Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 9 шілде N 10 нормативтік қаулысы.
ХАБАРЛАНДЫРУТұрғын үйге меншiк құқығын тану, меншiк иесiне үлесiн бөлiп беру және тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн белгілеу туралы даулар жөнiндегi заңдарды қолдану туралы iстер бойынша сот тәжiрибесiн жинақтаудың қорытындысын талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 7 нормативтік қаулысымен .
АК-нiң 244 бабының 4-шi тармағында көрсетiлген әлеуметтiк экономикалық тиiмдiлiктi - өз еркiмен салынған құрылыстарды мемлекет мұқтаждығына немесе төтенше жағдайларға байланысты (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84, 91-баптары) өкiлеттi органның қорытындысы негiзiнде жердi алуды түсiну қажет. <*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 7 нормативтік қаулысымен .
Егер келiсiмге қол жетпесе, онда қатысушы өз үлесiн заттай бөлiп берудi талап етуге құқылы. Мұндайда, берiлген құжаттар мен тараптардың түсiнiктемелерi негiзiнде, соттар әр жағдайда техникалық, өртке қарсы және санитарлық нормаларды сақтай отырып, үй-жай мен тұрмыстық шаруашылыққа арналған салынымдарды қосалқы меншiк иелерiнiң үлестерiне сәйкес бөлу мүмкiндiгi туралы, тараптардың ұсынған нұсқаларымен қоса, тұрғын үй-жайды бөлудiң немесе пайдалануға берудiң барлық рұқсат етiлетiн нұсқалары туралы, тұрғын үй мен басқа құрылыстардың нақты бағасы, сондай-ақ бөлiнуге жататын үйдiң әр бөлiгiнiң бағасы туралы, қайта құруға қажеттi шығындардың мөлшерi, тағы басқалары туралы қорытынды алу үшiн техникалық сараптама тағайындаудың қажеттiгi жөнiндегi мәселенi соттар әр жағдайда талқылаулары қажет. Сот шешiлетiн мәселенiң сипатына қарай сараптама жүргiзудi құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандарына жүктей алады. Сараптама iс жүргiзу құқығы нормаларының талаптарын қатаң сақтай отырып, тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. Сараптама өткiзуге жұмсалған шығындар тараптар есебiнен төленедi.
Қоса меншiк иесiне оған тиесiлi үлесiн бөлу - оның меншiгiне үйдiң оның үлесiне сәйкес белгiлi бiр бөлiгiн және шаруашылық-тұрмыстық бағыттағы құрылыстарды беру болып табылады және бұл ортақ меншiк құқығын жояды (АК 218 бабы). Пәтерлердегi қосалқы үй-жайлар (асхана, кiреберiс бөлмелер, қоймалар, т.б.) ортақ пайдалануға қалдырылады және бөлуге жатпайды. Көп пәтерлi тұрғын үйлердегi әр меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi (дәлiздер, баспалдақтар, лифттер, жертөлелер, шатырлар және т.б.) үлестерi заттай бөлiнiп берiлуi мүмкiн емес.
Мұндай талаптарды шешуде сот тұрғын жайды пайдаланудың үлестерге сәйкес келмеуi мүмкiн нақты орныққан тәртiбiн әр қосалқы меншiк иесiнiң тұрғын жайға мұқтаждылығын және бiрiгiп пайдаланудың нақты мүмкiндiгiн ескередi.
Тұрғын жайды пайдалану тәртiбiн анықтағанда, әр қосалқы меншiк иесiне, оның меншiктегi үлес құқығына сәйкес, нақты бөлiгi берiледi. Мұндайда тұрғын жайға құқық меншiк жойылмайды. Бөлiнген үй-жайдың бөлек болмауы және қосалқы меншiк иесiнiң тиесiлi үлесiне дәл сәйкес келмеуi де мүмкiн. Егер қоса меншiк иесiнiң пайдалануына оған тиесiлi үлесiнен артық мөлшердегi үй-жай берiлген болса, қалған қосалқы меншiк иелерiнiң талабы бойынша одан үлесiнен артық үй-жайдың бөлiгін пайдаланғаны үшiн төлем ақы өндірілуі мүмкін.
Заттай бөлу мүмкiндiгi болмағанда құқықтық меншiктегi тұрғын-жайдағы үлестiң ақшалай өтемi тараптардың келiсiмiмен анықталады. Егер келiсiмге қол жетпесе, бөлiнушi меншiк иесiнiң талабы бойынша дау туындаған кездегi тұрғын үйдiң нарықтық бағасын есепке ала отырып, өтем мөлшерiн сот шешедi. Мұндайда, тараптардың түсiнiктемелерi, сараптамашылардың қорытындылары, құрылыс материалдарының бағалары, оларды тасымалдаудың бағасы, сол жердегі бағаларға сәйкес жұмысшы күшiне жұмсалған төлемақы, ыңғайлылықтар мен үйдiң орналасқан жерi (қала, ауыл, курорттық аймақ және т.б.), оның ескiру дәрежесi, сондай-ақ тұрғын жайды дұрыс бағалауға әсер ететiн басқа да жағдайлар ескерiледi. Ақшалай өтем алған тұлға тұрғын жайға құқық меншiгiн, сондай-ақ меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз тұрғын жайда тұру құқығын жоғалтады, сондықтан, ортақ меншiк иелiгiне қатысушы кез-келген тұлғаның талабы бойынша шығарылуы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың бiрлескен меншiгi болып саналатын тұрғын үйдi салуға олардың бiреуiнiң туыстарының қатысқаны, ерлi-зайыптылардың бiреуінің үлесiн көбейтуге негiз бола алмайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1981 жылғы 31 шілдедегі "Тұрғын үйлерге меншік құқығымен байланысты дауларды шешудің сот тәжірибесі туралы" N 4 қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.
Ескерту. Нормативтік қаулы 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Пленум хатшысы © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы