Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Тергеушінің жүйелі әрекетсіздігі және қылмыстық істің негізсіз созбалаңға салынуы туралы шағым

Тергеушінің жүйелі әрекетсіздігі және қылмыстық істің негізсіз созбалаңға салынуы туралы шағым

Тергеушінің жүйелі әрекетсіздігі және қылмыстық істің негізсіз созбалаңға салынуы туралы шағым

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 

Саденов Ержан Сапарбекұлына

Қазақстан Республикасы 010000, Астана  қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1.

СДТБТ: №267914031000483 іс бойынша.

 

Жәбірленуші: КрАйдаралиевна

ЖСН: ...

Шымкент қаласы, ... үй тұрғыны.

Сенімхат бойынша өкілі:

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767.

Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,

 Алмалы  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz    www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.

 

ШАҒЫМ

Шымкент қаласы ПД Тұран аудандық ПБ Тергеу бөлімінің жүйелі әрекетсіздігі және қылмыстық істің негізсіз созбалаңға салынуы туралы

 

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық Полиция Басқармасынын ТБ тергеушісі Ұ.Н. Тәліп-тің өндірісінде, КрАйдарәлиевнаның арызы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша АШДильмұратовнаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) №267914031000483 тіркелген.

Аталған қылмыстық іс жәбірленуші КрАйдарәлиевнаның 2026 жылғы наурыз айында берген арызы негізінде тіркелген.

Жәбірленушінің түсіндіруіне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы, Алматы тас жолы №38 мекенжайында орналасқан «Жібек жолы» базарындағы №17 бутикке тиесілі жеміс-жидек өнімдері жүйелі түрде жоғала бастаған. Тауар айналымының көлемі жоғары болғанына қарамастан, саудадан түсетін табыс күрт төмендеп, жәбірленуші ірі көлемдегі қаржылық шығынға ұшыраған.

Кейіннен №3Б бутик иесі Сарыпбекова Эльмира Абдыхановна көрші бутик иесі АШДильмұратовнаның жәбірленушіге тиесілі №17 бутиктен коробкалар мен тауарларды жүйелі түрде алып жүргенін байқап, бұл туралы жәбірленушіге хабарлаған.

Осыдан кейін көршілес №1-2 бутиктің иесі Х Т  Розытаевнаға тиесілі бейнебақылау камераларының жазбалары қаралып, онда АШДильмұратовнаның бірнеше күн қатарынан жәбірленушіге тиесілі бутиктен тауарларды заңсыз алып жүргені анықталған.

Жәбірленуші тарапынан тергеу органына ұсынылған арызда 2026 жылғы 17, 18, 20, 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері орын алған барлық ұрлық эпизодтары минутына, секундына дейін нақты көрсетіліп, әрбір бейнежазбаның атауы, уақыты және қылмыстық әрекеттердің сипаттамасы толық баяндалған.

Сонымен қатар, бейнежазбаларда: күдікті тұлғаның жәбірленуші бутигіне түнгі уақытта заңсыз кіруі; коробкалар мен қаптардағы тауарларды бірнеше мәрте тасуы; бөтен мүлікті өз бутигіне және автокөлікке тиеуі; әрекеттердің жүйелі әрі қайталанатын сипатта жасалуы; кейбір эпизодтарда Азиз есімді азаматпен бірге әрекет етуі анық көрініс тапқан.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 20 сәуірдегі беттестіру хаттамасында АШДильмұратовна бірқатар эпизодтар бойынша жәбірленушінің бутигінен тауарларды алғанын өзі де растаған.

Алайда, дәлелдемелердің жеткілікті болуына қарамастан, бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы ПД Тұран аудандық ПБ Тергеу бөлімі тергеушісі Ұ.Н. Тәліп-тің тарапынан қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері орындалмай отыр.

Атап айтқанда:

– жәбірленуші тарапынан берілген көптеген өтінішхаттарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 99-бабының 4-бөлігінде көзделген мерзімде жауап берілмеген. 2026 жылғы 22 сәуірде Е-Өтініш порталы арқылы (ЗТ-2026-01733366) жіберілген Азиз есімді тұлғадан жауап алу туралы өтініш хатымыз бүгінгі күнге дейін тергеуші тарапынан қарастырылмаған;

– «Жібек жолы» базары аумағындағы маңызды бейнежазбалар осы күнге дейін базардың әкімшілігінен толық көлемде алынбаған, алайда біздің өтініш хатымыз E-өтініш арқылы (ЗТ-2026-01322193) 2026 жылдың 30 наурызда жіберілген;

– куәлардан жауап алу туралы өтініш хатымыз қанағаттандырылғанына қарамастан, тізімдегі бірде-бір куәдан жауап алынбаған, алайда базардағы куәлерден жауап алу туралы өтініш хатымызды қанағаттандырған Шымкент қаласы ПД Тұран аудан ПБ-нің тергеушісі У. Тәліп-тің қаулысы 2026 жылғы 10 сәуірде қабылданған, яғни бүгінгі күнге дейін бірде-бір куәдан жауап алынбаған;

– Азиз есімді ықтимал сыбайлас тұлғаның толық жеке басы анықталмаған, ол жауап алуға шақырылмаған және оның әрекеттеріне құқықтық баға берілмеген;

– тергеуші мен тергеу бөлімінің лауазымды тұлғалары өздерінің процессуалдық қаулыларын өздері орындамай отыр;

– Шымкент қаласы Тұран аудан прокурордың ҚПК-нің 193-бабы тәртібінде берген нақты нұсқаулары орындалмаған.

2026 жылғы 22 сәуірде Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры С. Әбдиев жәбірленуші тарапынан берілген шағымды қарап, тергеушінің әрекетсіздігі мен өтінішхаттарға уақытылы жауап берілмегенін танып, шағымды ішінара қанағаттандырған.

Сонымен қатар, прокуратурамен Шымкент қаласы Полиция департаментіне заңдылықты бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта оларға жол бермеу туралы қадағалау актісі енгізілгені көрсетілген.

Алайда, прокурорлық ден қою актілеріне қарамастан, тергеу органының әрекетсіздігі жалғасып отыр.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 192-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.

Алайда, аталған қылмыстық іс бойынша: бейнежазбалар; куәгерлер; нақты уақыт белгілері; күдіктінің мойындау сипатындағы жауаптары; тауарлардың нақты көлемі мен қозғалысын растайтын мәліметтер бола тұра, іс бірнеше ай бойы нәтижесіз созылып келеді.

Біздің пікірімізше, мұндай әрекетсіздік: қылмыстық процестің міндеттеріне; жәбірленушінің құқықтарына; дәлелдемелерді сақтау қағидаттарына; ақылға қонымды мерзім принципіне қайшы келеді.

Сонымен қатар, бейнежазбалардың уақыт өте жойылып кету қаупі бар екенін ескере отырып, тергеу органының әрекетсіздігі дәлелдемелердің жоғалуына алып келуі мүмкін.

Бұл мән-жайлар тергеушінің әрекетсіздігін және қылмыстық істі қарапайым және айқын дәлелдемелер болғанына қарамастан негізсіз созып отырғанын көрсетеді.

ҚПК-нің 192-бабына сәйкес, сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

Алайда, көрсетілген қылмыстық іс өзінің сипаты бойынша күрделі емес, дәлелдемелер жеткілікті, ал тергеушінің әрекетсіздігі істің негізсіз созылуына алып келуде.

Ал ҚПК-нің осы 192 бабының 2 бөлігіне сәйкес анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.

ҚПК-нің 105 бабының көзделген құқықтарымызды пайдалана отырып, біз бірнеше рет Шымкент қаласы ПД Тұран аудан ПБ Тергеу бөлімінің бастығына және қадағалаушы прокурорға тергеушінің әрекетсіздігіне қатысты шағымдар жолдаған болатынбыз. Алайда, аталған шағымдардың формалды түрде қаралғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін қылмыстық іс бойынша нақты нәтижелерге алып келетін тиісті тергеу әрекеттері жүргізілмей отыр.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау тәртібі туралы Нұсқаулықтың (Бұдан әрі - Нұсқаулық) 21 бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен шағымдарды қарауға уәкілетті тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы және прокурор өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануға міндетті.

Нұсқаулықтың 24 бөлігіне сай, ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен қаралған, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымды адам қараған қанағаттандырылған шағымдар бойынша бір мезгілде кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қаралады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 105 бабының, 192 бабының 8 бөлігіне және 193 бабының 1 бөлігінің 3-1) және 5) тармақтарын басшылыққа ала отырып,

 

СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:

·        СДТБТ №267914031000483 қылмыстық ісі бойынша Шымкент қаласы ПД-нің Тұран аудандық ПБ-нын ТБ-нің тергеуші Ұ.Н. Тәліп-тің әрекеттеріне/әрекетсіздігіне қызметтік тексеру тағайындауды;

·        Шымкент қаласы ПД-нің Тұран аудандық ПБ-нын Бастығы мен жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне құқықтық және тәртіптік баға беріп, тәртіптік жауапкершілікке тартуды;

·        Аталған қылмыстық істі (СДТБТ №267914031000483) жеке бақылауға және қадағалауға алуды;

·        Қылмыстық істің мән-жайларын ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілеп, тергеушіге қылмыстық іс бойынша ақылға қонымды мерзім белгілеуді.

 

 

Құрметпен,

Сенімхат бойынша өкіл / адвокат:                                               Г.Т. Саржанов

 

  

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы