Жәбірленушілерден қосымша жауап алу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына өтінішхат
Алматы қаласы ПД Медеу аудандық ПБ жанындағы ПБ-ныңаға тергеушісіполиция майоры Кабитова Д.К.-ға
күдікті Бой Ми Т-ның қорғаушысы –адвокат Нигметов Сабит Давлетовичтен
ЖСН 820125350700Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 79 үй, 304 кеңсетел. 87009785755
ӨТІНІШХАТ
Алматы қаласы ПД Медеу аудандық ПБ жанындағы ПБ-ның өндірісінде алаяқтық әрекет жасау фактісі бойынша Бой Ми Турсунгалиевнаға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 24-бабына сәйкес, тергеуші істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдауға міндетті.
Күдікті Ба М.Т. жәбірленушілер Кой А.Т., Аой С.Т. және Кым А.Г.-мен медиация тәртібімен татуласты. Тиісті келісімдер сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына ұсынылып, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.
Татуласу туралы келісімдерге сәйкес, барлық жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді, олардың Бой М.Т.-ға ешқандай талап-арыздары жоқ және Бой М.Т.-ның уәждерімен келіседі.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 70-бабына сәйкес, қорғаушы өтінішхаттар беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 99-бабына сәйкес, өтінішхат ол мәлімделгеннен кейін тікелей қаралуға және шешілуге жатады. Өтінішхат бойынша шешімді дереу қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда, ол мәлімделген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей шешілуге тиіс.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, СҰРАЙМЫН:
– жәбірленушілер Кой А.Т., Аой С.Т. және Ка А.Г.-дан қосымша жауап алуды жүргізуді.
Қорғаушы __________________ С. Нигметов
09.04.2026 ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы