⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Ауыл шаруашылығы жануарларының меншік иесінің жауаптылығы

Ауыл шаруашылығы жануарларының меншік иесінің жауаптылығы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ауыл шаруашылығы жануарларының меншік иесінің жауаптылығы

Ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болған ЖКО-дан келтірілген залалды өтеу туралы көлік құралдары иелерінің жануарлар иелеріне берген талап қоюлары бойынша істерді қарау кезінде соттар ауыл шаруашылығы жануарларын ЖҚК-ге жатқыза отырып, АК-нің 931-бабының ережелерін жекелеген жағдайларда қате қолданады.

ЖҚК көлік құралы болып табылатынын және АК-нің 931-бабында оның иесінің жоғары жауаптылығы белгіленгенін соттардың назарда ұстағаны жөн, сондықтан ЖҚК иесінің жауаптылығын болдырмауға орын алған ЖКО-мен себеп-салдарлық байланыста болған жануар иесінің заңсыз, кінәлі әрекеттері болып табылады.

Көлік құралы иесінің жауаптылығы міндетті сақтандырылуға жатады, ал қолданыстағы заңнамада ауыл шаруашылығы жануары иесінің жауаптылығын міндетті сақтандыру көзделмеген.

Ауыл шаруашылығы жануарының меншік иесінің ЖКО салдарынан зиян келтірудегі жауаптылығын анықтау үшін оның ортақ пайдаланылатын 25 жерлерде, темір және автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарының шекараларында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу фактісін анықтау қажет.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларында, сондай-ақ облыстық мәслихаттардың шешімдерімен регламенттелген. бекітілген жаю қағидаларында Облыстық соттардың анықтамаларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзып, жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтірген ауыл шаруашылығы жануарларының меншік иелері ӘҚБтК-нің 408-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны көрсетілген.

Алайда, ӘҚБтК-нің 408-бабының екінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы, яғни ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған) жаю; міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде вакцинациядан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю саласындағы бұзушылықтарға жатады.

Мал иелерін Мал жаю қағидаларының 6-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жайылым қағидаларын, атап айтқанда:

- жалпы пайдаланымдағы жерлерде, темір және автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, су қорғау белдеулері мен санитарлық қорғау аймақтарының шекараларында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю;

- ауыл шаруашылығы жануарларын темір жолдар мен жолдар арқылы арнайы бөлінген орындардан тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейдегі мал айдауларынан басқа) айдау (айдау);

- өзге жолдар болған кезде асфальт және цемент-бетон жабыны бар жол бойымен ауыл шаруашылығы жануарларын айдау (айдау) қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту дұрыс болады.

Жаю қағидаларының көрсетілген ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық ӘҚБтК-нің 633-бабының екінші бөлігінде көзделген, яғни адамдарға жеңіл дене жарақатын, көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті зақымдап, жол-көлік оқиғаларына әкеп соққан жаю қағидаларын бұзу болып табылады.

Сонымен бірге, жануардың меншік иесін ӘҚБтК-нің 408-бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту, егер полиция органдары ЖКО-ның мән-жайларын толық анықтаса, талап қоюдан бас тартуға негіз болып табылмайды.

Осыған орай ЖКО-мен себеп-салдарлық 26 байланыста болған жануар иесінің кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттерінің болуы туралы қорытынды жасауға болады.

ҚР ЖС-нің азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен В.П. Б.Т. материалдық залалды ӛтеу және моральдық зиянды өтеуді ӛндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Іс материалдарын қарағанда, 2021 жылдың 9 тамызында кешке Тургеневка кентінде тұратын жұбайлар П Жітіқара қаласында тұратын жұбайлар Л келген.

2021 жылдың 10 тамызында сағат 01-00 шамасында қонақтардың ұсынысы бойынша ерлі-зайыптылар П мен Л үш кәмелетке толмаған баласымен бірге Жітіқара қаласына баруға шешім қабылдады.

П сыра ішуіне байланысты В.Л. автомашина руліне отырған, ал бұл ретте В.П. қауіпсіздік белдігін тақпаған. Тургеневка-Жітіқара автожолымен жүру кезінде В.П. автомобилінің және Б.Т. тиесілі екі жылқымен ЖКО орын алды.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар В.П. мен Н.П.е дене жарақаты келтірілді, жылқылар өлді.

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен В.Л. ЖКО орнын қалдыру фактісі бойынша ӘҚБтК-нің 611-бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

2021 жылғы 9 қыркүйекте К.Т. (Б.Т. ағасы) қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 408 бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

В.П. мәлімдеген материалдық залалды өтеу, моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талаптарды қанағаттандыра отырып және Б.Т. материалдық залалды өтеу туралы қарсы талабынан бас тарта отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар АК-нің 931, 935, 951-баптарына сілтеме жасап, жылқыны ЖҚК-ге жатқызды.

ҚР ЖС-нің алқасы бұл жағдайда ЖҚК В.П. автомобилі болып табылатынын, ауыл шаруашылығы жануары ретінде Б.Т. тиесілі жылқы оған жатпайтынын атап өтті. ЖҚК иесі В.П. жауаптылығын алып тастау үшін жануар иесінің ЖКО мен себеп-салдарлық байланыстағы заңсыз, кінәлі әрекеттерін анықтау қажет.

Жергілікті соттар Б.Т. кінәлі, заңсыз әрекеттері туралы өз тұжырымдарын негіздеу үшін ӘҚБтК-нің 408-бабының екінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін Қ.Т. (Б.Т. ағасы) әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 2021 жылғы 9 қыркүйектегі қаулыны алған.

Алқа бұл қаулының осы істі қарау үшін құқықтық маңызы жоқ деген қорытындыға келді, өйткені ӘҚБтК-нің 408-бабында кӛзделген әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы бұзушылықтарға жатады.

Сондай-ақ алқа меншік иесінің әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 633-бабының екінші бӛлігі бойынша оның жауаптылығына әкеп соқтыратын жайылым қағидаларының талаптарын бұзғанын анықтамаған, өйткені полиция органдары жұбайлар П арызының негізінде ЖКО мән-жайларын тексермеген.

Ақмола облыстық сотының талдамалық анықтамасында облыста ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болған ЖКО кезінде зиянды өтеу бойынша қалыптасқан практика көрсетілген.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 23 маусымдағы қаулысымен В.Б. К.Ж., А.Т. зиян сомасын ортақ ӛндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша Аршалы аудандық сотының 2022 жылғы 19 сәуірдегі шешімі өзгертілді.

Аршалы аудандық сотының 2022 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен аталған талап қою ішінара қанағаттандырылған, А.Т. В.Б. пайдасына 2 431 546 теңге мөлшерінде зиян өндірілді.

Іс материалдары бойынша талап қоюшы түнде автокөлікті басқарып келе жатып, табынмен жолдан өтіп жатқан жылқыны қаққан.

Соқтығысу салдарынан жылқы өлген, кӛліктің зақымдануы салдарынан талап қоюшыға зиян келтірілген.

Сот отырысында жауапкерлердің көрсетілген ЖКО фактісіне қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Алқаның пікірінше, уәкілетті органның өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру кезінде ЖКО мән-жайларын іс жүзінде зерттемеген, тексеру біржақты тәртіппен жүргізілген, ЖҚЕ нормаларын бұзуға жол берген талап қоюшының ӛзінің ӛрескел абайсыздығы ескерілмеген.

Тараптардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін анықтау мүмкін еместігін ескере отырып, алқа өндіріп алынған соманың жартысын азайта отырып, тараптар арасында жауаптылықты тең бӛлу қажет деп санады.

Сонымен қатар азаматтық заңнамада кӛлік құралының иесі мен ЖКО кезінде мал иесі арасында жауаптылықты бөлу туралы нормалар жоқ.

Полиция органдары жануарлардың иелерін ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартқан жағдайларда, соттар ЖКО мән жайларын жалпы тәртіппен анықтауға, оның ішінде көлік құралы иесінің ЖҚЕ сақтауына қатысты әрекеттерін тексеруге құқылы.

Бұл ретте «Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бӛлігінің нормаларын қолдануының кейбір  мәселелері туралы» ҚР ЖС-нің 2017 жылғы 6 қазандағы №7 нормативтік қаулысының 26-тармағы 2-абзацының ережелерін ескеру керек. Көрсетілген тармаққа сәйкес, егер жол-көлік оқиғасы кезінде мал мен үй жануарлары шығыны 1.24 «Малды айдап өткізу» туралы ескерту жол белгілері қойылған аумақтардан тыс жерде орын алған болса, жылдамдық режимін немесе Жол жүрісі қағидаларының басқа да ережелері бұзылмаған жағдайда көлік құралын жүргізуші ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бӛлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Мұндай жағдайларда жол-көлік оқиғасының негізгі себебі мал иесінің жануарларды бақылауға қатысты Жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінің 12-тармағының 1) тармақшасы бойынша өзіне жүктелетін міндеттемелерді орындамағандығы болып табылады, бұл мән-жайларға қарай ӘҚБтК-нің 615-бабының екінші бөлігі немесе 633-бабының екінші бӛлігі бойынша жауаптылыққа алып келеді.

Көрсетілген норманың мазмұнына сәйкес мынадай жағдайлар кезінде мал иесі әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады:

- «малды айдаап өткізу» деген ескерту белгісінің қолданылу аймағынан тыс жерде ЖКО жасау;

- көлік құралы жүргізушісінің жылдамдық режимін және ЖҚЕ басқа да ережелерін бұзбауы.

Істердің соттылығы

Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.

Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бӛлігі).

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан 

«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.

Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды.

Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген

Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.

Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.

ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.

 Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К

Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді.

Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады

 ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.

Тиісті жауапкерді анықтау

Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.

Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.

ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.

Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды.

Нормативтік құқықтық база

          Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);

 - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;

- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;

2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;

- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

          Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

 

Комментарий к статье 287. Незаконная добыча водных животных и растений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 287. Незаконная добыча водных животных и растений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Незаконная добыча рыбы, морского зверя и иных водных...

Толық оқу »

Комментарий к статье 290. Незаконное обращение с редкими и находящимися под угрозой исчезновения видами животных и растений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 290. Незаконное обращение с редкими и находящимися под угрозой исчезновения видами животных ирастений УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Неза...

Толық оқу »

339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериватт...

Толық оқу »

1006-бап. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1006-бап. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Өсiмдiктердiң жаңа сорт...

Толық оқу »

249-бап. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

249-бап. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі Ескер...

Толық оқу »

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Балық ресурстарын, басқа да су жануарл...

Толық оқу »

259-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосымшаға енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру Қазақстан Республикасының Экология кодексі

259-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін, сондай-ақ Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы к...

Толық оқу »

408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қ...

Толық оқу »