Шағым Жоғарғы соттың Төрағасына
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының
Төрағасы Мергалиев Асламбек Амангельдинович
мырзаға
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ К мүддесі бойынша
ИИН
Түркістан облысы, М ауданы, Н Е ауылы, Ж көшесі, 12 үй.
Шағым
Құрметті Асламбек Амангельдинович,
Біздің Сізге жүгінуіміздің себебі әділетсіздік пен заңсыздықтың орын алуы байланысты болып тұр, сонымен 08 наурыз 2025 жыл Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Е-өтініш қосымшасы арқылы №0803/25 адвокаттық сұраныс жолданған болатын, онда біз 02 мамыр 2019 жыл Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша Аль-Фараби аудандық сотының судьясы Сабит Тореханов, сотталушы Махаматов Дилмурат Султанмуртовичке қатысты №5211-00-19-1/195, №5299-19-00-1а/151 қылмыстық ісін қарап заңсыз миссионерлік қызметі үшін кінәлі деп танып сот үкімін шығарған.
Сотталған Махаматов Дилмураттың әлуметтік желілерде осы күнге дейін радикалды уғыздары сақталған, аталған уағыздың біреуімен Ватсап әлеуметтік желісінде бөліскені үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен ЕРДР №255143031000056 тіркелген АЕ Канатбаевич ИИН 861106302013 қатысты қылмыстық іс тергеуде.
Тергеу барысында Е.К А Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚІЖК-нің 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтінішхатпен жүгінген адамның немесе олар ұсынатын адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін процестік әрекеттерді жүргізу немесе процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттармен жүгінуге құқылы тұлғалар.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 3-тармағының 2), 3), 6) тармақшасына сәйкес білікті заң көмегін көрсету мақсатында және 2025 жылғы "08" наурыздағы №0803/25 хабарлама негізінде Соттан:
· 02 мамыр 2019 жыл Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша Аль-Фараби аудандық сотының, сотталушы Махаматов Дилмурат Султанмуртовичке қылмыстық ісі боынша барлық сатыдаға сот актілерін ұсынуды;
· 02 мамыр 2019 жыл Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша Аль-Фараби аудандық сотының, сотталушы Махаматов Дилмурат Султанмуртовичке қылмыстық ісі боынша қылмыстық іс материалдарын электрондық пошта info@zakonpravo.kz жіберуді, немесе танысуға рұқсат беруді.
Сұраған болатынбыз, алайда Кіріс № 5241 24-5-17/3019 №5211-00-19-1/195 іс бойынша төмендегі жауап алдық онда сот «Сіздің 11.03.2025 жылғы адвокаттық сұраныс бойынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 02.05.2019 жылғы үкімімен бас бостандығынан айыруға сотталған Махаматов Дилмурат Султанмуратовичке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы жабық сот мәжілісінде өтуіне байланысты істің құжаттарының көшірмелері қылмыстық процеске қатысушылар қатарына жатпайтын тұлғаларға берілмейтінін және ол қылмыстық заңнамамен көзделмегенін назарыңызға жеткіземіз.»
Аталған Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының жауабымен келісе алмаймыз, өйткені кез келген соттың жауабы сот актілері тәрізді заңды және негізделген, анық болуға тиіс. Сонымен қатар жауап қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда заңның нормаларына негізделіп оларға сілтеме жасай отырп жауап беріліу тиіс еді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының жауабында, аталған жауаппен келіспеген жағдайда қандай кодекстің немесе заңның нормаларымен, қайда шағым жаза алатынымызды айтып түсіндіруге міндетті еді.
ҚР ҚПК 29-бабына сай Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша және басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уәжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі делінген.
Сонымен қатар осы баптың 3 бөлігінде Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.
Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамыр N 1 Нормативтік қаулысының 11 бөлігіне сәйкес Судьялар "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 39-бабында көзделген негіз бойынша ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Аталған ережеге орай заңның өрескел түрде бұзылуы деп судьяларын қасақана немесе тиянақсыздығының, салақтығының немесе заңды жете білмеуінің нәтижесінде жасалған айдан анық және айтарлықтай заң бұзушылығын түсіну керек делінген.
Сонымен қатар Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының жауабында Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатын сақтау туралы 2002 жылғы 6 желтоқсан № 25 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы – өрескел бұзылуы айдан анық көрініп, сот тарапынан заңды сақтамай “Білгенін істеп жатыр”.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 435-бабына сәйкес адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде және Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сай,
Сізден сұраймын:
· Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А.Орақбаеваның кіріс № 5241-24-5-17/3019 жауабына құқықтық баға беруіңізді;
· Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А.Орақбаеваның кіріс № 5241-24-5-17/3019 жауабында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуды;
· Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А.Орақбаеваның кіріс № 5241-24-5-17/3019 жауабын заңсыз деп танып №0803/25 Адвокаттық сұранысты қанағаттандыруды.
Құрметпен,
Адвокат: Саржанов Галымжан Турлыбекович
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жалоба на судью - на отказ в озанакомдлении с мат дела ВС РК
10 рет жүктеп алынды