Жоғарғы сотының кассациялық тәртіптегі қылмыстық істер жөніндегі сотына
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының касациялық сатыдағы
қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39. +7 (7172) 74-77-18
Жәбірленуші/Азаматтық талапкер: ………….. ЖСН: 700114402396
Алматы қаласы, …… ықшам ауданы …. үй. тел: 8 707 ………..
Сотталушы/Азаматтық жауапкер: …… ЖСН: …….. Алматы қаласы,
Орбита – 2 ықшам ауданы, ….. үй, пәтер№48. тел: 8 707 ………….
Өтінішхат
күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы
31 қазан 20….. жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында судья ………….. төрағалығымен, процеске қатысушылармен Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры ………… мемлекеттік айыптаушы ретінде, сотталушының қорғаушысы, адвокат ………….., жәбірленуші …………… және аудармашы ………….. қатысуларымен ашық сот мәжілісінде жалпы тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен сотқа берілген, 1969 жылғы 21 наурызда Жамбыл облысында туылған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, Алматы қаласы, «Орбита-2» ықшам ауданы, №… үй, №48 пәтерде тұратын, жұмыс істемейтін, жоғарғы білімді, тіркелген некеге тұрмайтын, сотталмаған, бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылған ……………… қатысты қылмыстық істі қарап онда Сотталушы ………….. бөтеннің мүлкін алдап және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру ниетімен, 20… жылы шілде айында жәбірленуші …………… Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылдық округінен 8 соттық жер телімін 12 000 АҚШ долларына алып беремін деп алдап, жәбірленушінің сеніміне кіріп, сенімділік қатынастарды пайдалана отырып және қабылдаған міндеттемені орындауға ниеті болмайтынын біле тұра, 20… жылы 30 шілдеде Алматы қаласы, Шаляпин мен Саиын көшелерінің қиылысында жәбірленушінің 6000 АҚШ долларын, сол уақыттағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңгеге шаққандағы бағамына сай,
899 580 теңгесін алдап алып, оны өз керегіне жаратып, ақшаны қайтармай, ірі мөлшерде алаяқтық жасап, жәбірленушіге аталған сомаға залал келтірген, сонымен қатар жәбірленуші ………….. сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде …………. 6 000 АҚШ долларын материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қойғанын және сот отырысы барасында Сотталушы тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушімен өзінің танысы Митрясова арқылы хабарласқанын, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылдық округінен жер телімін 12 000 АҚШ долларына алып беремін деп, оның 6 000 АҚШ долларын, сол уақыттағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңгеге шаққандағы бағамына сай 899 580 теңгесін 20… жылғы 30 шілдеде Алматы қаласы, Шаляпин мен Саиын көшелерінің қиылысында алғанын, ешқандай жер телімін алып беруге мүмкіндігі болмағанын, қәзіргі кезде келтірілген мүліктік залалды толық өндірілгенін айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрағанын Анықтап. Сот тараптардың пікірін тыңдап, және жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәлі адамның жеке басын, оның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайларды саралай келе, Үкім етті: …………… 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабы 3-бөлігі б)-тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 1997 жылы қабылданған ҚК-тің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған мүлкі тәркіленбей, үш жылға сынақ мерзімі мен пробациялық бақылау белгіленсін және сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын және оқуын ауыстырмау жүктелсін. Сонымен қтатр осы қылмыстық істі қарау барысында жәбірленуші ……….. ……………….. материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын өндіру туралы қосымша талап қойып, аталған сомманы сот шешім шығатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамымен есептеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген алайда 2016 жылы 31 қазан күні Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамындағы судья ………… төрағалығымен, сотқа берілген …………. қатысты қылмыстық істі қарау барысында ………….. жәбірленуші …………….. 899 580 теңгеге ірі мөлшерде бөтен мүлікті құқықты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық жасап алды деп сотқа берілген анықтады.
Сот мәжілісінде сотталушы жәбірленушіге мүліктік залалды толық өндіргенін айтты, алайда жәбірленуші сотталушымен ақшаны АҚШ долларымен алғанын, қазіргі кезде ол валютаның теңгеге шаққанда қымбаттағанын ескере 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қойды. ҚПК-тің 166-бабына және «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 20 маусымдағы 2005 жыл № 1 Нормативтік қаулысына сәйкес қылмыстық процесте жеке тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi. Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады деп анықтап жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 899 580 теңге мүлiктiк зиянның өтелгендіктен және мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайтындықтан, жәбірленушінің талап арызы қараусыз қалдыруға жатады деп есептей келе Жәбірленуші …………… сотталушы …………… жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 899 580 теңге мүлiктiк зиянның өтелгендіктен, 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылсын деп Қаулы шығарды. Жәбірленуші ………… Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 2016 жылғы 31 қазандағы үкімімен келіспей Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық шағым жазған, апелляциялық шағымда сотталғанға тағайындалған шартты жаза жеңіл деп санайтынын атап айтқан өйткені Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының 11 бабы «Қылмыс санаттар» 4-тармағына сүйенсек Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады делінген. Сонымен қатар сотталған моральдық зиянды Жәбірленушіге өтеуден бас тартқанын және материалдық залалды оған сот шешім шығарған күнгі курспен есептемегенін көрсетіп, сотталғанға қолданған ҚК-нің 63-бабын жойып, сотталғанға бас еркінен айыру жазасын тағайындап, оған келген залалды толық өндіруді сұрап жазған.
Алайда 21 желтоқсан 2016 жылы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы құрамында төрағалық етуші алқа төрағасы Б.С.Қараманов, алқа судьялары ………. және ………….. болып, бірінші сатыдағы соттың сотталғанға тағайындалған шартты жазаның қылмыстың ауырлығына сай болмағандықтан күші жойылуға жатады деген апелляциялық шағым уәждері негізсіз болып табылады, сондықтан сот алқасы үкімді өзгертуге не күшін жоюға негіздер жоқ деп Қаулы еттіп Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 31 қазан 20… жылғы ……………. жөніндегі үкімі өзгеріссіз, жәбірленуші ……………… апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын деген қаулы шығарды. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот ……………. қатысты айыптау үкімін шығарып, жәбірленуші А.Б.Нурымбетованың азаматтық талап қоюын қараусыз қалдыру туралы 20… жылғы 31 қазанда бөлек қаулы шығарған еді. Бұл қаулыны уақытылы алмауына байланысты, …………….. қаулыға шағым беру мерзімін өтіп кетуіне байланысты, оны қалпына келтіру жөнінде бірінші сатыдағы сотқа өтініш білдірген. Сот 20… жылғы 13 ақпандағы қаулысымен ……………. шағым беру мерзімін қалпына келтіру жөніндегі өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, …………… мүліктік және моральдық зиянды өндіру туралы жәбірленушінің азаматтық талап қоюын қараусыз қалдыру жөніндегі 20… жылғы 31 қазандағы сот қаулысының заңдылығына апелляциялық сот алқасының 20…. жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен баға берілген деп негіздеген. Аталған қаулы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20…. жылғы 04 сәуірдегі қаулысымен тағыда өзгеріссіз қалдырылған. Сонымен жәбірленуші …………… төменде көрсетілген: Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20……… жылғы 31 қазандағы үкімімен, аталған соттың 20………. жылғы 31 қазандағы қаулысымен; Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 21 желтоқсандағы қаулысымен; сотталған …………… қатысты сот үкімімен, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20…. жылғы 13 ақпандағы қаулысымен; Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 04 сәуірдегі қаулысымен; Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 13 ақпандағы жәбірленуші …………. шағым келтіру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы өзгеріссіз қалдырылған қаулысымен. Сот актілерімен келіспей Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына кассациялық тәртіппен қылмыстық істі қайта қарау өтінішхаты жолданды. 20… жылы 27 ақпан күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағалық етуші судья Д……….., судьялар ……… ……….. болып, тарпатардың қатысуымен келтірген өтінішхаты бойынша кассациялық тәртіппен қылмыстық істі қарап, Қаулы етті:
……………. қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 31 қазандағы үкімінің және Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20…. жылғы 21 желтоқсандағы қаулысының азаматтық талап қою бөлігінде күші жойылсын; ………….. қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20… жылғы 31 қазандағы және 20….жылғы 13 ақпандағы қаулыларының, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 20… жылғы 04 сәуірдегі қаулысының күші жойылсын; ……………. қатысты қылмыстық іс азаматтық талап қою бөлігінде Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына басқа сот құрамында жаңадан қарауға жіберілсін; Жәбірленуші ………………. өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын деп шешім қабылдаған еді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 27 ақпан 2018 жылғы Қаулысы бойынша Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 20.. жылы сот алқасы құрамында төрағалық етуші судья ………….., судьялар ……………. және …………….. болып, тарптардың қатысуымен азаматтық талап қою бөлігі күші жойылған қылмыстық істі қарап, Қаулы етті: Сотталған ………………. қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 20…жылғы 31 қазандағы үкімі өзгертілсін. Жәбірленуші …………….. қатысты азаматтық талапты қараған бөлігінің күші жойылып, жәбірленуші …………… азаматтық талаптары қанағаттандырылсын. Азаматтық жауапкер ………….. азаматтық талап қоюшы …………….. пайдасына 1 333 174 теңге өндірілсін. Сотталған …………….. мемлекет пайдасына 10 828 теңге баж алымы өндірілсін деген шешім қабылданды. Аталған Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 20………….. жыл Қаулысымен келіпейміз өйткені қаулыда сот жәбірленушінің Конституциялық құқықтарын өрескел бұзып, азаматық құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін өрескел заң бұзушылықтарына жол берді. Апеляциялық сатыдағы соттың қаулысы қолданыстағы Қазақ елінің заңнамасына қарама қайшы келеді және істің мән жайларына сәйкес келмейтіні анық. Өйткені Апеляциялық сатыдағы сот жәбірленушінің азаматтық талап арызын …………… жәбірленушіге тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген 1 333 174 теңге мүліктік зиянның өтелуімен шектелді. Ал 1 990 440 теңге мүліктік шығынды және 1 990 440 теңге моральдық шығынды өндіру жөнінде азаматтық талап қоюы қараусыз қалдырылды . ҚР ҚПК-нің 170 бабының 6 бөлігіне сәйкес сот талап қоюды: 1) сотталушы қылмыстық құқық құрамының болмауына байланысты ақталған; 2) есі дұрыс емес адамға мәжбірлеу шарасын қолдануға, іс тоқтаттылған; 3) іс осы Кодекстің 35 бабы 1 бөлігінің 5),7),8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған; 4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайда , қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Сотта …………….. мүліктік шығынды және моральдық зиянды өндіру жөніндегі азаматтық талап қоюы қаралмағаны заңсыз деп есептейміз. Өйткені Сотталушыны ешкім ақтаған жоқ, керісінше ауыр қылмыс жасады деп тауып кінәлі деп тапты, жәбірленуші бұл іс бойынша ешқандай да қараусыз қалсын деп арыз түсірген жоқ. Сол себепті соттың жәбірленушінің азаматтық талап арызын қараусыз қалдыруы заң талаптарына қарама қайшы келеді және қылмыстық процесуалдық заңның елеулі түрде бұзылуына әкеліп соқты. Сот қаулысында ҚР АКнің 951 бабын заңсыз қолданып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативтік қаулысын дұрыс талқыламай, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп сотталушы ………………. ҚР ҚКнің 177 бабының 3 бөлігі б) тармағымен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп таныды да, заңсыз Азаматтық кодекстің 951 бабына сәйкес заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық мүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсіздік) арқылы келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану туралы» № 7 нормативттік қаулысына сәйкес борышкердің мүліктік құқықтарын қозғамайтын міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауы АҚнің 951 бабының 4 тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін болдырмайды деп сот заңсыз анықтама берді. Сонда сот сотталушы …………… жәбірленушіге қарсы ауыр дәрежедегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп тани тұра, оны қылмыскер емес, оны заңсыз борышкер жасап отыр. Ол жәбірленушіден қарызға ақша алды ма екен, не алаяқтық жасап қылмыс жасады ма екенін осы заңсыз шығарған қаулысымен сот өзі шығарған үкімді жоққа шығарып отыр. Заңда, қылмыстық істе, қылмыс жасау арқылы адамға моральдық, материалдық және физикалық зиян келтірілген дегенге негіз бар болса, онда сол адам жәбірленуші деп табылады деп көрсетілген. Сонда соттың, 20… жылдан бастап ………… жәбірленушіге мүлкітік алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде жымқыру, алаяқтықпен саралап қылмыс жасаған деп танып, ……………. жәбірленуші деп тани отырып, моральдық зиян шеккен жок деп шешу нағыз заң бұзушылық. Сот, алаяқтың жәбірленушіге жер алып беремін деп алдап дүниесін жымқырғаны, уйсіз-куйсіз қалдырып, төрт жыл бойы алдап, балағаттап, қорқытып, мазақ қылып қорлағанда жәбірленуші: қорлыққа, психикалық куйзеліске, дискомфорттық жағдайға, жан ауыруына түскен жоқ деп, жәбірленушінің моральдік күйзеліске ұшырамады деп қабылдаған соттың шешім қылмыстық іске Алматы қалалық Апелляциялық сот алқасы сот отырысында сот ҚР ҚПКнің 24 бабына сәйкес істің мән жайларын жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға және заңды жан-жақты қарауға міндетті еді ендеше азаматтық талапкердің мүліктік шығыны және моральдық шығыны өндірулуі тиіс еді быұл жағдайда соттың тым немқұрайлы қарағаны айдан анық.
Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 5 тармағында моральдық зиян залал келтіргеннің кінәлі болған жағдайында өтеледі және Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі деп көрсеткен. Және, осы нормативтік қаулының 6 тармағында АК-нің 917-бабының 1-тармағына сай, моральдық зиянды құқыққа қарсы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға оны толық көлемiнде өтеуге тиiс деп дөп басып айтылған. ҚПК-нің 168-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы (04.04.2013 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 1 нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес, мүлікті ұрлау салдарынан келтірілген зиян жәбірленушіге шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағалар ескеріле отырып өтеледі. Келтірілген зиянды шешiм шығаратын күні қалыптасқан бағаларды ескеріп өндіру туралы ұқсас талаптар «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі (31.03.2017 жылғы өзгерістер және толықтырулармен) № 5 нормативтік қаулысының 20-тармағында да көрсетілген. Бұл жағдайда азаматтық талап қою мөлшерінің ұлғайтылуы доллар бағамының ұлғайтылу жағына қарай нарықтық өзгеруімен байланысты және айыптау шегінен шығу болып табылмайды деп есептейміз. Сот тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген 6000 АҚШ долларын көлемінде мүлiктiк зиянның өтелуіне сілтеме жасап, қылмыстық істі А.Д.Адановтың сотқа берілген айыптау шегінде қараумен шектеліп, жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын толығымен өндірілуін негізсіз қараусыз қалдырды. Азаматтық талап қоюды басты сот талқылауында қарау кезінде келтірілген зиянды шешім қабылданатын күні қалыптасқан бағаларды ескеру арқылы өндіруді сұраған жәбірленушінің уәждерін сот назардан тыс қалдырған және тиісті тексерусіз қалдырып, оларға баға бермеді.
ҚР ҚПК-нің 484-бабында «Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері» баяндалған онда Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды делінген. Мұндай жағдайда жоғарыда аталған заң талаптарының орындамалмауы азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге әкеп соққты. Сондықтан, іс бойынша қабылданған сот актісі азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге әкеп соққан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы себепті жойылуға, іс касациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолдануға жатады деп есептейміз. Жаңадан қарау барысында сот аталған кемшіліктерді жойып, азаматтық талап қою бөлігінде жинақталған дәлелдемелерге тиісті бағасын беріп, заңды, негізді шешім қабылдауы қажет. Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 485 бабында «Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері» корсетілген онда Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген кемшіліктер болғанда, жәбіленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға жолберілгенде, азаматтық талап қоюды дұрыс шешпегенде, қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайлар кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері болып табылады делінген. Осыған орай Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 24 сәуір 2018 жылғы қаулысы жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша шығарылған қаулысының заңсыз болуына байланысты бұзылуға жатады.
Осы жоғарыда көрсетілген мән жайларды ескере ҚР ҚПК-н басшылыққа ала отырып процессуалдық заң талаптарының сот тарпынан өрескел бұзылуына байланысты,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2018 жылдың 24 сәуіріндегі қаулысын өзгертіп, жаңа қаулы қабылдау арқылы сотталушы ……………… жәбірленушінің азаматтық талап арызы бойынша материалдық залал ретінде 6 000 АҚШ долларын, моральдық зиян ретінде 6 000 АҚШ долларын, жалпы соммасы 12 000 АҚШ долларын толығымен өндірілуін.
Тіркеме: 1.…………………… 2.……………….. Жәбірленуші/азаматтық талапкер: _______________/ ………. «__» _________20… жыл
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы