Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 шілдеде № 39405 болып тіркелді

  "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасытуризм және спорт министріЕ. Мырзабосынов

 

 

 Қазақстан Республикасытуризм және спорт министрі2026 жылғы 24 шілдедегі№ 141 бұйрығыменбекітілген

 

Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Туристік ақпарат орталығы (бұдан әрі – Орталық) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі құратын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) туризм объектілері – туристер уақытша тұру, орын ауыстыру, демалу, сауығу және мәдени демалыс үшін тікелей пайдаланатын арнайы құрылған немесе бейімделген объектілер;

      2) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;

      3) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік ресурстарға, оның ішінде туризм объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;

      4) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы.

2-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі

      4. Орталық:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оның туристік әлеуеті, туристік ресурстар, туристік маршруттар, туризм объектілері және туристік көрсетілетін қызметтер туралы туристік ақпаратты жинауды, жүргізуді, жүйелеуді және өзектілендіруді;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік пен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыруды және таратуды, туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілетуді, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жағдай жасауды;

      3) туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық-консультациялық сүйемелдеуді;

      4) туристік қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, анықтамалық, әдістемелік, жарнамалық және таныстырылым материалдарын дайындауды;

      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларға қатысуды;

      6) туристік ресурстар, туристік маршруттар, туризм объектілері, бару қағидалары, шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы туристік ақпаратты өзектілендіру мәселелері бойынша танытым орталықтарымен өзара іс-қимылды;

      7) шұғыл қызметтердің байланыс деректері, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, шектеулер және туристердің болуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер туралы анықтамалық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады.

      5. Туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта ілгерілету кезінде Орталық Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында құрған ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өзара іс-қимыл Орталықтың құзыреті шегінде мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

      1) ақпараттық, анықтамалық және таныстырылым материалдарымен алмасу;

      2) туристік көрсетілетін қызметтерді халықаралық туристік нарықта ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-шараларға қатысу;

      3) қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын талдамалық және анықтамалық мәліметтермен алмасу;

      4) туристік көрсетілетін қызметтерді ілгерілету саласындағы халықаралық қызметті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеу.

      7. Өтініштерді, дербес деректерді және өзге де ақпаратты өңдеуді Орталық Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, ақпаратқа қол жеткізу және заңмен қорғалатын құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

3-тарау. Туристік ақпарат орталықтары қызметінің шарттары

      8. Орталық қызметінің шарттары мыналар болып табылады:

      1) туристерді қабылдауды және хабардар етуді қамтамасыз ететін үй-жайдың не жабдықталған қызмет көрсету орнының болуы;

      2) байланыс құралдарының және Интернет желісіне қолжетімділіктің болуы;

      3) туристік ақпаратты, оның ішінде цифрлық форматта ұсыну үшін қажетті ақпараттық материалдардың болуы;

      4) туристік ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және таратуды жүзеге асыратын жұмыскерлердің болуы;

      5) туристік ақпаратты өзектілендірудің ішкі рәсімдерінің болуы.

      9. Орталық туристер үшін мынадай мәліметтердің қолжетімділігін оларды Орталықтың үй-жайында, Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастыру, сондай-ақ кері байланыс арналары арқылы ұсыну арқылы қамтамасыз етеді:

      1) Орталықтың атауы мен байланыс деректері;

      2) жұмыс режимі;

      3) ұсынылатын туристік ақпараттың тізбесі;

      4) кері байланыс арналары;

      5) Орталыққа жүгіну тәртібі.

      10. Орталықтың жұмыс режимін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімдігі туристер мен туристік қызмет субъектілерінің қажеттіліктерін, туристік ағынның маусымдылығын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ескере отырып бекітеді.

      Орталықтың жұмыс режимі, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер туралы ақпарат Орталықтың және (немесе) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті әкімдігінің ресми цифрлық ресурстарында орналастырылады.

      Орталықтың жұмыс режимін өзгерту туристік ағынның маусымдылығына, туристік әлеуетті ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, Орталықтың үй-жайына қолжетімділіктің уақытша шектелуіне, төтенше жағдайларға не санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты негізделген себептер болған кезде жүзеге асырылады.

      11.Орталық туристік ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Ұйымдастырушылық мүмкіндіктер болған кезде туристік ақпарат шет тілдерінде де ұсынылады. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау