Сотқа өтінішхат сот сараптамасын тағайындау туралы
Мақтаарал аудандық сотының судьясы
Е.Б.Сламбековқа.
БИИ
Мақтаарал ауданы,
Мақтарал ауылдық округі,
.... №49 үй
ЖСН: ...
Сенімді өкілі: Т.С.Ши.
Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, А.М. көшесі № үй
ЖСН: ..
Тел: 8-701-...
Ө Т І Н І Ш
Сіздің өндірісіңізде талап қоюшы Э. Х. А. жауапкер БИИтен мүлікке келтірілген залалды өндіру туралы №5143-26-00-2/1967 санды талап қоюы қаралу сатысында.
Осы іс бойынша қабылданған Сот сарапшысының қортындысымен келіспеймін. Себебі даулы үй 1957жылы салынға.Сондықтан талап қоюшының үйінің техникалық жағдайы,табиғи тозуына қарай есептелінбеген.Үйді қалпына келтіру құны жоғары бағаланған.
Жауапкердің үйі жартылай бұзылған.Үйдің талап қоюшы жағындағы бөлігі бұзылмаған.Сараптамашымен жауапкердің үйінің бұзылған бөлігі талап қоюшының үйіне қаншалықты әсер еткені анықталмаған.
Сот сарапшысына төмендегі сұрақтарды қойып мән-жайды анықтауға:
1.Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтарал ауылдық округі, Әль-Фараби елді мекені,Тауелсіздік көшесінде орналасқан №51 үйге зақым барма, егер зақым болса үйді бұзғандықтан болдыма, әлде үйдің ескілігіненбе (табиғи тозуынанба, үй 1957жылы салынғын) болдыма.
2.Бұзу жұмыстарына дейін және одан кейін екінші пәтердің біріктігін, кауіпсіздігін тексеруді.
3.Түркістан облысы Мақтаарал ауданы,Мақтарал ауылдық округі,Тәуелсіздік көшесінде орналасқан №51 үйге(егер шығын бар болса) келген шығынның нақты материалдық құнын есептеуді.
Баяндалғандардың негізінде сот сараптамасын тағайындап, жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша сот сараптамасын өткізуді Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары иниституты РМҚК мекемесіне жолдауыңызды сұранам.
Қосымша: сенімхат, куәлік.
Өтініш иесінің сенімді өкілі: ____________ C.Т.
ЭЦҚ арқылы қол қойылды
22.09.2026 жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы