Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау

Шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау


АПК-нің 501-бабының 1, 2-бӛліктеріне сәйкес татуласу келісімдерін бекіту туралы шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды, шетелдік соттардың сот бұйрықтарын, сондай-ақ шетелдік тӛреліктердің тӛрелік шешімдерін, егер осындай актілерді тану және орындау заңнамада және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта не ӛзара негізде кӛзделсе, Қазақстан Республикасының соттары таниды және орындайды.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ӛзгеше белгіленбесе, осы баптың бірінші бӛлігінде кӛрсетілген актілерді тану және орындау шарттары мен тәртібі Заңда айқындалады.

Аталған құқық нормасының сӛзбе-сӛз мазмұны осы бап: 
1) татуласу келісімдерін бекіту туралы шешімдерді, қаулылар мен ұйғарымдарды, шетелдік соттардың сот бұйрықтарын;
2) шетелдік тӛреліктердің тӛрелік шешімдерін тану және орындау үшін тараптар сотқа жүгінген кезде тараптардың құқықтық қатынастарын реттейдідеген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қорыту көрсеткендей, соттар мұндай мәлімдемелерді қарау кезінде «шетелдік сот», «шетелдік төрелік», «төрелік», «төрелік сот» ұғымдарының аражігін ажыратпайды.

Соның салдарынан соттар халықаралық нормаларды дұрыс қолданбайды.
Материалдардың кӛрсетілген санатын қарау кезінде халықаралық нормаларды (конвенциялар, келісімдер, шарттар және т. б.) дұрыс қолдану ӛте маңызды, ӛйткені сотқа қандай құжаттарды ұсыну, мемлекеттік бажды тӛлеу немесе тӛлемеу және т. б. байланысты болады.

Кейбір халықаралық нормаларда, мысалы, шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімде (Киев, 1992 жылғы 20 наурыз, бұдан әрі - келісім) мемлекет шығарған шешімді орындату туралы ӛтінішпен сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж тӛлеу кӛзделмеген (Келісімнің 8-67бабы). Аталған Келісім осы Келісімді ратификациялаған шаруашылық дауларды қарайтын шетелдік мемлекеттік соттардың шешімдеріне қатысты қолданылады.

Нью-Йорк конвенциясы мемлекеттік сот жүйесіне жатпайтын, бірақ нақты дауды шешу үшін тұрақты жұмыс істейтін немесе тӛрелік (аралық сот) түрінде коммерциялық негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының тӛреліктері де, шетелдік тӛреліктер де, аралық соттар да шығарған тӛрелік шешімдерді орындау кезінде қолданылады.

Мысалы, Мәскеу қаласының тӛрелік сотының шешімімен 2020 жылғы 2 шілдеде «ИнтерСтройСервисАктау» ЖШС-дан «Эксперт Спецодежда»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі –ЖШС) пайдасына 231 728,10 рубль ӛндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Тӛрелік соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшы шетел сотының шешімін орындату туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі – МАЭС) жүгінді.
Сот ӛтінішті қанағаттандырды. Сот ұйғарымының сипаттау бӛлігінде сот ӛтінішті қанағаттандыру туралы ӛз тұжырымдарын Нью-Йорк конвенциясымен негіздеген.

Дауды тӛрелік (аралық сот емес) емес, мемлекеттік соттар жүйесіне жататын Мәскеу қаласының тӛрелік соты қараған. Тӛрелік соттар мен тӛреліктер (аралық соттар) бірдей емес. Тиісінше, Нью-Йорк конвенциясы аталған материал бойынша құқықтық қатынастарға қолданылмайды, сот Келісімді басшылыққа алуы керек еді.

ЖШС Ақтау қаласының МАЭС-не кӛрсетілген ӛтінішпен жүгінген кезде мемлекеттік баж тӛледі.

Келісімнің 8-бабына сәйкес шешімді орындау мүдделі тараптың ӛтінішхаты бойынша жүргізіледі. Ӛтінішхатқа: шешімді мәжбүрлеп орындату туралы ӛтінішхат қозғалған шешімнің тиісті түрде куәландырылған кӛшірмесі; 
егер шешімнің мәтінінен кӛрінбесе, шешімнің заңды күшіне енгені туралы ресми құжат; процесс туралы екінші тарапты хабардар етілгені туралы дәлелдемелер; атқарушы құжат қоса беріледі.

Келісімде мемлекеттік бажды тӛлеу кӛзделмеген. Сондықтан сот мемлекеттік бажды қайтару мәселесін шешуі тиіс болатын.
Тарап Қазақстан Республикасының сотына Ресей Федерациясының тӛрелік сотының шешімін тану және орындау туралы ӛтінішпен жүгінетін және Қазақстан Республикасының соты осындай ӛтінішті қанағаттандыра отырып, ӛз тұжырымдарын Заңмен негіздейтін, ал бұл заңды бұзу болып табылатын материалдар кездеседі.

Мысалы, «Агрохим» ЖШҚ сотқа Ресей Федерациясының Новосібіроблысының тӛрелік сотының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі ұйғарымын тану және оны Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлеп орындатуды шешу туралы ӛтінішпен жүгінді.
Астана қаласының МАЭС 2022 жылғы 26 сәуірдегі ұйғарымымен ӛтініш қанағаттандырылды.

Сот ӛз қорытындыларын тӛрелік шешімнің белгіленген мерзімде ӛз еркімен орындалмағаны, ӛтініш беруші келісімге сәйкес құжаттарды қоса бергені жӛніндеуәж келтірді.
Бұл ретте сот ӛз тұжырымдарын Қазақстан Республикасының Тӛрелік туралы Заңына сілтеме жасай отырып негіздеген, алайда бұл жағдайда кӛрсетілген Заң қолданылмайды, ӛйткені Ресей Федерациясы Новосібір облысының тӛрелік соты сот органдарының жүйесіне кіреді, сот Келісімді және АПК-ні басшылыққа алуы тиіс (материал №7119-22-00-2м/398).
Осындай бұзушылықтарға осы сот №7119-22-00-2м/763, №7119-22-00-2м/417, №7119-22-00-2м/695 материалдары бойынша жол берген.

Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 27-бабына сәйкес қатысушы ӛзінің шартты орындамауын ақтау ретінде ӛзінің ішкі құқығының ережелеріне сілтеме жасай алмайды.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және тікелей қолданылады (Конституцияның 4-бабы).Сондықтан сот тӛрелігін жүзеге асыру кезінде соттар АПК-нің 427-бабының мәні бойынша соттың Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын дұрыс қолданбауы сот актісінің күшін жоюға немесе ӛзгертуге негіз болуы мүмкін екенін назарда ұстауы тиіс. Халықаралық шарттың нормасын дұрыс қолданбау соттардың қолдануға жататын халықаралық шарттардың нормаларын қолданбауы немесе қолдануға жатпайтын халықаралық шарттардың нормаларын қолданбауы немесе соттар халықаралық шарттардың нормаларын дұрыс түсіндірмеуге жол берген кезде болуы мүмкін.

АПК-де «тӛрелік» және «шетелдік тӛрелік» ұғымдарының аражігі ажыратылған. Мәселен, тӛрелік деп нақты дауды қарау үшін арнайы құрылған Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істейтін тӛрелік немесе тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік түсініледі.

Шетелдік тӛрелік деп Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және жұмыс істейтін, сондай-ақ нақты дауды қарау үшін арнайы құрылған тӛрелік немесе тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік (мысалы, Ресей Федерациясының СӚП жанындағы ХҒС және басқалар) түсініледі.

Сондықтан АПК-нің «Тӛрелік шешімді орындау» деген 20-тарауының (253-255-баптар) нормалары шешімдері ҚР-да шығарылған тӛреліктер туралы сӛз болғанда қолданылады.

Айта кету керек, АПК-нің 20-тарауының негізгі ережелері Нью-Йорк конвенциясына толық сәйкес келеді.57-тараудың (501, 503-504-баптар) нормалары шетелдік тӛрелік шығарған тӛрелік шешімнің, яғни Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орындалуын реттейді.

Шетелдік тӛреліктердің тӛрелік шешімдерін тану және орындау туралы ӛтінішті қарау кезінде соттар қолдануы тиіс негізгі құжат (атқару парағын беру туралы) – Нью-Йорк конвенциясы.
Нью-Йорк Конвенциясының 1-бабының 1-тармағында осы Конвенция тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін даулар бойынша осындай шешімдерді тану және орындау сұралатын мемлекеттен ӛзге мемлекеттің аумағында шығарылған тӛрелік шешімдерді тануға және орындауға қатысты қолданылатыны тікелей кӛзделген. Ол сондай-ақ оларды тану және орындау сұралатын мемлекетте ішкі шешімдер болып саналмайтын тӛрелік шешімдерге қолданылады.

«Тӛрелік шешімдер» деген терминіәрбір жеке іс бойынша тағайындалған тӛрешілер шығарған тӛрелік шешімдерді ғана емес, сонымен қатар тараптар жүгінген тұрақты тӛрелік органдар шығарған тӛрелік шешімдерді де қамтиды. Кӛрсетілген Конвенцияның 3-бабына сәйкес «әрбір Уағдаласушы Мемлекет тӛрелік шешімдерді міндетті деп таниды және оларды осы шешімдердің орындалуы сұралатын аумақтың процестік нормаларына сәйкес тӛмендегі баптарда жазылған шарттарда орындауға әкеледі».
ICSID Конвенциясының 54-бабының 3-тармағында тӛрелік шешімді орындау тәртібі аумағында осындай орындау сұралатын мемлекетте қолданылатын сот шешімдерін орындау туралы заңмен айқындалатыны бекітілген.«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында Қазақстан Республикасында 
халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ тӛрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалатыны кӛзделген.

Заңның 7-тарауы Қазақстан Республикасында тӛрелік шешімдерді тану және орындау тәртібін, сондай-ақ мұндай тану мен орындаудан бас тарту негіздерін реттейді.

АПК-нің 503-бабының бірінші бӛлігіне сәйкес пайдасына тӛрелік шешім шығарылған сот, тӛрелік талқылау тарабы оларды мәжбүрлеп орындату туралы:
- дауды қарау орны бойынша;
- борышкердің тұрғылықты жері бойынша;
- заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша;
- егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жерде арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

АПК-нің 503-бабының екінші бӛлігіне және Нью-Йорк Конвенциясының 4-бабына сәйкес тӛреліктің шешімін тануды және орындауды сұрайтын тарап осындай ӛтініш берген кезде сотқа:
1) тӛрелік шешімнің түпнұсқасы немесе кӛшірмесін.
2) заңда белгіленген тәртіппен жасалған тӛрелік келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған кӛшірмесін ұсынуға міндетті.

Егер тӛрелік шешім немесе келісім осы шешімді тану және орындау сұралатын елдің ресми тілінде жазылмаса, осы шешімді тану және орындау туралы сұрайтын тарап осы құжаттардың осындай тілге аудармасын ұсынады. 
Аударманы ресми немесе алқаби аудармашы немесе дипломатиялық немесе консулдық мекеме куәландырады.
Сонымен қатар, «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулының (бұдан әрі – «Сот шешімі туралы» НК) 30-тармағында шетелдік соттар мен тӛреліктерді шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы ӛтінішхатқа, әдетте:
- мәжбүрлеп орындату туралы рұқсат сұралып отырған шешiмнiң тиiсiнше куәландырылған кӛшiрмесi;
- шешiмнiң заңды күшiне енгенi туралы ресми құжат, егер осы мән-жай шешiм мәтiнiнен байқалмайтын болса;
- ӛзiне қарсы шешiм шығарылған тараптың iс жүргізу әрекетiне қабiлетсiздiгi жағдайында тараптың немесе оның ӛкiлiнiң процесс туралы тиiсiнше хабардар болғанын растайтын дәлелдемелер;
- шешiмнiң iшiнара орындалғаны туралы белгiсi бар атқару құжаты, егер осындай шешiм болған жағдайда;
- келiсiм-шарт бойынша соттылық туралы iстер жӛнiнде тараптардың осы мәселе бойынша келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркелетіні кӛрсетілген.

Осыған байланысты соттар Нью-Йорк конвенциясының ережелерін қолдануы тиіс, ӛйткені НК-нің 30-тармағында «әдетте» деген сӛз қолданылады.
АПК-нің 503-бабының 2-бӛлігінде ӛтінішке қоса тіркелуге жататын құжаттардың тізбесі ғана емес, сондай-ақ кӛшірмелерде ұсынылатын құжаттарды куәландыру нысанына қойылатын талаптар да қамтылған. Олар куәландырылуы тиіс.
Мысалы, Алматы қаласы МАЭС-нің 2022 жылғы 2 наурыздағы ұйғарымымен«Hengtian VENTURE CAPITAL Co Ltd» компаниясының (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының аумағында Қытайдың Халықаралық экономикалық және сауда тӛрелік комиссиясының (CIETAC) 2020 жылғы 29 сәуірдегі Тӛрелік шешімін мәжбүрлеп орындату және «NAZAR GLOBAL TRADE» ЖШС-дан Компанияның пайдасына берешекті және тӛрелік алымды ӛндіріп алу туралы атқару парағын беру туралы ӛтініші қанағаттандырылдыАпелляциялық сатыдағы сот аталған сот актісінің күшін жойып, материалды жаңадан қарауға жіберді.

Күшін жою негіздерінің бірі Компанияның ӛтінішке құжаттардың нотариалды куәландырылған фотокӛшірмелерін қоса бергені болды.Қолдарында құжаттардың түпнұсқалары бола тұра. ӛтініш беруші фотоғатүсірген және нотариус куәландырған кӛшірмелерін жасаған, сонымен нотариус құжаттардың түпнұсқаларының тікелей кӛшірмелерін емес, осы кӛшірмелердің фотосуреттерін куәландырған.

Осылайша, бірінші сатыдағы сот сотқа берілген ӛтініштің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігін тексермей, ӛтінішті қанағаттандырды.Мұндай жағдайларда соттың АПК-нің 152-бабының екінші бӛлігінде белгіленген тәртіппен ӛтінішті қайтаруға барлық негіздері болды.Талап етіп алдырту, тӛрелік шешімде белгілер немесе оның заңды күшіне енгені туралы анықтама талап етілмейді. Соттың мұндай нұсқаулары процестік заңнаманың бұзылғанын кӛрсетеді.

Нью-Йорк конвенциясының 3-бабына, Салық кодексінің 609, 610-баптарына сәйкес ӛтініш білдірген тарап мемлекеттік бажды тӛлеуге тиіс.

Егер мемлекеттік баж тӛленбесе немесе қажетті құжаттар қоса берілмесе, мұндай ӛтініш қабылдау сатысынан бастап АПК-нің 152-бабының екінші бӛлігінде белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс.
АПК - нің 503-бабының үшінші бӛлігіне сәйкес атқару парағын беру туралы ӛтініш актілерді ерікті түрде орындау үшін мерзім аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілуі мүмкін.

АПК-нің 503-бабының 4,5,6-бӛліктерінде белгіленген мерзімді ӛткізіп алыпберілген не қажетті құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы ӛтінішті сот қараусыз қайтарады, ол туралы ұйғарым шығарылады, оған жеке шағым берілуі мүмкін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен прокурор ӛтінішхат келтіруі кӛзделген.

Егер кӛрсетілген мерзімді ӛткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, сот атқару парағын беру туралы ӛтініш беру мерзімін қалпына келтіруге құқылы.
Мұндай ӛтінішті сот АПК-нің 126-бабына сәйкес қарайды.
Атқару парағын беру туралы ӛтінішті судья сотқа ӛтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жеке-дара қарайды.
АПК-нің 503-бабының жетінші бӛлігінде ӛндіріп алушының осы Кодекстің 501-бабының бірінші бӛлігінде кӛрсетілген актілерді мәжбүрлеп орындату туралы келіп түскен ӛтініштері туралы, сондай-ақ олардың сот отырысында қаралатын орны мен уақыты туралы сот борышкерді хабардар ететіні кӛзделген. Ӛндіріп алушыға оның ӛтініші қаралатын орны мен уақыты туралы да хабарланады. 
Борышкердің немесе ӛндіріп алушының сот отырысына келмеуі, егер борышкерден сот отырысына келе алмаудың дәлелді себептерін кӛрсете отырып, ӛтінішті қарауды кейінге қалдыру туралы ӛтініш түспесе, ӛтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.
Ӛтінішті қарау нәтижелері бойынша сот атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиіс.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • _3C22~1
    82 рет жүктеп алынды

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты төрелік тал...

Толық оқу »

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

501-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Татуласу келісі...

Толық оқу »

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау

503-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындау1. Е...

Толық оқу »

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

482-бап. Шет мемлекеттің төрелiк талқылауға қатысты иммунитеттен бас тартуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Егер шет мемлекет туындаған немесе болашақ...

Толық оқу »

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

1958 жылғы Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы...

Толық оқу »

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Егер осы Кодек...

Толық оқу »

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат Төрелік туралы Заңы

53-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешімнің күшiн жою туралы өтiнiшхат Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнам...

Толық оқу »

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралы

Негізгі нормативтік құқықтық актілер төрелік шешімдерді тану, орындау және олардың күшін жою туралыҚазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (бұдан әрі -...

Толық оқу »

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

14-бап. Халықаралық төрелік орталығы "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында...

Толық оқу »

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау

501-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін тану және орындау1. Б...

Толық оқу »

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты

Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішті қарау кезінде қабылданған шешімнің заңдылығын бағалау және оны мәні бойынша қайта қарау арқылы өз құзыретінен тыс шықты"J" компа...

Толық оқу »

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтініш

Астана қаласының төрелік сотына төрелік шешімнің түпнұсқасын беру туралы өтінішАстана қаласының төрелік сотыБСН: 160640012709Қазақстан Республикасы Астана қ., Гейдар к-сіӘлиев...

Толық оқу »

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы

57-бап. Төрелiк шешiмдi танудан және (немесе) орындаудан бас тарту Төрелік туралы Заңы      1. Сот мына негiздер бойынша:      1) өзіне қарсы төрелік шешім қабылданған тарап с...

Толық оқу »

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алу Төрелік туралы Заңы

56-бап. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатумен байланысты шығыстарды өндіріп алуТөрелік туралы Заңы      Төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмд...

Толық оқу »

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуы

482-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік талқылауына қатысты шет мемлекеттің иммунитеттен бас тартуыЕгер шет мемлекет төрелікте...

Толық оқу »

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктері

Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатпен, атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінген адамдардың өкілеттіктеріТөрелікте талап қою және дауды шешу кезінде өкілдерді...

Толық оқу »

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдері Төрелік туралы Заңы

35-бап. Істі төрелік талқылауға дайындау, дауларды қарау және шешу мерзімдеріТөрелік туралы Заңы      1. Егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзге мерзім белгіленбе...

Толық оқу »

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттер жасалған жағдайда ғана жария тәртіпті бұзады деп танылуы мүмкін

Төрелік шешімге дау айту төрелік шешім оны орындау нәтижесінде заңмен тікелей тыйым салынған не мемлекеттің егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ірі әлеуметті...

Толық оқу »

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындау Төрелік туралы Заңы

54-бап. Қазақстан Республикасында төрелiк шешiмді тану және орындауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелiк шешiм мiндеттi деп танылады және сотқа жазбаша арыз берiлген кезде Қазақ...

Толық оқу »

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасына

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасынаНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі еке...

Толық оқу »

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау Төрелік туралы Заңы

51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарауТөрелік туралы Заңы      1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан а...

Толық оқу »

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау

253-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің төрелік шешімін мәжбүрлеп орындау1. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде өз еркімен ор...

Толық оқу »

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiм Төрелік туралы Заңы

50-бап. Төрелік шешiмдi түзету және түсiндiру. Қосымша төрелік шешiмТөрелік туралы Заңы      1. Егер тараптар келісімімен немесе регламентте өзге мерзiм белгіленбесе, төрелiк...

Толық оқу »

Сырттай төрелік шешім

Сырттай төрелік шешім Тӛреліктердің сырттай тӛрелік шешім шығаруы бар. Заңда сырттай тӛрелік шешім деген ұғым жоқ, бірақ тиісті түрдехабарланған жауапкер болмаған кезде дауды...

Толық оқу »

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері

Борыш сомасын өндіріп алу туралы даулар | төрелік сот шешімінің күшін жою | төрелік даулар бойынша заң қызметтері02.09.2016 жылы төреші С. Е. Есеновтың құрамында, төрелік отыр...

Толық оқу »