Тоқаев көпбалалы және мүгедек балалардың несиелері бойынша қарыздарын өтеуді тапсырды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешегін өтеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Осы Жарлықты іске асыру әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсер етеді және Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығы
Қиын өмірлік жағдайға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарына борыштық жүктемені төмендету бойынша уақтылы көмек көрсету мақсатында,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының Үкіметі Екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті мынадай шарттармен біржолғы тәртіппен өтеу жөнінде шаралар қабылдасын:
1) көрсетілген қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектері бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-анасынан Кәмелетке толғанға дейін айырылған, ата-анасынан айырылған балалар болып табылады; 2) қарыз бойынша жалпы берешек 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды; 3) негізгі борыштан және ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды. 2.Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: 1) банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыналарды көздейтін қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын:
1) Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу; 2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салу; 3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезінде реттеудің қосымша шаралары.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент
Қ. Тоқаев
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Указ Президента Республики Казахстан
164 рет жүктеп алынды