ТАЛАП ҚОЮҒА ПІКІР
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына
талап қоюшы: Аа Га Тна
ЖСН ....
тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай
ауданы,... ауылы, ... уч. кв., ұялы телефоны: +7 775 ...
жауапкер: «СА» ЖШС, директоры За А.М. атынан
БСН ...
Алматы қаласы, С. даңғылы, ... үй
сенімхат бойынша жауапкердің өкілдері:
адвокат Саржанов Г.Т., тел. 87085785758,
адвокат Нигметов С.Д., тел. 87009785755
ТАЛАП ҚОЮҒА ПІКІР
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының іс жүргізуінде Аой Г.Т.-ның «СА» ЖШС-не материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша №7520-25-00-2/18521 азаматтық іс қаралуда.
Талап қоюшының талап қою талаптарын мойындамаймын.
260 000 теңге мөлшерінде көрсетілген қызмет үшін төленген соманы өндіріп алу туралы талапқа қатысты.
Тісті имплантациялау қызметі тістерді имплантациялау саласындағы халықаралық ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Талап қоюшы сотқа ұсынған рентгенологиялық суретте тіс қатарының қандай да бір ақаулары мен кемшіліктері анықталмаған.
Талап қоюшының санитариялық нормалардың бұзылғаны, ассистенттердің құралдарды түсіріп алғаны, сондай-ақ дәрігердің қажетті материалдарды іздеу үшін кабинеттен шығып кеткені туралы уәждері шындыққа сәйкес келмейді.
Қатты ісіну, жазылмайтын жара, сау көршілес тістің ауыруы түріндегі салдардың болғаны ешбір дәлелмен расталмаған. Көршілес тістің түбірінің зақымданғаны да расталмаған.
Бас ауруы, артериялық қысымның жоғарылауы, бас айналу, жүрек айнуы, беттегі көгеру, тамақтанудың бұзылуы және толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауы тісті имплантациялаумен себеп-салдарлық байланыста емес және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдер жоқ.
Талап қоюшыға дәрігер импланттың 100 пайыздық жағдайда бітіп кетуіне кепілдік берілмейтіні туралы алдын ала ескертілген.
Осылайша, тісті имплантациялау қызметі үшін төленген ақшалай қаражат қайтарылуға жатпайды.
Кейінгі емделуге жұмсалған 3 000 000 теңге мөлшеріндегі шығындарды өндіріп алу туралы талапқа қатысты.
Аталған талап негізсіз болып табылады және қанағаттандырылуға жатпайды.
3 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талапқа қатысты.
Аталған талап негізсіз болып табылады және қанағаттандырылуға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әрбір дәлелдеме оның іске қатыстылығы, жол берілуі және анықтығы тұрғысынан бағалануға жатады, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағаланады.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 72-бабына сәйкес, әрбір тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 113-бабының 1-бөлігіне сәйкес, шешім пайдасына шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша сот екінші тараптан осы тараптың еңбек қатынастарында тұрмайтын және процеске қатысқан өкілінің (бірнеше өкілінің) көмегіне ақы төлеу жөніндегі іс жүзінде шеккен шығыстарын өндіріп алады. Мүліктік талаптар бойынша бұл шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстардың сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріп алынады, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
«СА» ЖШС өкілдің көмегіне ақы төлеуге 700 000 теңге мөлшерінде шығындарды көтерді, бұл заң көмегін көрсету туралы шартпен және төлем тапсырмасымен расталады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
- Аой Г.Т.-ның «СА» ЖШС-не қойған талап қоюын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартуды;
- Аой Г.Т.-дан «СА» ЖШС пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды 700 000 теңге мөлшерінде өндіріп алуды.
Қосымша: заң көмегін көрсету туралы шарт, төлем тапсырмасы.
«СА» ЖШС директоры З А.М.
14.10.2025 ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы