«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесінің бас директоры Ғалымжан Саржанов Жаңа Конституцияны қолдады
⚖️ «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесінің бас директоры Ғалымжан Саржанов Жаңа Конституцияны қолдай отырып, ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Биыл 11 ақпанда Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланды. Бұған дейін ауқымды әрі мазмұнды дайындық жұмыстары жүргізілді.
Алты ай бойы Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысты.
Аталған үдеріс белсенді қоғамдық талқылаумен қатар жүріп, оның барысында мыңдаған ұсыныс, пікір мен бастама жиналып, ескерілді. Осындай ұзақ әрі жүйелі дайындық жаңа Конституцияның теңгерімді әрі жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік берді. ойластырылған жобасын 2026 жылғы 12 ақпанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция құрылды.
Оның құрамына саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сараптамалық және ғылыми ұйымдар, сондай-ақ елдің белсенді әрі бейжай қарамайтын азаматтары кірді.
Осы әдістеме құралы жаңа Конституция жобасының ережелерін және олардың әртүрлі әлеуметтік топ үшін маңызын түсіндіру мақсатында дайындалды. Бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында азаматтармен ашық әрі мазмұнды диалог орнатуға ықпал етеді.
#референдум2026#ЖаңаКонституцияҮшін#ЗАновуюКонституцию#АтаЗаң#15наурыз
АтаЗаңдыҚолдаБұлМенТуралыЭтоПроМеня
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы