Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тергеу сотына шағым тергеушінің және прокурордың әрекетіне / әрекетсіздігіне

Тергеу сотына шағым тергеушінің және прокурордың әрекетіне / әрекетсіздігіне

Тергеу сотына шағым тергеушінің және прокурордың әрекетіне / әрекетсіздігіне

 Тергеу сотына шағым тергеушінің және прокурордың әрекетіне / әрекетсіздігіне

 10 сәуір 2025 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Б.Сламбеков, хатшылықта М.Амангельдиевтың отыруында, Мақтаарал аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Саржанның, шағым беруші күдікті Е.К.Атың қорғаушысы адвокат Г.Т.Саржановтың, лауазымды тұлға Мақтаарал АПБ-нің тергеушісі Д.Жақсылықтың қатысуларымен, сот залында, жабық сот отырысында дыбыс-бейнежазба құралын пайдалану арқылы шағым беруші адвокат Галымжан Турлыбекович Саржановтың Мақтаарал ауданының прокурорының, Мақтаарал АПБ-нің тергеушісі Д.Қ.Жақсылықтың әрекеттеріне берген №5143-25-00-2-5м/7 шағым арызын қарап,  қаулы етті:

Шағым беруші адвокат Галымжан Турлыбекович Саржановтың Мақтаарал ауданының прокурорының, Мақтаарал АПБ-нің тергеушісі Д.Қ.Жақсылықтың әрекеттеріне берген шағым арызы қараусыз қалдырылып, кері қайтарылсын.

Тергеу соты өз қаулысының Анықтау бөлігінде келесідей уәждеоді басшылыққа алуда, «Күдікті Е.К.Атың қорғаушысы адвокат Г.Т.Саржановтың  жоғарыда аталған шағымындағы уәждері бойынша ҚПК-нің 105-бабы талаптары негізінде Мақтаарал аудандық прокуратурасымен қаралып, 2025 жылғы 28 наурызда аудан прокурорымен Нұсқау берілген және 2025 жылы 06 сәуірде шағымды қанағаттандыру туралы қаулы қабылданған. Тергеушімен өтінішхатқа, прокурормен шағымға уақтылы заң талаптарына сай жауап берілген.

Мұндай жағдайда, жоғарыдағылардың негізінде шағым арыз қараусыз қалдырылып, кері қайтарылуға жатады.»

 

 

Құрметті сот, аталған сот қаулысымен келіспейміз, себебі, біздің сотқа жүгінуімізге себеп болған жағдай – менің қорғауымдағы Е.К Ақа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған өрескел әділетсіздік пен заңсыздық, және алдау, біз прокуратураның біліксіз қызметкерлерінің жауапсыз әрекеттеріне қатты наразымыз. Олардың бұл әрекеттері прокуратура органдары қызметкерінің абыройлы атына нұқсан келтіруде.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

Алайда Прокуратура қызметкерлері тарапынан заңды сақтағаннан оны бұзуды жөн көруде.

Сонымен Қылмыстық заңнаманы бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдарына келер болсақ, 19.03.2025 жыл 16:09 сағатта, Е-өтініш электронды порталы бойынша тіркеу № ЗТ-2025-00914683, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекетіне ҚР ҚПК 24, 58, 64, 65-1,78, 99, 100, 105 баптарынана сәйкес, басшылыққа ала отырып шағым жазған болатынбыз.  Аталған шағымға прокуратура 26 наурызға дейін жауап беру керек еді.

Алайда жауапты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокуратурасының қызметкері Саржан Еркебұлан Ержанұлы  ҚР ҚПК 105 бабын пысқырмай, өзінің жеке процессуалдық көдексін басшылыққа алып сондағы өзі бекіткен процессуалдық мерзіммен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда прокуратруа тарапынан процессуалдық заңнамада көрсетілген мерзімде жауап келмеді.

ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар берген шағымдар прокурорға немесе сотқа беріледі. Прокурор, шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.

Алайда Қорғау тарапы Мақтаарал ауданының прокуратурасынан жарым жартылай, заңсыз, ешқандай процессуалдық нормаға сай келметін жауапты 4 күнге кешіктіріп 29.03.2025 жыл шығыс № 2-12-25-00473 құжатты, 30.03.2025 жыл сағат 00:00 уақытында Е-өтініш порталына салған жауапты алдық.

ҚР ҚПК 58-бабында көрсетілгендей Прокурор – өз құзыретi шегiнде, тергеудiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам және оған негіздер болған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асырады.

Сот отырысы барысында анықталғандай, Прокуратура тарапынан тергеу органына 28.03.2025 жылы 11:52 сағатта №255143031000056 қылмыстық іс бойынша ҚР «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 35-бабының тәртібінде Нұсқау жіберіліпті. Алайда сол ҚР «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының және ҚР ҚПК 58-бабына сай Прокуратура  Нұсқау беріп емес Тергеушінің қаулысын заңсыз деп тану жайлы Қаулы қабылдауы тиіс еді.

Айтқандайақ Құдай дұға тілектерімізді естіген шығар сот отырысы барысында 10 күнге кешіктіріп заң талаптарына сай келетін Прокуратура тарапынан 2025 жыл 6 сәуір күні тергеушінің 13 наурыз 2025 жылғы қабылданған қорғаушының өтінішхатын жартылай қанағаттандыру туралы қаулысын заңсыз деп тануды және заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісін енгізу жайлы, шағымды қанағаттандыру туралы Қаулы шығарылғанын 2025 жылы 10 сәуір  күні, заңмен белгіленген уақыттан 14 күн өткенсоң көрдік.

Жоғарыда аталған Прокуратура тарапынан өрескел Заң бұзушылықтарды Тергеу соты қолымен ұстап, көзімен көре тұра Шағымды қараусыз қалдыруы аманатқа қиянат болды деп есептейміз.

 Тергеу соты сотқа жолдаған ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының,  Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекеттері бойынша Шағымды қарап, Шағымның Прокуратура тарапынан Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында және қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында жеке ұйғарым қабылдау керек еді деп есептейміз.

ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының  күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес, СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        2025 жылғы 10 сәуірдегі Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбековтың,  шағым арызы қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жоюды;

·        ҚР ҚПК-нің 106 бабы негізінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорының әрекеттеріне берілген Шағымды толық қарап заңды және құқықытық бағасын беруді.

    2025 жыл 6 сәуір Мақтаарал ауданы прокурорының орынбасары Романов Д.К., ҚР ҚК-нің 174-бабы 2-бөлігі бойынша №255143031000056 СДТБТ сотқа дейінгі тергеп тексеру материалдарын зерделей отырып ҚР ҚПК-нің 105-бабы тәртібінде қорғаушы Ғ.Саржановтың (Е.А. мүддесі үшін) №Ж5143012500002 шағымын қарап, АНЫҚТАДЫМ: 

Мақтаарал аудандық полиция бөлімімен (бұдан әрі АПБ) қылмыстық кодекстің (бұдан әрі ҚК) 174-бабы 1-бөлігімен басталған №255143031000006 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, «Whatsap» әлеуметтік желісінде ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыратын аудио және видеожазбалар жарияланғаны анықталған. 28.02.2025 жылы бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігі көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Мақтарал ауданының ПБ №255143031000056 СДТБТ-ға тіркелді. 

2025 жыл 2 сәуір Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокуратурасы қорғаушы Ғ.Саржановтың №Ж5143012500002 шағымы келіп түскен: 

Онда тергеушінің өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысын заңсыз деп танып, заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты шара көру туралы уәждер келтірген. 

Шағым келіп түскен кезде №255143031000056 сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша алдын ала тергеп-тексеру сатысында болған. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу және баяндалған дәлелдерді тексеру нәтижелері бойынша қорғаушы Ғ.Саржановтың №Ж5143012500002 шағымы мынадай негіздер бойынша ішінара қанағаттандырылуға жатады: 

13.03.2025ж. тергеуші Д.Жақсылық қорғаушы Ғ.Саржановтың іс бойынша ҚПК 99-бабына сәйкес келтірген өтінішхатын («Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео роликтің сілтемесін немсес аудио-видео роликтің көшірмесін алу жөнінде) қанағаттандырудан бас тартқан. 

ҚПК 70-бабы 2- бөлігі 5-тармағына сәйкес қорғаушы жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен (5-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес) танысуға құқылы. 

Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері бойынша құпиясыздандыру қаулысы қабылданған. Осыған орай тергеуші Д.Жақсылықтың 13.03.2025ж. қорғаушының өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысы күші жойылып, ҚПК 70-бабы 2- бөлігі 5-тармағына сәйкес қорғаушыны іс материалдарымен («Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео ролик) таныстыру бөлігі қанағаттандыруға жатады. 

Қорғаушы Ғ.Саржановтың №Ж5143012500002 шағымын заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты шара көру бөлігінде мынадай негіздер бойынша қанағаттандырудан бас тартылады: Бұл жағдайда тергеушімен ҚПК талаптары бұзылмаған, прокурорлық қадағалау актісін енгізуге немесе қызметкерлерге қатысты шара көруге негіз жоқ. Баяндалғанның негізінде ҚПК-нің 105-бабының 3,4-бөліктерін, 198 бабын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІМ: 

1. Қорғаушы Ғ.Саржановтың 2025 жыл 2 сәуір №Ж5143012500002 қорғаушыны құписыздандырылған іс-материалдарымен («Атакент Бауырлар» тобында жолдаған аудио-видео ролик) таныстыру туралы шағымы тергеушінің 13.03.2025ж. қорғаушының өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысының күшін жою арқылы ішінара қанағаттандырылсын. 

2. Тергеушінің 13.03.2025ж. қорғаушының өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысы заңсыз деп танылсын. 

3. Қорғаушы Ғ.Саржановтың №Ж5143012500002 шағымын заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты шара көру бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылсын. 

4. Осы қаулы, Қорғаушы Ғ.Саржановтың шағымы және тексеру материалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілсін. 

5. Қаулының көшірмесі қадағалаушы прокурорға жіберілсін. 

6. Шағым берген адамға ҚР ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде сотқа осы қаулыға шағымдану құқығын бір мезгілде түсіндіре отырып, қабылданған шешім туралы хабарлансын.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы