Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / ЗАҢ КҮШI БАР Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгертулер енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

ЗАҢ КҮШI БАР Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгертулер енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

ЗАҢ КҮШI БАР Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгертулер енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 қазан N 2535

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 90-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. 1972 жылғы 21 шiлдедегi Қазақ ССР-iнiң Заңымен бекiтiлген Қазақ ССР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiнiң 63-бабы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1972 ж., N 31; 

1980 ж., N 24; 1990 ж., N 43, 404-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы;

1992 ж., N 6, 112-құжат; 1993 ж., N 3, 56-құжат; 1994 ж., N 9-10, 147-бап) мынадай редакцияда жазылсын:

"63-бап. Мереке күндерi Мынадай мереке күндерi ұйымдарда жұмыс жүргiзiлмейдi:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi

22 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi

9 мамыр - Жеңiс күнi

30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнi

25 қазан - Республика күнi

16 желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi      

Мереке күндерi өндiрiстiк-техникалық жағдайларға байланысты тоқтатылуы мүмкiн емес жұмыстарға (үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдар), халыққа қызмет көрсету қажеттiгiнен туындайтын жұмыстарға, сондай-ақ шұғыл жөндеу және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына жол берiледi".     

 

 II. "Мереке күндерi туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; 1993 ж., N 3, 56-құжат; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат) күшi жойылған деп танылсын.      

III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы