Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Сотқа дейінгі реттеу шеңберіндегі сотқа дейінгі талап

Сотқа дейінгі реттеу шеңберіндегі сотқа дейінгі талап

Сотқа дейінгі реттеу шеңберіндегі сотқа дейінгі талап

 

 

"Астана медицина университеті" Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамына

БСН 080940008218

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, көшесі Бейбітшілік, ғимарат 49А.

+7 700 153 94 47.

 

Білім алушы: СТҚарабекқызы

ЖСН ....

Сенімхат бойынша өкілі:

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Алмалы  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz    www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.

 

 

СОТҚА ДЕЙІНГІ НАРАЗЫЛЫҚ

 

2022 жылы 31 сәуірде  «Астана медицина университеті» ҚеАҚ-тің (әрі қарай – Университет) СТҚарабекқызынын СТҚарабекқызын (әрі қарай – студент) арасында №7.4-21-1602 білім беру қызметін көрсету туралы шарты жасалған (әрі қарай – шарт).

2025 жылғы 31 наурызда яғни студенттің 4 курсында иммунология пәні бойынша емтихан тапсыру барысында студент шпаргалка қолданғаны үшін ұсталған. Аталған факт студенттің тарапынан жоққа шығарылмайды.

2025 жылғы 10 сәуірде Университетінің тәртіптік кеңестің отырысы өткізіліп, №6 хаттама рәсімделген. Тәртіптік кеңес отырысының нәтижелері бойынша студентке тек академиялық адалдық қағидаларын бұзу ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып, оны университеттен оқудан шығару туралы ұсыныс енгізілген.

Осы ұсыныстың негізінде Университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың 2025 жылғы 15 сәуірдегі №489-с/жс бұйрығы шығарылып, студентті университеттен оқудан шығарылған.

Алайда аталған шешімнің заңдылығы мен негізділігіне қатысты бірқатар күмәнді мән-жайлар бар.

Біріншіден, студент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылғанымен, нақты қандай материалдық құндылықтар немесе ақша қаражаты берілгені туралы дәлелдер ұсынылмаған. Студенттің тарапынан университет қызметкерлеріне ақша қаражатын, сыйлық немесе өзге де материалдық құндылықтарды беру фактісі болмаған.

Екіншіден, заңгерлік сұрау арқылы танысқан материалдарды зерделеу отырып, бұйрықты негіздейтін, яғни нақты студенттің конверт ұсыну фактісі нақты дәлелмен тіркелмеген, тек дәлелсіз айтылған. Бұл университеттің өз ішкі нормативтік актілерінің талаптарына және академиялық адалдық қағидаларына қайшы келеді.

Үшіншіден, Университеттің Академиялық адалдық кодексіне сәйкес академиялық адалдықты бұзу жағдайларын тіркеу және қарау тәртібі нақты регламенттелген. Атап айтқанда, емтихан немесе аралық бақылау барысында бұзушылық анықталған жағдайда тиісті акт жасалып, мәселе белгіленген рәсімдерге сәйкес қаралуы тиіс. Алайда осы рәсімдердің толық сақталғаны туралы мәліметтер студентке және заңгерлік сұрау жасаған өкілге ұсынылмаған.

Төртіншіден, тәртіптік жаза қолдану кезінде пропорционалдылық қағидаты сақталуы тиіс. Университеттің тәртіптік кеңесінің 2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығындағы тәжірибесіне сәйкес шпаргалка қолданған 80-нен астам студент пәнді жазғы семестрде қайта оқуға жіберілген және оқудан шығарылмаған. Осыған қарамастан, студентке қатысты ең қатаң жаза – оқудан шығару қолданылған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 43-бабына сәйкес білім беру ұйымдары білім алушылардың құқықтарын сақтау және білім беру процесінің заңдылығын қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, білім алушыларды оқудан шығару мәселесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 41-тармағымен реттеледі. Аталған тармаққа сәйкес білім алушы тек нақты көрсетілген негіздер бойынша, атап айтқанда академиялық үлгермеушілік, академиялық адалдық қағидаттарын бұзу, ішкі тәртіп қағидаларын бұзу, шарт талаптарын бұзу немесе өз еркімен ғана оқудан шығарылуы мүмкін.

Осыған байланысты, студентке «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады» деген негіз бойынша оқудан шығару аталған 41-тармақта көзделмеген, ал мұндай ауыр айыптың дәлелденбеуі жағдайында оқудан шығару туралы бұйрықтың заңдылығы күмән тудырады.

Жоғарыда көрсетілгенге байланысты,

Сізден:

·         «Астана медицина университеті» ҚеАҚ-тің тарапынан СТҚарабекқызын оқудан шығару туралы 2025 жылғы 15 сәуірдегі №489-с/жс бұйрықтың қүшін жоюды және СТҚарабекқызын оқуға қайтаруың сұраймыз.

 

 

Құрметпен,

Сенімхат бойынша өкілі:                                                                                         И.М. Кеңесбек

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу