Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрлерінің анықтамалығы туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 86 шешімі
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7 тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен бекітілген Ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.
3. Мыналар белгіленсін:
анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
анықтамалықтың кодтық белгілерін пайдалану зияткерлік меншік саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді технологиялық жобалау және іске асыру кезінде міндетті болып табылады.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы | Б. Сұлтанов |
|---|
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 86 шешімімен БЕКІТІЛГЕН. |
|---|
Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
I. Анықтамалықтың егжей-тегжейлі мәліметтері
Жүктеп алу
| Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрінің коды | Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрінің сипаттамасы |
|---|---|
| CY | мәліметтерді бастапқы (түпнұсқа) тілдегі кирилл әліпбиінің әріптерімен транслитерациялау |
| LA | мәліметтерді бастапқы (түпнұсқа) тілдегі латын әліпбиінің әріптерімен транслитерациялау |
| OR | бастапқы (түпнұсқа) тілде ұсынылған мәліметтер |
| TR | мәліметтерді бастапқы (түпнұсқа) тілден аудару |
II. Анықтамалықтың паспорты
Жүктеп алу
Р/с №
Элементтің белгіленуі
Сипаттамасы
1
2
3
1
| Код | 077 |
|---|---|
2
| Түрі | 1 – анықтамалық |
|---|---|
3
| Атауы | зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрлерінің анықтамалығы |
|---|---|
4
| Аббревиатурасы | СВБПИС |
|---|---|
5
| Белгіленуі | ЕС 077-2026 (ред.1) |
|---|---|
6
| Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 86 шешімі |
|---|---|
7
| Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолданыла бастау) күні | 2026 жылғы 16 тамыз |
|---|---|
8
| Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
|---|---|
9
| Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні | – |
|---|---|
10
| Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
|---|---|
11
| Мақсаты | анықтамалық зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрлері туралы ақпаратты жүйелеу мен кодтауды қамтамасыз етуге арналған |
|---|---|
12
| Аннотациясы (қолданылу саласы) | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады |
|---|---|
13
| Түйінді сөздер | ұсыну түрі, зияткерлік меншік, транслитерация, тіл |
|---|---|
14
| Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | зияткерлік меншік |
|---|---|
15
| Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану | 2 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылмаған |
|---|---|
16
| Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ |
|---|---|
17
| Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – жүйелеудің реттік әдісі |
|---|---|
18
| Жүргізу әдістемесі | 1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған рәсімі |
|---|---|
19
| Құрылымы | анықтамалық құрылымы туралы ақпарат (анықтамалық өрістерінің құрамы, олардың мәндерінің салалары және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде көрсетілген |
|---|---|
20
| Деректердің құпиялылық дәрежесі | анықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
|---|---|
21
| Белгіленген қайта қарау кезеңділігі | – |
|---|---|
22
| Өзгерістер | – |
|---|---|
| - |
23
| Анықтамалықтың (сыныптауыштың) егжей-тегжейлі мәліметтеріне сілтеме | анықтамалықтың егжей-тегжейлі мәліметтері осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген |
|---|---|
24
| Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
|---|
III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың деректемелік құрамын және құрылымын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Анықтамалықтың деректемелік құрамы мен құрылымы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (бағандар) қалыптастырылады:
«деректеменің атауы» – деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөздік белгіленуі;
«деректеме мәнінің саласы» – элементтің мәнін (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
«деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары» – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;
«мн.» – деректеменің еселігі (міндеттілігі (міндетті еместігі) және деректеменің қайталану саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің еселігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталануына жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);
1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n);
0..1 – деректеме міндетті емес, қайталануына жол берілмейді;
0..* – деректеме міндетті емес, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме міндетті емес, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).
| Кесте |
|---|
Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы
Жүктеп алу
Деректеменің атауы
Деректеме мәнінің саласы
Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары
Мн.
| 1. Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрі туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындалады | кірістірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады |
|---|
1..*
| 1.1. Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрінің коды | символдар жолы.Үлгі: [A-Z]{2} | әріптік кодтау әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады |
|---|
1
| 1.2. Зияткерлік меншік саласындағы мәліметтерді әріптік (тілдік) ұсыну түрінің сипаттамасы | символдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 1000 | орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады |
|---|
1
| 1.3. Анықтамалық жазбасы туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындалады | кірістірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады |
|---|
1
| 1.3.1. Қолданысқа енгізілу күні | ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысқа енгізілу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді |
|---|
1
| 1.3.2. Анықтамалық жазбасының қолданысқа енгізілуін регламенттейтін акт туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындалады | кірістірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады |
|---|
0..1
| 1.3.2.1. Акт түрінің коды | нормаланған символдар жолы.Үлгі: \d{5} | Еуразиялық экономикалық одақ органының актілер түрлерінің анықтамалығына сәйкес акт түрінің кодтық белгіленуі |
|---|
1
| 1.3.2.2. Актінің нөмірі | символдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 50 | Еуразиялық экономикалық одақ органының акт нөміріне сәйкес келеді |
|---|
1
| 1.3.2.3. Актінің күні | ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының акт қабылдаған күніне сәйкес келеді |
|---|
1
| 1.3.3. Қолданылу мерзімінің аяқталу күні | ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыс мерзімінің аяқталу күніне сәйкес келеді |
|---|
0..1
| 1.3.4. Анықтамалық жазбасының қолданысын тоқтатуды регламенттейтін акт туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындалады | кірістірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады |
|---|
0..1
| 1.3.4.1. Акт түрінің коды | нормаланған символдар жолы.Үлгі: \d{5} | Еуразиялық экономикалық одақ органының актілер түрлерінің анықтамалығына сәйкес акт түрінің кодтық белгіленуі |
|---|
1
| 1.3.4.2. Актінің нөмірі | символдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 50 | Еуразиялық экономикалық одақ органының акт нөміріне сәйкес келеді |
|---|
1
| 1.3.4.3. Актінің күні | ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының акт қабылдаған күніне сәйкес келеді |
|---|
1
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар