Соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
АППК-нің 127-бабының қағидаларына сәйкес ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
АППК-нің 171-бабы төртінші бөлігінің күшіне сәйкес соттың ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымын орындамау қайтадан ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады.
АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабына және АППК-нің 18-бабына сәйкес сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
АППК-нің 28, 29, 127 және 138-баптарының күшіне сәйкес әкімшілік процеске қатысушылар процестік міндеттерін орындауына немесе орындамауына байланысты процестік салдардың туындау тәуекелін көтереді.
АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолдану сот ісін жүргізудің заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру сияқты міндетін іске асыруға ықпал етеді (АППК-нің 1-бабының үшінші бөлігі және АПК-нің 4-бабы).
Соттың процестік құқықтарды теріс пайдалану фактілері анықталған кезде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолдану құқығы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі қағидатынан туындайды және әкімшілік сот төрелігі мәнмәтінінде сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті соттың дискрециялық өкілеттіктерінің бір көрінісі болып табылады.
АППК-нің 127-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерін орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелерді ұсыну, тапсырмаларды сот белгілеген мерзімді дәлелді себептерсіз бұза отырып орындау әкімшілік істі қараудың созылуына әкеп соққан жағдайларда, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін 10 АЕК мөлшерінде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУ қолдануға құқылы.
Сот шешімін, тараптардың татуласу, медиация туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту жөніндегі сот ұйғарымын орындамағаны үшін сот жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолданады және осы сот актісінде оны орындауға жататын, бір айдан аспайтын мерзімді көрсетеді (АППК-нің 127-бабы 5-бөлігі).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы