Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жобалау сметалық құжаттамасын жасауды олардың құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бөлуін мәслихатқа ұсыныс жасауды және жүргізуді міндеттеу туралы.

Жобалау сметалық құжаттамасын жасауды олардың құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бөлуін мәслихатқа ұсыныс жасауды және жүргізуді міндеттеу туралы.

Жобалау сметалық құжаттамасын жасауды олардың құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бөлуін мәслихатқа ұсыныс жасауды және жүргізуді міндеттеу туралы.

 Жобалау сметалық құжаттамасын жасауды олардың құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бөлуін мәслихатқа ұсыныс жасауды және жүргізуді міндеттеу туралы. 

2025 жылғы 16 мамырдағы №6001-24-00-6ап/2785 

 Талап қоюшы: Н. 

Жауапкер: қала әкімі, облыс әкімі, «Қала мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі. 

Даудың нысанасы: қаланың Жұлдыз шағын ауданына орталық кәріз, дренаж және нөсерлік жауын жүйелерінің құрылысына жобалау сметалық құжаттамасын жасауды міндеттеу, олардың құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бөлуін мәслихатқа ұсыныс жасауды міндеттеу және жүргізуді міндеттеу туралы. 

Талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша қайта қарау ІСТІҢ МӘНІ: 

Іс материалдарынан анықталғандай, талап қоюшылар Жұлдыз шағын ауданының тұрғындары. 

Жұлдыз  шағын  ауданының  678  тұрғындары  қала  әкіміне 2021 жылдан бастап бірнеше рет жүгініп орталық кәріз жүйесін, кӛшелерге арық жүргізіп, халықтың жағдайын жасауды сұраған. 

Бұл ӛтініштерге аталған мәселе бойынша ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен қаражат кӛзі қарастырылмағанын, бірақ аталған мекен жайға жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтауды қажет ететін нысандардың тізіміне енгізілгенін, жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталғаннан кейін және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған жағдайда, жергілікті бюджеттен қаражат кӛзінің бӛлінуіне орай аталған мәселе шешілетіні жайлы жауаптар беріліп келген. 

Бірақ тұрғындар әкімдіктің бұл міндеттемелері іс жүзінде бірнеше жылдар бойы орындалмағандықтан, жоғарыда кӛрсетілген талаптармен сотқа жүгінген. Талап қоюларын уәкілетті органдардың әрекетсіздігінен жауын және жер асты суының кӛтеріліп, салдарынан тұрғындардың үйлері құлап қалу қаупі туындап отырғандығымен негіздеген. 

Сот актілері: 

1-ші саты: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2023 жылғы 2 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылусыз қалдырылған. 

Апелляция: бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған. 

Кассация: сот актілерінің күші жойылып, іс бойынша жаңа шешім қабылданған. Талап қоюшылардың талап қоюы қанағаттандырылған. 

Жауапкерлерге Жұлдыз шағын ауданында орталық кәріз, дренаж және нӛсерлік жауын жүйелерінің құрылысына жобалау сметалық құжаттамасын жасауды, оның құрылысына жергілікті бюджетпен қаражат бӛлуін мәслихатқа ұсыныс жасау міндеттелсін делінген. 

Қорытындылар: 

Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Жұлдыз шағын ауданы жеке меншік секторына жатады. 

Осы мӛлтек ауданынан әкімдік тарапынан кезінде жеке тұлғаларға жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген. 

Жер учаскесіне құқық беру тәртiбi Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабымен реттеледі. 

  

Осы нормаға сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi: 

  1. жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы ӛтінішті (ӛтінімді) қарауға қабылдау; 

  2. сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бӛлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау; 

  3. елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау; 

  4. жер комиссиясының қорытынды дайындауы; 

  5. жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту; 

  6. облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергiлiктi атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы; 

  7. сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) ӛтеулі (ӛтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу; 

  8. жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу; 

  9. кент, ауыл шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру. 

Кодекстің 44-2 бабының 3-бӛлігіне сәйкес тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекендердiң егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, сондай-ақ инженерлік желілер болмаған кезде құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады. 

Алайда, жергілікті атқарушы органымен Жұлдыз мӛлтек ауданындағы кӛшелер орталық кәріз жүйесі мен арықтармен қамтамасыз етілмеген, бірақ оған қарамастан адамдарға жер учаскелері табысталып кеткен. 

Қазіргі таңда Жұлдыз ықшам ауданының 1,2,3 елді мекендерінің кӛшелерін су басқан. Бұл мән-жайды жауапкерлер сотта жоққа шығармады. 

Осыған орай, Жұлдыз шағын ауданындағы жер учаскелері инжинерлік желілерсіз берілгендіктен, су басу салдарынан тұрғындардың үйлері зақымдалып отыр. 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін-ӛзі басқару туралы» Заңның 31-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да кӛлiктiк және 

  

инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн, байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады. 

Сондықтан, қала әкімдігі ӛз қателігін түзету үшін Жұлдыз шағын ауданының кӛшелерін инженерлік желілерімен қамтамасыз етуге міндетті. 

Бюджет кодексінің 75-бабына сәйкес жергілікті бюджеттің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында және сессиясында қаралады. Жергілікті бюджеттен жүргізілетін жұмыс үшін қаражат кӛзі мәслихаттың тұрақты комиссияларында шешіледі. Жергілікті атқарушы орган ұсыныс енгізеді. 

ӘРПК-тің 10-бабына сай әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді. 

Бұл ретте, қала әкімдігі бұл мәселені шешу үшін қаражат бӛлу мәселесі бойынша мәслихатқа тиісті ұсыныспен жүгінуге міндетті. 

Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып сот алқасы дауланып отырған бірінші сатыдағы шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулының күшін жойып, талап қоюшылардың талап қоюы қанағаттандыруға жатады деп тұжырымдаған. 

  

 

  

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы