делінген.
Алайда сот отырысы барысында сот хатшысы А.Н. С. өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланып әр сот отырысы аяқталысымен Жәбірленушілерден сотқа тездетіп Азаматтық талаптарын жазуды талап етіп жатқан кезін көзімізбен көріп хатшыға ескерту жасадық, бейтараптылықты ұстануды сұрап, алайда Хатшы ескертуімізді елемей әрі қарай әрбір жәбірленушіге жеке жақындап сот отырысына келмегендерге хабарласып азаматтық талап арыздарды жазуды талап еткен, содан кейін алдын ала тергеу барысында тергеу жүргізген тергеуші М.Ермек арқылы Жәбірленушілер чатына азаматтық талап үлгісін жолдаған.
ҚР ҚПК 23-бабы Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.
Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.
Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.
ҚР ҚПК 19-бабына сәйкес Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.
Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс».
Жоғарыдағы аталған мән-жайлар ҚР ҚК 53-бап: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар қатарына жатқызуға болады. Аталған кодекстің 54-бабына сай Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар іс бойынша тергеу органдарымен және қылмыстық іс материалдарымен анықталмаған.
ҚР ҚК 63-бабына сәйкес Егер сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген түйінге келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады. Шартты түрде соттауды қолдану кезінде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, кінәлі адамның жеке басын, оның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.
Анығын айтқанда Сот жаза тағайындағанда ҚР ҚК 63-бабын қолдануға мүмкіншілігі бар деп есептейміз және соттың шартты түрде жаза тағайындауына үміттенеміз. Немесе ҚР ҚК 44-бабына сәйкес Бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 3 бөлігі, 1) тармағы - ірі мөлшерде; 4) тармағы - бірнеше рет жасалған алаяқтық жасағаны үшін жаза санкциясында Сотталушының «мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, жазаланады» делінген.
Аталған баптың санкциясында көрсетілгендей жеті жыл бас бостандығынан шектеу жазасын қолдануға немесе 3 жылға бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді қолдану әділетті болар еді деп есептейміз.
Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтейтiн қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін тағайындау тәртiбiн анықтайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 46, баптарының ережелерiн және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысын қатаң басшылыққа алуы қажет делінген.
Қасақана қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып алғаш рет сотталған адамдар (еркектер мен әйелдер) жіберіледі дөп басылып айтылған.
Сот тарапынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс анықтау жазаның мақсатына қол жеткiзу үшiн маңызды және жасалған қылмыстың ауырлығын, қылмыскердiң жеке басын, оның жасы мен жынысын ескере отырып тағайындалуы керек.
Қылмыстық-процестік кодексінің 433-бабының 5) тармағында «жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады»
Қылмыстық-процестік кодексінің 438-бабының 5 бөлігінде «Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары есепке алынбай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектерден шықпаса да, бірақ өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады» деп көрсетілген. Сондықтан Д. Раға өте қатан жаза тағайындалған деп есептейміз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 433, 438 баптарына сәйкес,
СОТТАН ӨТІНЕРІМІЗ:
· Д Косаевна Раға қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 2025 жылғы 10 ақпандағы сот үкімін өзгертіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасын қолдануға немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды;
· қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді;
· Жәбірленуші-азаматтық талапкерлердің талаптарын қараусыз қалдыруды.
Қосымша: қорғау туралы хабарлама.
Ізгі ниетпен, Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Апелляциялық шағым АК
2 рет жүктеп алынды