Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Зертханашының Лауазымды нұсқаулығы

Зертханашының Лауазымды нұсқаулығы

Лауазымды нұсқаулық

Зертханашы

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.

        Лауазымдық міндеттері:

      зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және өзге де жұмыс түрлерін орындайды;

       бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өндеуге қатысады;

       зертханалық жабдықтардың жұмыс күйін қадағалайды, оның жөнделуін іске асырады;

       жабдықтарды (аспаптарды, аппаратураны) сынақ жасауға дайындайды, оны тексереді және әзірленген нұсқаулықтар мен өзге техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуді жасайды;

       эксперименттерге қатысады, қажетті дайындық пен қосымша операцияларды іске асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді;

       бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, материалдармен, реактивтермен қамтамасыз етеді;

      әдістемелік құжаттарға сәйкес талдаулардың, зерттеулердің, өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді;

       белгіленген тапсырмаға сәйкес әдебиеттерден, баяндамалық пен ақпараттық басылымдардан, нормативтік-техникалық құжаттамадан мәліметтерді таңдауды жүргізеді;

       жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелермен байланысты әртүрлі есептеу мен графикалық жұмыстарды орындайды;

      орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманың құралуына және ресімдеуіне қатысады.

  1. Білуге тиіс:

      жұмыс тақырыбына қатысты нормативтік құқықтық актілер, нұсқаулық, нормативтік және анықтамалық материалдар;

      талдаулар, сынаулар және зерттеулердің өзге түрлерін жүргізу әдістері;

       әзірленетін техникалық құжаттамаға қолданыстағы стандарттар және техникалық шарттар, оны ресімдеу тәртібі;

       зертханалық жабдықтар, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану тәртібі;

       техникалық есептер, есептеу мен графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары;

      есептеу техникасын пайдалану тәртібі;

      экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, арнайы даярлық және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

 

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу