Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысы

Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысы

  •       Мемлекеттік сатып алу туралы дауларды қарау кезінде сот практикасында туындаған мәселелерге байланысты заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді:

  •        Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар Заңды, ал Заңмен реттелмеген мәселелер бойынша – АК-нің, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК), "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) нормаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуы қажет. Соттардың өнім берушіні таңдау және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК-нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туындайтын, АПК-нің нормаларына сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.

  •        Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Конституцияның 4-бабының 3-тармағына сәйкес Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады.

  •       Орындалатын орны көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан туындайтын талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша АПК-нің 30-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.

  •        Заңның 24-бабының 1-тармағына, 38-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді (баға ұсынысын) беру конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні көрсетілген тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша шарттың орындалатын жері бойынша да берілуі мүмкін.

  •        Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ өткізілген мемлекеттік сатып алуды тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  •        Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта бірлесіп қарауға жатады.

  •       Мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейді.

  •       Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қарауына жатады.

  •        Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қарауына жатады.

  •        Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қарауына жатады.

  •       Бұл мерзімдер түпкілікті болып табылады, осы мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

  •       Барлық Үлгілік шарттарда мазмұны бірдей "Даулы мәселелерді шешу" бөлімі көзделген, оған сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін бар күш-жігерін салуы тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

  •       Тараптар Үлгілік шартқа осы талаптардың негізінде қол қойып, дауды сотқа дейін реттеудің көзделген тәртібін сақтайды.

  •       Демек, талап қою кезінде талап қоюшы дауды сотқа дейін алдын ала реттеудің шартта көзделген тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттарды қоса тіркеуге міндетті.

  •        Дауды сотқа дейін алдын ала немесе соттан тыс реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын тиісті дәлелдемелердің болмауы АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының негізінде талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

  •       Осы ережелер әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қойылатын талаптарға қолданылмайды.

  •       Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу тәртібі Қағидаларда реттелген. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта тауарды жеткізу мерзімдерін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушіден өнім беруші міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасының 0,1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) деген норма қамтылған. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс. Барлық Үлгілік шарттарда ұқсас талаптар бар. Шартқа қол қойылғаннан кейін осы талаптар Тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады және Тапсырыс беруші төленуге жататын шарт сомасынан тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға құқылы. Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінгенге дейін Тапсырыс беруші дау айтылып отырған мәселелерді шешу тәртібі туралы шарттың талаптарын ескере отырып, дауды алдын ала сотқа дейін реттеу тәртібін сақтауы қажет. Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген кезде Тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын дербес ұстап қалуына кедергі келтіретін мән-жайларды көрсетуге міндетті.

  •        Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне шағымдану туралы әкімшілік талап қоюларды қарау кезінде соттар мемлекеттік сатып алу жеңімпазының шартқа қол қою міндетін белгілейтін Заңның 43-бабы 3-тармағының талаптарын негізге алуы тиіс.

  •       Шартқа қол қойылмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші оған қол қою үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдағанын, бірақ объективті, оның еркіне байланысты емес мән-жайларға байланысты оған қол қоя алмағанын дәлелдеуге тиіс.

  •        Соттар осы фактіні біліктілік талаптары бойынша құжатты (құжаттарды) ұсынбаудан не тиісті түрде ресімделмеген құжатты (құжаттарды) ұсынудан айыра білулері қажет, бұл Заңның 10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға негіз болып табылады.

  •        Заңның 9-бабының 6-тармағына сәйкес 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптары – әлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.

  •        Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуға ниеттенген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартатын әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімдерді берген кезде берілетін мәліметтердің, оның ішінде қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша да анықтығы үшін жауапты болады. Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) анық емес ақпарат берген жағдайда, әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші де Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуға жатады.

  •       Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші:

  •       1) біліктілік талаптары бойынша;

  •        2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсынған кезде Заңның 11-бабы 1-тармағының негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылуы мүмкін.

  •       Мұндай жағдайларда біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттарға қатысты кез келген анық емес мәліметтер өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін негіз болып табылады.

  •       Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттарға: әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы; төленген салықтардың көрсеткіштері туралы; тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар жатады.

  •       Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар және оларды есептеу Қағидаларда айқындалады.

  •       1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

  •       2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

  •       Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

  •       Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс.

  •       Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберу және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қою қажеттігі туралы хабарлама бойынша өзіне жүктелген міндетті орындамауы уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қоюды шарт жасасудан жалтару негізі бойынша қанағаттандыру үшін негіз болып табылады.

  •       Уәкілетті органның шарт жасасудан жалтару негізі бойынша әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы бұйрығының күшін жою туралы әкімшілік талап қою әлеуетті өнім берушіден:

  •       шарт жасасудан жазбаша бас тарту;

  •       шарттың елеулі талаптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар;

  •       орындалуы мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде көрсетілген талаптармен тапсырыс берушіге шартты жасасуға кедергі келтіретін өзге де жазбаша өітініштер түскен жағдайларда қанағаттандыруға жатпайды.

  •        Заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта көрсетілген сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамаларының сипаттамасындағы Тапсырыс беруші жасасуға ұсынған шарт жобасының нақты талаптарына сәйкес келмеуі әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан босатады және әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтару негізі бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуді болдырмайды.

  •       Соттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс негізінде туындайтын дауларды қарау кезінде сатып алу жалпы негізбен жүзеге асырылған даулардан болатын осы ерекшеліктерді ескергендері жөн.

  •        Уәкілетті органның шешімі негізінде Заңның 12-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шеңберінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

  •       Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ерекше тәртіпті қолдана отырып жүргізілген конкурс бойынша деректер қамтылмағандықтан, шарт жасасудан жалтарған кезде осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюлар сот тәртібімен қаралады.

  •       Электрондық депозитарийді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қалыптастырады.

  •       Әлеуетті өнім берушілердің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы беріледі.

  •       Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.

  •       Мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган электрондық депозитарийге олардың анықтығы расталғаннан кейін енгізеді.

  •       Қағидалардың 96 және 101-тармақтарында көрсетілген уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдеріне әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шағым жасалады.

  •        Заңның 31, 50-баптарында және 51-бабының 6-тармағында көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптерін қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  •        Заңның 45-бабында шарт жобасына не жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу негіздері көзделген.

  •        Заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарт сомасының ұлғаюы мүмкін екендігі көзделген.

  •        Заңда және АК-нің 654, 655-баптарында көзделген шартқа және жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тәртібінің сақталмауы мердігерді тапсырыс берушіден орындаған қосымша жұмыстарына ақы төлеуді талап ету құқығынан айырады.

  •       Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер оның қолданылу кезеңінде енгізілуі мүмкін, өйткені АК-нің 386-бабына сәйкес шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеп соғады.

  •       Конкурсқа қатысушының толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынуы, конкурстық комиссияда қатысушы туралы мәліметтерді сұрату мүмкіндігінің болуына қарамастан, өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.

  •       Демпингтік бағаны айқындау тәртібі Қағидалардың 16-тарауында регламенттелген.

  •       Демпингтік бағаны айқындау кезінде тапсырыс беруші құжаттаманы дайындауға, сараптама жүргізуге және құрылысқа техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыруға жұмсаған сомаларды есепке алмай, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін конкурсқа қатысушы ұсынған бағаны негізге алу қажет.

  •       Шартты жеңілдікті есептеуді (оның ішінде Қағидалардың 243-тармағы бойынша) консорциумға қатысушыға емес, әлеуетті өнім беруші болып табылатын консорциумға қатысты қолданған жөн.

  •       Қағидалардың 245-тармағының ережелерін ескере отырып, сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты жеңілдікті есептеу әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің құрамында ұсынылған құжаттардың негізінде ғана жүзеге асырылады.

  •       1) уәкілетті органға;

  •       2) сотқа шағым жасауға құқылы.

  •        Талап қоюшының істердің осы санаты үшін Заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтауы міндетті болып табылады, олай болмаған жағдайда талап қою ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қайтарылуға жатады.

  •        Мемлекеттік аудит туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқаманың шығарылуы қаржылық бақылаудың ден қою шаралары болып табылады.

  •       Нұсқама бақылау объектісіне бұзушылықтарды жою бойынша және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы міндетті жүктейді, осыған орай арыз беруші ӘРПК-де көзделген тәртіппен тікелей сотқа шағым жасай алады.

  •       Қазақстан Республикасы

     

     

    Жоғарғы Сотының Төрағасы

    Ж. Асанов

          Қазақстан Республикасы

     

    Жоғарғы Сотының судьясы,

     

    жалпы отырыс хатшысы

    Г. Әлмағамбетова
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы