Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының декларациясы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 14 мамырдағы декларациясы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйін жан-жақты талқылай отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің басшылары терең интеграция жолымен жүруге, осы мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістігінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдардың, еңбек ресурстарының еркін қозғалысы үшін ортақ нарық құруға, кезең-кезеңімен экономикалық одаққа қарай жылжуға бел буғанын мәлімдейді. Ең бастысы-Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара мүдделерін қамтамасыз ету, кәсіпорындардың, өндірушілердің және өнімді тұтынушылардың еркін шаруашылық байланыстарын жемісті дамыту, олардың тікелей өзара іс-қимыл жолындағы барлық кедергілерді алып тастау. Достастыққа қатысушы мемлекеттердің басшылары экономикалық одақ жолындағы ең жақын міндетті кедендік ынтымақтастықты дамытуда: Кеден одағын құруда, кедендік тарифтерден дәйекті босатуда, кез келген тарифтік емес шектеулерді алып тастауда көреді. Олар сондай-ақ Үйлестірілген, қаржылық ақша-несие және валюта саясатын жүргізу қажет деп санайды. Достастыққа қатысушы мемлекеттердің басшылары осы мақсаттарға жету үшін бірқатар күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап ететіндігін айтады. Олар экономиканың нарықтық нысандарын дәйекті түрде енгізіп, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың келісілген стратегиясын және оларды іске асыру қарқынын ұстанып, белсенді әлеуметтік саясат жүргізетін болады. Достастыққа қатысушы мемлекеттердің басшылары осы мақсаттар үшін өздерінің үкіметтік құрылымдарының, Достастық органдарының күш-жігерін жақын арада тиісті құжаттарды дайындауға және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің экономикалық одағын құру жөніндегі практикалық қадамдарды жүзеге асыруға жұмылдыру қажет деп санайды.
1993 жылы 14 мамырда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады, ол осы декларацияға қол қойған мемлекеттерге оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін_____________ қолы
Беларусь Республикасы үшін_____________ қолы
Қазақстан Республикасы үшін _____________ қолы
Қырғыз Республикасы үшін _____________ қолы
Молдова Республикасы Үшін
(ескертумен *) _____________ қолы
Ресей Федерациясы үшін (РСФСР) _____________ қолы
Тәжікстан Республикасы үшін_____________ қолы
Өзбекстан Республикасы үшін _____________ қолы
Украина Үшін
(ескертумен **) _____________ қолы
* Молдова Республикасының Ескертпесі:
"Одақ" сөзі "қауымдастық"сөзімен ауыстырылсын.
** Украинаның Ескертпесі:
"Экономикалық одақ" ұғымынан басқа.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы