Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қауіпсіздік техника ережелерін бұзу кезінде моральдық зиянды өтеу

Қауіпсіздік техника ережелерін бұзу кезінде моральдық зиянды өтеу

Қауіпсіздік техника ережелерін бұзу кезінде моральдық зиянды өтеу

Қауіпсіздік техника ережелерін бұзу кезінде моральдық зиянды өтеу

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері белгілейді еңбек қызметін атқару кезінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған белгілі ережелерден құралуы тиіс.

Техникалық құқықтық нормаларған бекітілген құқықтық актілер және заң күшіне айналған техникалық нормалар жатады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодесінің 5-бөлімінде көрсетілген. 2015 жылдың 24 ақпанындағы Екібастұз қалалық сотының шешімімен 1 млн теңге мөлшерінде «Евроазиятская энергетическая корпорация» АҚ-нан Т.С.Т-хтың пайдасына өндірісте ұлының қайтыс болуына байлансты өндірілген. Қайғылы жағдай актісіне сәйкес АҚ-да жүргізуші болып жұмыс істеген В.М.Т-ких қайтыс болғаны сотпен анықталған.Қайғылы жағдай «Камаз 53202» автокөлігінің В.М.Т-хты басып кету салдарынан болған, жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз, ал жүргізушінің кінәсі 0 пайыз деңгейінде танылған. Актіде жағдайдың негізгі болу себебі транспорт құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу болып табылатындығы көрсетілген. АК-нің 921-бабына сәйкес заңды тұлға немесе азамат өзiнiң қызметкерi еңбек (қызметтiк, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрген зиянды өтейдi.

Павлодар облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жыл 12 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгертілді: өндірілген моральдық зиян мөлшері 5 миллион теңгеге дейін жоғартылды. Содан,алқа бірінші сот сатысы зиян мөлшерін анықтау кезінде Азаматтық кодекс және Нормативтік қаулы талаптарын ескермегендігін атап өтті. Алқа талапкердің толығымен қайтыс болған ұлының қарауында болғандығын, оның бір пәтерде анасымен тұрғандығын, талапкерге келтірілген зиянның аса ауырлығын, оның жасын және жауапкердің қаржылық жағдайын оның Қазақстанда ірі ұйымдардың біі болып табылатындығын ескерді.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешмімен талапкер С.И.М-ың жауапкер «Астана Энергия» АҚ-нан денсаулыққа келтірілген зиян салдарынан болған зиянды өтеу турала арызды қанағаттандырудан бас тартылды.Қайғылы жағдай болу туралы актісіне сәйкес оның өндірісте болу себептері құралмен жұмыс жасаған кезде Қауіпсіздік ережесінің 3.4.8 тармағының талаптарын бұзудан, арнайы қорғану құралын қолданбаудан болған (арнайы көзілдірік). АК-тің 951-бабы 2-тармағына сәйкес моральдық зиянды зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. Жұмыс берушінің әрекетінде қайғылы жағдайдың болу кінәсі сотта өз дәлелін тапқан жоқ.

Астана қаласының Есіл қаласы сотының шешімімен, апелляциялық алқа қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, «Астана-региональная электросетевая компания» АҚ-нан К.А.А-втың пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.Талапкер жұмыс ауысымы басында трансформатор станциясы құрылысын қосу бойынша оған тапсырма берілген. Жұмысты аяқтағаннан оң талапкер радиостанция арқылы диспечемен байланысқа шығып, нарядты жапқан. Жұмыс баысы кезінде қосатын пышақтарды тексергенде ол 4 деңгейлі электрлік күйік алған, денесінің 16 пайызы күйіп қалған.Арнайы тергеудің қайғылы жағдай актісіне сәйкес аталған жағдай себептері жұмыскердің байқаусыздығы және АҚ тарапына жауакершілікті тұлғалардан бақылаудың дұрыс боллмауы болып табылады. Жұмыскер кінәсі 50 пайыз, жұмыс берушінің кінәсі 50 пайыз болып анықталған. Зиян мөлшерін тағайындау кезінде сот келтірілген зиян салдарынан талапкердің басынан кешкен қиындықтарын, жұмыс істеу қабілетінен айырылп қалғанын, өз бетімен өзіне қызмет көрсете алмай қалғындығын ескерді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.