Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жеке сот орындаушының әрекетін әрекетсіздігін және қаулыларын заңсыз деп тану

Жеке сот орындаушының әрекетін әрекетсіздігін және қаулыларын заңсыз деп тану

Жеке сот орындаушының әрекетін әрекетсіздігін және қаулыларын заңсыз деп тану

Жеке сот орындаушының әрекетін әрекетсіздігін және қаулыларын заңсыз деп тану

 

2025 жылғы 14 мамырдағы № 6001-24-00-6ап/1849 (2) 

Талап қоюшы: А.С. 

Жауапкер: жеке сот орындаушысы М.О. (бұдан әрі – ЖСО) 

Даудың нысанасы: ЖСО әрекетсіздікті, әрекеттерді және қаулыларды заңсыз деп тану. 

Талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша қайта қарау ІСТІҢ МӘНІ: 

Іс  құжаттарынан  анықталғандай,  2024  жылғы  14  ақпанда А.С. «Алтын шар 1» тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің пайдасына 75 212 тенге ӛндіріп алу туралы №02829-000018/432 атқарушылық жазба жазылған. 

2024 жылғы 29 ақпанда аталған атқарушылық құжаттың негізінде ЖСО №244/24-71-5558 атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. 

2024 жылғы 13 наурызда борышкердiң белгiлi бiр әрекеттер жасауына тыйым салу туралы, борышкердiң банктердегі шоттары және онда ақша қаражаттарының бар-жоғы, банкте орналасқан мүліктің бағасы және сипаттамасы туралы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы туралы ақпаратты алу және оларға тыйым салу туралы қаулылары шығарылған. 

Сонымен қатар, борышкердiң кӛлік құралына тыйым салу туралы және борышкердiң жылжымайтын мүлкіне тыйым салу туралы қаулылары шығарылған. Аталған қаулылармен талап қоюшы А.С. KIA кӛлік құралына және А. қаласындағы пәтер түріндегі жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған. 

Талап қоюшы жауапкердің әрекетсіздігімен, әрекеттерімен және қаулыларымен келіспей, оған моральдық залал келтірілгенін кӛрсетіп, сотқа жүгінген. 

Сот актілері: 

1-ші саты: 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 

29 сәуірдегі ұйғарымымен талап қоюшы А.С. ЖСО-ның қаулыларды уақытылы табыстамағаны немесе жібермегені бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану, 2024 жылғы 29 ақпандағы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны заңсыз деп тану, қаулыларды шығару бойынша іс- әрекеттерін заңсыз деп тану, моральдық зиянды ӛндіру туралы талап қоюы бӛлігінде қайтарылған. 

Сотының 2024 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен қаулыларды заңсыз деп тану туралы талап қою ішінара қанағаттандырылған. 

Сот шешіміне сәйкес 2024 жылғы 13 наурыздағы борышкердiң жылжымайтын мүлкіне тыйым салу туралы қаулысы заңсыз деп танылған. 

Апелляция: қаулысы және ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың шешімі және ұйғарымы күшінде қалдырылған. 

Кассация: осы іс бойынша сот актілері күшінде қалдырылды. 

Қорытындылар: талаптың қаулыларды уақытылы табыстамағаны немесе жібермегені бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану, 2024 жылғы 29 ақпандағы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны заңсыз деп тану, қаулыларды шығару бойынша іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, моральдық зиянды ӛндіру туралы бӛлігінде қайтару барысында тӛменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған. 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңының  (бұдан  әрі  -  Заң) 62-бабының 1-тармағына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда кӛзделген жағдайларда прокурордың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін ӛндіріліп алынатын сомаға мӛлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы. 

ЖСО талап қоюшының борышкер ретінде барлығы 75 212 теңгені құрайтын берешегінің орындалуын қамтамасыз ету үшін, борышкердің жылжымайтын мүлкіне тыйым салған. 

Бұл ретте, сот алқасы жергілікті соттардың мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шара ӛндіріп алушының талаптарының кӛлеміне және мӛлшерлестік қағидасына сай келмейді деген тұжырымымен келіскен. 

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы