Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Нормативтік қаулысы.

Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Нормативтік қаулысы.

  •       Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі заңнаманы дұрыс қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірме беруге қаулы етеді.

  •       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Бұл ретте соттар Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 3, 4-тармақтарында және салық заңнамасында тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы болатын жағдайлар да көзделгенін ескеру қажет. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабының 1-тармағына сай дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

  •       бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

  •       жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  •       қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

  •        Салық кодексінің 774-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дара кәсіпкерлер ретінде тіркелуге жатпайды, сондықтан олар Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

  •        Қызметтерді немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру үшін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген қызмет түрлерінің, іс-әрекеттерінің (операцияларының) тізбесі толық болып табылады және кең мағынада түсіндірілмейді.

  •       Рұқсат беру тәртібі тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастағанға дейін тиісті санаттағы (бірінші немесе екінші) жарамды рұқсатының болуы қажет.

  •        Хабарлама жасау тәртібі қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның осы тәртіп туралы хабарлама қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетіне негізделеді.

  •        Соттар рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі қызмет немесе іс-әрекеттер басталғанға дейін сақталуы тиіс екенін, кейіннен рұқсатты алу немесе хабарламаны жүзеге асыру адамды ҚК-нің 214-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатпайтынын ескеруі керек.

  •        Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 26-бабына сәйкес Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 26-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер рұқсат беруші орган оларды беруді кешіктірсе, берілген деп саналады.

  •        Лицензиат рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабының лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы талаптарын орындамаған жағдайда ҚК-нің 214-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды

  •       Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.

  •        Банктің ресми мәртебесі жоқ заңды тұлға "банк" деп аталуы мүмкін емес немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды. Сонымен бірге Банктер туралы заңның 5-бабына сәйкес банк болып табылмайтын заңды тұлға уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

  •        Коллекторлық қызмет туралы заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлға коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз атауында "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді пайдалануға құқылы емес.

  •        Коллекторлық қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлға Коллекторлық қызмет туралы заңның 7-бабында белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге тиіс.

  •       Тыйым салынған қызмет түрлері деп онымен айналысқаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылық белгіленген қызмет танылады.

  •        Егер адам кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысса, мысалы, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сақтағаны, тасымалдағаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін туындайды, оның жасаған әрекеті ҚК-нің 214-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

  •        Ірі залал, кірістің ірі мөлшері немесе аса ірі мөлшері, тауардың едәуір мөлшері ҚК-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде қолданыста болған редакциясының 3-бабына сәйкес анықталады.

  •        Жеке тұлғаның мүліктік кірісін анықтау кезінде Салық кодексінің 330-бабы 1-тармағының ережелерін басшылыққа алу керек.

  •        Бұл ретте заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды шегерместен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынған ақша қаражатының бүкіл сомасы немесе басқа мүліктің құны кіріс болып табылады.

  •        Акцизделетін тауарлар тізбесі Салық кодексінің 462-бабында белгіленген.

  •        ҚК-нің 322-бабында көзделген салдарлар болмаған кезде заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет, егер бұл қызмет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге әкеп соқса не ірі немесе аса ірі мөлшерде кіріс алумен не акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан жағдайда, ҚК-нің 214-бабының тиісті бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

  •        Егер көрсетілген қызмет ҚК-нің 214-бабында, сондай-ақ ҚК-нің 322-бабында көзделген салдарларға әкеп соқса, онда кінәлі адамның әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.

  •       Қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы қылмыстық істерді қараған кезде жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып бергені дәлелденуі тиіс. Сот жеке кәсіпкерлік субъектісінің тиісті активтердің, ғимараттардың, көлік құралдарының меншік құқығында немесе жалға алу негізінде және басқа негіздермен, материалдық және еңбек ресурстарымен, оларсыз жұмыс істеу және қызмет көрсету мүмкін емес екендігінің дәлелдерін зерделеуге міндетті. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісі мердігерді тарту арқылы қызмет көрсететін болса, тікелей орындаушының осындай қызметтерді көрсетуі туралы дәлелдемелер мен мәліметтер тексеріліп, бағалануға жатады.

  •       Егер мәміленің нысанасы тауар болып табылса, онда оның өндірілгенін немесе үшінші тұлғалардан сатып алынғанын растайтын құжаттарды соның ішінде тауарды сатып алғаны және өткізгені үшін төлемақы жүргізілген құжаттарды зерттеген жөн. Зерттеу және бағалау нысаны, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде көлік шығындарын растайтын құжаттар болуы мүмкін.

  •        Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын және ҚК-нің 216-бабында көзделген әрекетті жасауға қатысқан адам тиісінше оны ұйымдастырушы, айдап салушы не көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

  •       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Бірнеше жалған шот-фактураларды әртүрлі контрагенттерге жазып берген және қылмыстық қудалау органы осы әрекеттерді бір жалғасқан қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралаған кезде, соттар кінәлі адамның әрекетінде бірыңғай пиғылдың болған-болмағанын тексеруі тиіс. Егер көрсетілген әрекеттердің жасалуы бірыңғай пиғылмен байланысты болмай және бірнеше ретті құраса, онда әрбір контрагентке қатысты залалдың сомасы ҚК-нің 3-бабының 38-тармағында көрсетілген мөлшерге жетпесе, сотталушының әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралануға жатады.

  •        Бірыңғай пиғылмен байланысты емес екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстық құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған болып саналады және ҚК-нің 216-бабы екінші бөлігінің 1-тармағымен саралануға тиіс.

  •       Төленбеген салықтардың және басқа да міндетті төлемдер сомасы дәлелдемелер жиынтығының негізінде, оның ішінде салықтық тексеру актісімен, маманның (сарапшының) қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен анықталады.

  •        Егер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке кінәлі адамдарға байланысты емес мән-жайлар бойынша ірі немесе аса ірі залал келтіру түріндегі салдарлар келтірілмесе, онда жеке кәсіпкерлік субъектісінде жалған шот-фактура жазып беру кезінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі немесе аса ірі залал келтіре отырып, мүліктік пайда алу мақсатының болуына дәлелдемелер болған кезде, оның әрекеті ҚК-нің 216-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға оқталуды құрайды.

  •        Бұл ретте соттар "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысының 3-тармағында қамтылған кінәлі адамның өзі заңсыз иелікке түскен бөтеннің мүлкіне қалауы бойынша билік етуі (сатуы немесе басқа адамдарға тегін беруі, бүлдіруі, бөлшектеуі, жоюы және т.б.) қылмыстық құқықтық бұзушылықтың жеке құрамын құрамайды және қосымша саралауды қажет етпейді деген түсіндірмелерді басшылыққа алуы қажет.

  •       Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға қатысатын адамдарды жауаптылыққа тарту үшін олардың қатысуымен қаржылық операция немесе өзге де мәміле, сондай-ақ кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшамен немесе басқа мүлікпен жүзеге асырылатындығын білуі және осындай әрекеттерді жасауға ниет білдіруі керек.

  •       Қаржы операциялары мен басқа мәмілелерді қылмыстық жолмен алынған ақшамен немесе өзге де мүлікпен жасау үшін арнайы мақсаттың болуы, аталған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге заңды сипат беру қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.

  •       Бұл ретте қаржылық операциялар мен мәмілелер заңдастырылатын ақша мен өзге де мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысын кінәлі адам үшін көрінеу жасырады, мүлікті қылмыстық жолмен иемдену фактісін жасыруға және оның ашық айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.

  •       Кредитті, дотацияны заңсыз алу туралы істерді қарау және кредитті, дотацияны не кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алу үшін көрінеу жалған мәліметтердің елеулі мәні болған-болмағаны туралы мәселені шешу кезінде адамда кредиторға берілген шындыққа жанасатын басқа да мәліметтердің негізіндегі жалған мәліметтерді берместен алудың шынайы мүмкіндігі болған-болмағанын анықтау қажет.

  •       Егер сот кредит алу үшін шындыққа сәйкес келетін мәліметтер жеткілікті дәрежеде ұсынылғанын анықтаса, онда басқа да жалған мәліметтермен қатар беру кредитті заңсыз алу құрамын құрамайды.

  •        ҚК-нің 219-бабының екінші бөлігі бойынша бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

  •        Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 12-бабының 3-тармағына сәйкес бюджеттік кредиттер – бұл бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша болып табылады, тиісінше ҚК-нің 219-бабының екінші бөлігі бойынша істерді қарау кезінде сот кредиттеу көзін анықтауға міндетті.

  •        Дара кәсіпкер немесе ұйым басшысы ҚК-нің 219-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып табылады.

  •        ҚК-нің 219-бабында көзделген әрекеттер заңсыз алынған кредитті не нысаналы мақсатсыз пайдаланылған бюджет кредитін қайтару фактісіне қарамастан, осы бапқа ескертпеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

  •        ҚК-нің 219-бабына қатысты залал деп алынған кредит қаражаты мен банк сыйақыларының сомасын түсіну керек.

  •       Көрінеу жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды өткізу оларды тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде, сондай-ақ айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру, зиянды өтеу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау кезінде және оларды азаматтық айналымға енгізудің өзге нысанында төлем құралы ретінде пайдаланудан тұрады.

  •        Көрінеу жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды бөтеннің мүлкін заңсыз иелену мақсатында жасалған өткізуді ҚК-нің 190 және 231-баптарында көзделген қылмыс құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралау қажет.

  •        Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену кезінде кәдесыйларды, медальондарды, ашық хаттарды, көркемдік, фотосурет кескіндемелерін және ақша белгілері немесе бағалы қағаздар түрінде орындалған өзге де бұйымдарды алдау құралы ретінде пайдалану алаяқтық ретінде сараланады.

  •       Шын ақша купюралары мен бағалы қағаздардан өзгерістері анық байқалатын жалған банкноттар мен бағалы қағаздарды пайдалану арқылы, бөтеннің мүлкін иеленген адамның әрекеті де алаяқтық ретінде саралануға жатады.

  •        экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімді;

  •        бейрезидент міндеттемелерін орындамаған немесе толық емес орындаған жағдайларда, импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент бейрезиденттің пайдасына аударған ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызуды білдіретіндігін ескеруі керек.

  •       Валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік банктердің филиалдары уәкілетті банктер болып табылады.

  •       Төленбеген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы дәлелдемелердің жиынтығы негізінде, оның ішінде салық пен міндетті төлемнің түріне және оларды төлеу мерзімдеріне қарамастан, төленбеген бүкіл кезең үшін жалпы соманы енгізе отырып, салықтық тексеру актісімен, маманның (сарапшының) қорытындысымен және басқа дәлелдемелермен анықталады.

  •       Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару декларацияны өткізу міндетті болса да декларацияны өткізбеу, не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы жасалады.

  •        Жалған шот-фактураларды жазып берген және (немесе) олар бойынша ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған адамды ұстау кезінде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізуді талап ететін, құжаттарды жасыруға немесе жоюға әкеп соғуы мүмкін басқа да жағдайларда қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шегінде қылмыстық процесті жүргізетін орган ҚПК-нің 122-бабының екінші бөлігіне сәйкес атына жалған шот-фактуралар жазылған тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізуге, маманды тартуға не сот-экономикалық сараптаманы тағайындауға құқылы.

  •       Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  •        Заңсыз сыйақы алу туралы істер бойынша (ҚК-нің 247-бабы) кінәлі адамның сыйақы ретінде алған ақшасы мен өзге де мүлкі сотталғанның міндеттеріне кірмейтін жұмысқа немесе қызмет көрсетуге ақы төлегенін қате пайымдаған жағдайларда олардың иесіне қайтарылуға жатады.

  •       Заттай дәлелдемелер деп танылған ақша мен өзге де құндылықтар, ол олар берілгенге дейін тиісті органдарға одан заңсыз сыйақыны қорқытып алушылық туралы мәлімдеген жағдайда, олардың иесіне қайтарылуға жатады.

  •        ҚК-нің 231-бабында көзделген істер бойынша жалған ақша және бағалы қағаздар түріндегі заттай дәлелдемелер міндетті түрде жойылуға жатады. Жекелеген үлгілер тиісті сараптама мекемелеріне және құқық қорғау және арнаулы органдардың уәкілетті бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың өтінішхаттары бойынша, сараптама және өзге де зерттеулер жүргізу үшін қажетті дерекқор жасау үшін берілуі мүмкін.

  •        1) "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы;

  •        2) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 13-тармағы;

  •        3) "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысы;

  •        4) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы.

  •       Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының ТөрағасыЖ. Асанов
          Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының судьясы,жалпы отырыс хатшысыГ. Әлмағамбетова
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы