Кеден органдары қатысатын азаматтық істер жөнінде
Кеден органының іс-қимылдары мен шешімдерін даулау туралы талап-арыздар бойынша (АПК 27-тарауының тәртібімен), мыналармен байланысты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша борышты өтеу туралы мәлімдеуші-жеке тұлғаларға кеден органдарының талап-арыздары бойынша:
СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы) бойынша тауарларды жіктеумен, шекара арқылы ауыстырылатын тауарлардың кедендік құнын анықтаумен, сондай-ақ кеден органдары қатысатын басқа да даулар бойынша істер болып табылады.
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының құрылуымен 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кеден ісі саласындағы заңнама құқық қолдану практикасында белгілі бір қиындықтар туғызатын көп деңгейлі сипатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Кеден одағының Кедендік кодексінің 1-бабы 2-тармағына байланысты, Кеден одағындағы кедендік реттеу Кеден одағының Кедендік заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамамен реттелмейтін бөлігінде – Кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Яғни, Кеден одағының кедендік заңнамасы нормаларының тікелей қолданысы бар. Ұлттық заңнама деңгейіне жатқызылған мәселелер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекспен реттеледі.
Осы Кодексте реттелуі Кеден одағына мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жүргізуге тікелей жатқызылған немесе Кеден одағының Кедендік кодексімен қозғалмаған нормалар көрініс тапқан.
Кеден органы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында даулар туындайтын үш шешуші бағыт болатындығын көрсетіп берді. Бұлар:
- тауарларды жіктеу;
- тауарлардың кедендік құны;
- кедендік тексеріс.
Кеден ісі саласындағы нормативтік-құқықтық база Кеден одағының мынадай заңнамаларымен ұсынылған:
Кеден одағының мынадай заңнамаларымен ұсынылған:
- 2010 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономкиалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 17 мемлекеттер басшылығы деңгейіндегі шешімімен қабылдаған Кеден одағының Кедендік кодексі туралы шартқа қосымша) Кеден одағының Кедендік кодексі (бұдан әрі – КО Кедендік кодексі).
- Кеден одағындағы кедендік қарым-қатынастарды реттейтін Кеден одағына мүше-мемлекеттердің халықаралық шарттары (келісімдері).
Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми http://www.eurasiancommission.org сайтында орналастырылған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың толық тізбесі.
Еуразиялық экономкиалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) шешімдерімен бекітілген келісімдер құқық қолдану практикасында барынша жиі қолданылады:
- 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім (2009 жылғы 23 ақпандағы № 139-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісім (2008 жылғы 28 қарашадағы № 81-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім (2008 жылғы 18 қарашадағы № 82-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлар шығарған елді айқындаудың бірыңғай ережелері туралы келісім (2009 жылғы 17 ақпандағы № 136-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін тауарлардың орнын жеке тұлғалардың ауыстыру және олардың шығарылуымен байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 30 маусымдағы № 314-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы бос (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың және бос кедендік аймақтың кедендік рәсімдерінің мәселелері жөніндегі келісім (2010 жылғы 30 маусымдағы № 312-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған);
- 2010 жылғы 21 мамырдағы Шеттен әкелінетіндерге салынатын кедендік баждарды (барабар қолданысы болатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) есептеу және бөлу тәртібін Кеден одағында белгілеу және қолдану туралы келісім (2010 жылғы 30 маусымдағы № 303-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған).
- Кеден одағындағы кедендік қарым-қатынастарды реттейтін Кеден одағы Комиссиясының (бұдан әрі - КОК; 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттіктерінің берілуімен таратылды) шешімдері. КОК шешімдерінің каталогы Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған.
КОК-тың 920 шешім қабылдағандығын ескере отырып, жүргізілген қорытуға байланысты мыналарды бөліп көрсету қажет деп ойлаймыз:
- «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 КОК шешімі;
- «Тауарларды шығарғаннан кейін тауарларға арналған декларацияға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы № 255 КОК шешімі;
- «Кедендік құжаттардың формалары туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 КОК шешімі;
- «Кедендік бақылау жүргізген кезде кедендік сараптама өткізу тәртібі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы № 258 КОК шешімі;
- «Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 КОК шешімі;
- «Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу, бақылау және түзету тәртіптері туралы» 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 КОК шешімі;
- «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайлаланылатын жіктеуіштер туралы» 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 КОК шешімі;
- «Тауарларды жіктеген кезде Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауарлық номенклатурасын қолдану тәртібі туралы ереже туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 522 КОК шешімі;
- «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауарлық номенклатурасының және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясы туралы» 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 КОК шешімі (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылды);
- «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауарлық номенклатурасына арналған түсіндірмелер туралы» 2011 жылғы 18 қарашадағы № 851 КОК шешімі.
- Кеден одағындағы кедендік қарым-қатынастарды реттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК;
2012 жылдың 2 ақпанынан бастап жұмыс істейді) шешімдері. ЕЭК Кеңесі шешімдерінің каталогы және ЕЭК Алқасы шешімдерінің каталогы ЕЭК-тің ресми сайтында орналастырылған.
Қорытылатын санаттағы дауларды шешкен кезде барынша өзекті болып табылады:
- «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауарлық номенклатурасын және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 ЕЭК Кеңесінің шешімі;
- «Бірдей тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша (2-әдіс) және біркелкі тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша (3-әдіс) тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану туралы» 2012 жылғы 30 қазандағы № 202 ЕЭК Алқасының шешімі; - «Тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде шегеру әдісін (4-әдіс) қолдану туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 214 ЕЭК Алқасының шешімі;
- «Тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде қосу әдісін (5-әдіс) қолдану туралы» 2012 жылғы 12 қарашадағы № 273 ЕЭК Алқасының шешімі;
- «Шеттен әкелінетін тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін (1-әдіс) қолдану туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 283 ЕЭК Алқасының шешімі 2013 жылғы 26 наурыздағы № 53 өзгерістермен;
- «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауарлық номенклатурасына арналған түсіндірмелерді қолдану туралы» 2013 жылғы 12 наурыздағы № 39 ЕЭК Алқасының шешімі.
Ұлттық кедендік заңнама мынадай нормативтік актілермен ұсынылған:
- «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – ҚР Кедендік кодексі);
- «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексте қабылдау көзделген нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда:
- «Кеден органдарының лауазымды тұлғалырының тауарларға кедендік тазарту жасау ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1149 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Артықшылықты және артықшылықты емес режимдерді қолданған кезде тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау және жиналмаған күйінде тауарларды жіктеу туралы, тауарларды жіктеу бойынша шешімдердің формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 912 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Кеден органдары өндіретін кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; - «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түсімдерін есептеу және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлар үлгілерін және сынамаларды іріктеу ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 қазандағы № 1016 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
- «Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламалардың формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы;
- «Көшпелі кедендік тексеру ұйғарымдарының және бұзушылықтарды жою туралы талаптардың формаларын бекіту туралы; 2010 жылғы 29 шілдедегі № 383 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы.
- «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы.
Кеден органдары қатыстырылған дауларды жалпы заң құзіретінің соттары сияқты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушының (жеке тұлға, жеке кәсіпкер, заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын білім) ісі бойынша екінші тараптың мәртебесіне байланысты, АПК 3-тарауымен белгіленген қылмыстылық бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар (бұдан әрі – экономикалық сот) да қарастырды.
Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) бойынша тауарларды жіктеумен байланысты даулар.
Тауарлар оларды кедендік декларациялаған кезде СЭҚ ТН бойынша жіктелуге тиіс. Декларант кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде тауарды СЭҚ ТН бойынша жіктейді және кедендік декларацияда тауардың кодын мәлімдейді.
СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін барынша өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біріншіден, шеттен әкелінетін/шетке шығарылатын кедендік баждың ставкасы, тиісінше, тауарларға және көлік құралдарына тарифтік емес шаралардың, шектеулер мен тыйым салулардың қолданылатындығы тауардың КО СЭҚ ТН қандай жіктеу кодына жатқызылатындығына байланысты.
Екіншіден, тауарды КО СЭҚ ТН сол немесе басқа жіктеу кодына жатқызу, көбінесе, арнайы техникалық білімнің болуын және тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны өндіру тәсілдерін және басқасын анықтаумен байланысты қосымша сараптамалар жүргізуді талап етеді.
СЭҚ ТН Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне негізделеді. 2004 жылғы 3 ақпандағы № 525-II Заңмен Қазақстан Республикасы Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға қосылды (Брюссель, 14 маусым 1983 жыл). Қазіргі уақытта Кеден одағының аумағында 2012 жылғы 16 шілдедегі ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілген Бірыңғай СЭҚ ТН қолданылады.
СЭҚ ТН – бұл Тауарлардың экспорты мен импортын мемлекеттік реттеу үшін қолданылатын жіктеуіш, яғни, тауарлар атауын, олардың кодтық белгіленуін, тауарлар санының өлшем бірлігін, сондай-ақ ескертпелер мен түсіндіру ережелерін қамтитын тауарлардың жүйелендірілген тізбесі.
СЭҚ ТН тауарларды тек бір ғана кодқа бір белгімен жатқызу қағидаты сақталатын цифрлық кодтарды оларға беретін тауарлар тізбесін білдіреді. Яғни, әрбір тауар үшін он сандық кодтық белгілеу болады.
Алғашқы екі цифры тауарлық топты, алғашқы төртеуі – тауарлық позицияны, алғашқы алтауы – қосалқы позицияны, барлық оны – кіші қосалқы позицияны білдіреді. Атау берілмеген, ерекше бөлінбеген тауарлар үшін «себеттік» тауарлық немесе «өзге» позициялар болады.
Бірыңғай СЭҚ ТН-да 1221 тауарлық позиция, 5052 тауарлық қосалқы позиция, 11 171 тауарлық кіші қосалқы позиция жазылған.
Заңнамамен бұзушылық соттың мұндай шешімді заңсыз деп тануына әкелуі мүмкін, кеден органының тауарды жіктеу тәртібі мен рәсімі белгіленген. Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 78-бабына сәйкес, тауарларды жіктеу мынадай критерийлерге байланысты жүзеге асырылады:
1) тауар орындайтын функция;
2) тауар жасалынған материал, 3) СЭҚ ТН түсіндірудің негізгі ережелері. Егер тауарларды кедендік декларациялаған кезде декларант СЭҚ ТН бойынша тауарлардың кодтарын кедендік декларацияда дұрыс мәлімдемеген болса, онда кеден органының лауазымды тұлғасы бір жұмыс күнінің ішінде декларанттан тауарларды жіктеу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша сұратады.
Кеден органы күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған форма бойынша тауарларды жіктеу туралы шешім шығарады.
Форма «Артықшылықты және артықшылықты емес режимдерді қолданған кезде тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау және жиналмаған күйінде тауарларды жіктеу туралы, тауарларды жіктеу бойынша шешімдердің формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 912 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Онда тауар жіктеуін өзгертудің 4 негіздемесі тізбеленген:
1) кедендік жүк декларациясы; 2) ұсынылған тауарға қоса берілетін құжаттар; 3) кедендік зертхана немесе бөлім (бөлімше) немесе сараптама бөлімі (бөлімшесі) сарапшысының қорытындысы; 4) тауарлардың тәуелсіз сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханасының зерттеулерінің нәтижелері туралы акті (анықтамалар). Аталған тізбе барынша толық болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей, тауарды СЭҚ ТН сол немесе басқа жіктеу кодына жатқызу арнайы техникалық білімнің болуын және тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны өндіру тәсілдерін және басқасын анықтаумен байланысты қосымша сараптамалар жүргізуді талап етеді.
Демек, тауардың кодын қайта жіктеу туралы кеден органдарының шешімі сарапшының не зертханалық сынақтың қорытындысына негізделуге тиіс, ал мұндайдың болмауы кеден органының шешімін жоюға арналған негіздемемен танылуға тиіс. Кеден органдарының жанынан сараптамалар және зертханалық сынақтар өткізуге уәкілетті өздерінің сараптамалық және зертханалық бөлімдері құрылған. Көбінесе, кеден органдарының шешімдері заңнамаға қайшы келмейтін кедендік сараптамалар мен сынақтардың қорытындыларына негізделеді.
Алайда, тауарларды шеттен әкелуді/шетке шығаруды жүзеге асыратын тұлғалар жіктеу үшін негіз болып табылатын сараптама қорытындысының болуына қарамастан, кеден органдарының жіктеу шешімдеріне сотта шағымдануға құқылы.
Соттар осындай өтініштерді қарастыра отырып, сараптаманың тағайындалу негіздемесін, оны өткізу рәсімі мен тәртібінің сақталуын тексеруге тиіс. Сараптаманың тағайындалуы негізделген болуға, сараптамаға рұқсат беруге қойылған мәселелер – түзетілген болуға тиіс.
Сондай-ақ сараптама қорытындсының басқа дәлелдемелермен жиынтықта бағалануға тиіс, бұдан бұрын белгіленген басым күші болмайтындығын және осы үшін негіз болған кезде уәждеуге түсірілетіндігіне еске ұстау керек. Соттар бұл ретте тәуелсіз сараптама тағайындауға (оның ішінде қайталама және комиссиялық) және олардың қорытындыларын салыстыруға құқылы.
Одан басқа, жоғарыда көрсетілген Үкіметтің қаулысымен белгіленген форма бойынша кеден органының тауарды жіктеу бойынша шешімінің сәйкессіздігі, оның ішінде қатаң есептілік бланкісінде шешім шығармауы және баспаханалық тәсілмен орындалмауы сондай-ақ соған сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамасының талаптарына қайша келетін ммелекеттік органдардың шешімдері жарамсыз болатын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңның 5-бабының 2-тармағына жасалған сілтемемен осындай шешімнің жарамсыздығына алып келеді.
Тауарларды жіктеу бойынша шешім, егер белгіленген тәртіппен шағым жасалмаса, орындау үшін міндетті болып табылады.
Мысалы, «CBC TIRES» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға арналған негіздердің бірі 2013 жылғы 29 қазандағы Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті шешіміне шағым жасалмау және қарастыру сәтінде заңды күші болу жағдайы болып табылады.
Сараптама қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды және тауарларды жіктеу туралы дауды шешкен кезде басқа дәлелдемелермен қатар тең бағалануға тиіс.
«Гамбург» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Германияның С.Т. Landmaschinen - und Nutzfahrzeughandel фирмасынан орағы бар өздігінен жүретін «FORTSCHRIT Е 303» шөп машинасының екі бірлігін сатып алған, атап айтқанда, Форшрит Е 303 типті қозғалтқышы бар шөп машинасы, б/п. 2011 жылғы 16 мамырдағы экспорттық декларацияда жабдықтаушы 8433201000 тауарлық номенклатура бойынша қозғалтқышы бар шөп шабатын машинына мәлімдеген, серіктестік сондай-ақ СЭҚ ТН 8433201000 коды бойынша аталған шөп шабатын машиналарды жіктеген, оларға соған байланысты кедендік баж салынбаған.
Департамент тауарлардың шартты шығарылымын жүзеге асырған, ал келесіде тексеріс жүргізген және «FORTSCHRIT Е 303» (трактор) шөп шабатын машинасы сияқты КО СЭҚ ТН 8701905000 коды бойынша тауарды жіктеу жөніндегі шешім шығарған, ал «FORTSCHRIT Е 303» шөп шабатын машинасына (пішен шапқыш) КО СЭҚ ТН 8433 20 500 0 бойынша нөлдік ставка бойынша кедендік баж салынуға тиіс. Соған байланысты, Департамент серіктестіктің атына 844 576 теңге сомасында қарызды өтеу туралы хабарлама шығарды.
Бірінші инстанция соты тексеріс жүргізу туралы актіні және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаны заңсыз деп тани және жоя отырып, 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 2182 автотехникалық сот сараптамасының қорытындысын ғана назарға алған, соған сәйкес дауланатын шөп шабатын машиналар «FORTSCHRIT Е 303» базалық машинасы негізіндегі өздігінен жүретін ауыл шаруашылық машинасы және қосымша жабдық - Е023 пішен шапқыш болып табылады, сабақты шөп дақылдарын шабуға арналға, яғни, дайындаушы-зауыт көздеген белгілі бір операцияларды (функцияларды) орындауға ғана арналған және трактор типті әмбебап машина ретінде пайдаланыла алмайды.
Соған байланысты, сот пішен шапқыштары бар «FORTSCHRIT Е 303» шөп шабатын машиналары мен трактордың бірдей еместігі және бір тауарлық позиция бойынша жіктеле алмайтындығы туралы тұжырымға келді. Кассациялық инстанция сотының қаулысымен бірінші инстанция сотының шешімі мынадай негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тарту туралы жаңа шешімді шығарумен күшін жойды. Бірінші инстанция соты «FORTSCHRIT Е 303» тракторының габаритті өлшемдері мен техникалық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін орақтардың әртүрлі түрлерін ауыстыру/салу мүмкіндігі бар екендігін ескермеген. Яғни, «FORTSCHRIT Е 303» тракторы Е-023 немесе Е-025Б орақтарымен, Е-318 білік аударыстырғышымен және Е-309 астықты білік орағымен жиынтықтала алмайды.
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің 2013 жылғы 8 ақпандағы түсіндірмелеріне сәйкес, «FORTSCHRIT Е 303» тракторы аспалы орақ (шөп шабатын) агрегатын қозғалысқа келтіруге арналған доңғалақпен өздігінен жүретін машинаны білдіреді.
Анықтамалық ақпаратқа сәйкес, аталған трактордың габаритті өлшемдері мен техникалық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін орақтардың әртүрлі түрлерін асып алу мүмкіндігі бар. Трактор артқы жағынан сүйреуге арналған тіркеу құрылғысымен жабдықталған.
Ал, «FORTSCHRIT Е 303» шөп шабатын машинасына арналған Е-023 орағы аспалы жабдықты, шөп шабуға және оны білікке салуға арналған машинаны білдіреді. Орақ трактормен өндіріледі және машина қуатын іріктеу білігінен қозғалысқа келтіріледі. Шөп шабатын машинаның аспалы жабдығы тракторлың алдыңғы жағынан орнатылады және білік аударыстырғышы бар орақтан, тісті хендерден және біліктердің шнекті құрастырғышынан тұрады.
КО СЭҚ ТН 87-тобына арналған 2-ескертпеге сәйкес, «тракторлар» термині құралдарды, тұқымды, тыңайтқыштарды немесе басқа да жүктерді тасымалдау үшін трактордың негізгі тағайындалуымен үйлесімде, олардың қосымша айлабұйымының болатындығына немесе болмайтындығына қарамастан, негізінен, басқа көлік құралдарын, құрылғылар мен жүктерді сүйреу немесе итеру үшін тағайындалған көлік құралдарын білдіреді.
Ауыспалы жабдық ретінде 8701 тауарлық позициясындағы тракторларға орнату үшін құрамдастырылған механизм және жұмыстық аспаптар, тіпті олар өздерінің тракторларда орнатылғандығына немесе орнатылмағандығына қарамастан, тракторлармен бірге ұсынылатын болса да, тиісті тауарлық позицияларға жатқызылады. 8432 тауарлық позициясына арналған түсіндірме ережелерңне сәйкес (Трактор үшін ауыспалы жабдық болып табылатын тіркемелік немесе аспалы машиналар), кейбір ауыл шаруашылық, бақшалық немесе орман шаруашылығының машиналары жалғау құрылғысы (көтергіш тетігі болатын немесе болмайтын) тракторға жалғау үшін ғана тағайындалады. Өзге машиналар қозғалысқа трактор қуатын іріктеу білігінің жалпы тағайындалымынан келтіріледі. Мұндай машиналар дала жағдайларында, ормандарда немесе фермалар аулаларында ілінеді және ауыстырылады.
Осы машиналардың барлығы тауарлық позицияға қосылады, тіпті егер олар трактормен бірге жеткізілсе де (олардың тракторда құрастырылғандығына немесе құрастырылмағандығына қарамастан). Трактордың өзін 8701 тауарлық позициясына қосады. Кассациялық сот алқасы негізгі жіктеу критерийлеріне байланысты, «FORTSCHRIT Е 303» тракторы және аспалы орақ (шөп шабатын машинаның) 8701 (трактор) және 8433 (орақ) тауарлық позицияларында жеке жіктелуге тиіс деген тоқтамға келді.
Кедендік сараптама қорытындысын іс бойынша басқа да дәлелдемелермен жиынтықта сот бағалауға тиіс.
Экономикалық соттың шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне жазған кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаны заңсыз деп тану және жою туралы «КАТКО» қазақстан-француз БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының кедендік аумағына СЭҚ ТН 3917400000 коды бойынша декларант жіктеген және нөлдік ставка бойынша салық салынуға тиіс «STUWA құрғатқыш елегі» деген тауарды импорттаған.
Департамент тауарлардың шартты шығарылымын жүзеге асырған, ал келесіде камералдық кеденжік тексеру қорытындылары бойынша сараптама қорытындысына негізделген КО СЭҚ ТН 3917 23 900 9 коды бойынша тауарды (ПХВ-дан тесілген құбырлар) жіктеу бойынша шешім шығарған. Техниалық сипаттау мен фотосуретке сәйкес аталған тауар ПВХ-дан жасалған құрсаулы құбырларға жалғау үшін тағайындалған тесуі бар қуыс пластик құбырды білдіреді және өнімділік ерітіндісін сүзгілеу үшін қолданылды.
ҚР Кедендік кодексінің 78-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес, декларант кедендік декларациялау үшін кедендік декларация берген кезде СЭҚ ТН бойынша тауарды жіктейді және кедендік декларациядағы тауарлар кодын мәлімдейді.
Кеден органы тауарлардың дұрыс жіктелмегендігі анықталған жағдайда, өздігінен тауарларды жіктеуді жүзеге асырады және Үкіметтің айқындаған формасы бойынша тауарлардың жіктелуі бойынша шешім қабылдайды.
Кеден органдары кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау өткізген кезде тауарлардың СЭҚ ТН-ға сәйкес дұрыс жіктелуін тексереді.
Осылайша, тауарды жіктеуді кеден органы жүзеге асырады, ал формасы мен мазмұны бойынша сараптама бөлімі маманының қорытындысы тауарды жіктеу бойынша шешім болып табылмайды және ұсынымдық сипатта болады.
Сонымен бірге, даулы ГТД 2013 жылы 26 шілдеде тексерілді, яғни, 2013 жылғы 3 шілдеде ҚР ТК өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін.
Демек, сот өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымға дәлелді келді.
Шекара арқылы ауыстырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындаумен байланысты даулар жөніндегі істер.
2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік құнын айқындау мәселелері 2009 жылы 23 ақпанда № 139-IV Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісіммен (бұдан әрі – 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісім) реттеледі.
Аталған Келісіммен КО Бірыңғай кедендік тарифін қолдану, сондайақ кедендік-тарифтік реттеуден ерекшеленетін басқа да шараларды қолдану мақсатында, тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережелерін белгіленеді.
Тауарлардың кедендік құнын (кедендік бағалауын) айқындау жүйесі халықаралық практикада қабылданған кедендік бағалаудың жалпы қағидаттарына негізделеді және кедендік аумаққа шеттен әкелінетін және одан шетке шығарылатын тауарларға таралады. 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісіммен тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін алты әдіс белгіленген:
- шеттен әкелінетін тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша (1-әдіс);
- бірдей тауарлармен тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша (2-әдіс);
- біркелкі тауарлармен жасалатын мәмілелердің құны бойынша (3-әдіс);
- шегеріп есептеу (4-әдіс); - қосу (5-әдіс);
- резервтік әдіс (6-әдіс).
Алғашқы бес әдісті қолдану ережелері 2012 жылғы ЕЭК Алқасының шешімдерімен бекітілген, алайда өткізілген қорыту шеңберінде осы Ережелерді құқық қолдану практикасында қолану анықталмаған.
Тауарлардың кедендік құнын бақылауды және түзетуді жүзеге асыру тәртібі сондай-ақ 2010 жылғы 20 қыркүйектегі КОК шешімімен де регламенттелген.
Сонымен қатар, қорыту нәтижелері жергілікті соттарда тауарлардың кедендік құнын анықтаумен байланысты дауларды шешкен кезде мәселелер туындайтындығын көрсетті.
Кеден органының белгіленген кедендік құнды түзету рәсімдерін бұзуы және кедендік құнрды анықтау әдісін дұрыс қолданбауы кедендік төлемдер бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оны жою үшін негіз болып табылады.
«POSCO ENGINEERING CONSTRUCTION CO. LTD» компаниясы (бұдан әрі – компания) камералдық кедендік тексеріс актісінің күшін жою туралы сотқа және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаны жою туралы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент, кеден органы) заңсыз деп тану және жою туралы жүгінді.
Экономикалық соттың шешімімен өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды. Апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші инстанция сотының шешімі өзгертілді, камералдық тексеріс актісін жою бөлігіндегі сот шешімі осы бөліктегі іс бойынша өндірісті тоқтатумен ауыстырылды. Бірінші инстанция сотының шешімі қалған бөлікте өзгеріссіз қалдырылды.
Кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.
Жоғарғы Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының қаулысымен Апелляциялық және кассациялық инстанция сотының сот актілері өзгертілді, өтінішті қанағаттандыру туралы жаңа шешімді осы бөлікте шығара отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту бөлігінде ауыстырылды. Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаны заңсыз деп танылып, күшін жойды.
Қалған бөлікте облыстық соттың сот алқасының қаулылары өзгерісіз қалдырылды.
2011 жылы 3 мамырда компания филиалы (жалға алушы) K-tech. & Construction Co., LTD (жалға беруші) жалға алу шартын жасасты, оның шарттары бойынша жалға беруші жалға алушыға жеке меншік құқығын берусіз құрылыс техникасын ақылы негізде жалға беру құқығында беруге міндеттенеді. Аталған шарт бойынша құрылыс техникасын жалға алғаны үшін жалпы төлем екі кезеңде жүргізіледі.
Жалға алу шартының шеңберінде компания қоғамдық жұмыстар, құрылыс және басқа да ұқсас жұмыстар үшін кеден одағының кедендік аумағына екі ДТ №№ 51321/120711/0007566 және 54809/060911/0001569 жабдығын шеттен әкелуді жүзеге асырған. Декларант тауардың кедендік құнын шеттен әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша мәлімдеген. Тауар мәлімделген кедендік рәсім бойынша шығарылған.
Тауарды шығарғаннан кейін камералдық кедендік тексеріс жүргізілген, нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеріс актісі құрастырылып, компанияның атына 2013 жылы 21 қарашада № 16-06-12/18 13 417 328 теңге сомасында кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама жіберілген.
Камералдық кедендік тексеріс актісіне сәйкес, компания шеттен әкелінген тауардың кедендік құнын дұрыс анықтамаған, сондықтан 2011 жылғы 3 мамырдағы жалға алу шартының мазмұнында аталған мәміледе сатып алу – сату шартының белгілері болмайтындығы және мәлімделген сома жалға алғаны үшін төленуге тиіс төлем сомасы болып көрсетілген.
Өтініш беруші кедендік ережелерді бұза отырып, кеден органына сатушының жалға алғаны үшін емес, сатып алған тауар үшін төленген сома ретіндегі аударымдарын растайтын құжаттарды кеден органына ұсынбаған.
Кеден органы аталған екі ГТД бойынша тауардың кедендік құнына түзету жүргізе отырып, № 54809/060911/0001569 кедендік декларация бойынша ресімделген тауарларға қатысты тауардың салмағы бойынша – бетон төсегіш бойынша құны анықталған біркелкі тауарлармен жасалған мәміленің бағасын шығарды, кедендік құны резервтік әдіс бойынша анықталды. № 51321/120711/0007566 КД және № 54809/060911/0001569 КД бойынша ресімделген тауарларды уақытша шеттен әкелудің кедендік рәсімі, тиісінше, № 55509/210613/0009181 КД және № 55509/240613/0009280 КД бойынша ресімделген және ішкі тұтынуға арналған шығарылымның кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру аяқталған болатын.
Бірінші инстанция соты Департаменттің кедендік құнын осылай түзетуінің негізділігін және компанияның атына хабарлама шығарудың заңдылығын көрсетіп берді. Апелляциялық алқа бірінші инстанция сотының тұжырымдарын дұрыс деп таныды, сонымен қатар камералдық тексеріс актісіне шағым жасалмайтындығына сүйене отырып, аталған бөліктегі іс бойынша өндірісті.
тоқтатты. Кассациялық инстанция соты апелляциялық алқаның ұстанымымен келісті. Дауды қарастырған кезде барлық сот инстанциялары Қазақстан Республикасының Кедендік кодексін, яғни, ұлттық заңнаманы басшылыққа алды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген КО Кедендік кодексінің 1-бабының 2-тармағына байланысты, Кеден аумағындағы кедендік реттеу КО кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, ал осындай заңнамамен реттелмеген бөлігінде – КО мүше-мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес.
Тиісті нормативтік-құқықтық актілер, атап айтқанда - Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі (бұдан әрі – Бақылау тәртібі) және Тауарлардың кедендік құнын түзету тәртібі (бұдан әрі – Түзету тәртібі) «Тауарлардың кедендік құнын декларациялау, бақылау және түзету тәртіптері туралы» 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 Комиссияның шешімімен бекітілген.
Департамент қарастырылған іс бойынша қорытындылары бойынша тауарлардың кедендік құнына іс жүзінде түзету жүргізілген тауарлардың кеденедік құнына бақыдауды жүзеге асырды. Алайда, Комиссияның аталған шешімімен қарастырылған кедендік құнды бақылау және түзету рәсімін Департамент сақтамаған.
2010 жылдың 21 қазанынан бастап Кеден одағының аумағында қолданылатын Бақылау тәртібінің 27-тармағына сәйкес, тауарларды шығарғаннан кейін кедендік құнын бақылау барысында тауарлардың кедендік құны туралы сенімсіз мәліметтер, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтау әдісін дұрыс таңдамау және (немесе) тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтамау байқалған кезде кеден органы кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды және оны Кеден одағына мүшемемлекеттердің заңнамаларымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде декларанттың назарына жеткізеді.
Кедендік құнды түзету туралы шешім Бақылау тәртібінің № 1 қосымшасына сәйкес ресімделеді, егер Кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамаларында өзгеше көзделмеген болса.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен өзгеше көзделмеген. Одан басқа, ҚР Кедендік кодексінің 109, 110, 111-баптарымен тауарлардың кедендік құнын бақылауды және түзетуді жүзеге асыру тәртібінің Комиссияның шешімімен белгіленетіндігі тікелей айтылған. Одан әрі декларант белгіленген тәртіппен кеден органына тиісті түрде кедендік құнның толтырылған декларацияларын (бұдан әрі - КҚД) және кедендік құнды және кедендік төлемдерді түзету формаларын ұсыну арқылы тауарлардың кедендік құнын түзетуді жүзеге асырады, сондай-ақ тауарлардың түзетілген кедендік құны ескерілген кедендік төлемдерді, салықтарды төлейді (Бақылау тәртібінің 28-тармағы).
Егер декларант Кеден одағына мүше-мемлекетте белгіленген мерзімде кедендік құнды түзетуді жүзеге асырмаса немесе осындай түзету тиісті түрде (дұрыс) жүргізілмесе, онда кедендік құнды түзетуді кеден органының уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады. Мұндай жағдайда соңғысы белгіленген тәртіппен КҚД, кедендік құнды және кедендік төлемдерді түзету формасын толтырады және декларантқа оларды толтырған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей олардың тиісті даналарын жібереді (бақылау тәртібінің 29-тармағы).
Берілген нормалармен 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Түзету тәртібінің ережелері хабарланады. Тауарлардың кедендік құнын түзету мыналарды қамтиды: - белгіленген тәртіппен ресімделген КҚД-да жүргізілетін тауарлардың түзетілген кедендік құнның шамаларын есептеу; - Түзету тәртібіне № 1 қосымшада берілген кедендік құнды және кедендік төлемдерді түзету формасында салықтарды, кедендік төлемдерді қайта есептеу және кедендік құнның түзетілген шамасын көрсету (3-тармақ).
Тауарлардың кедендік құнын түзетуді жүзеге асырған кезде КҚД толтыру міндетті болып табылады. Кеден органы түзетуді жүзеге асыратын жағдайда, пайдаланылған деректер көзі көрсетіледі (4-тармақ). Кеден одағының заңнамасымен көзделген оларды шығарғаннан кейін тауарлардың кедендік құнын бақылаудың және түзетудің сипатталған рәсімінің орнына, Департамент камералдық кедендік бақылау жүргізген.
Апелляциялық және кассациялық соттар дауларды шешкен кезде 2011 жылғы 3 мамырдағы жалға алу шартында сатып алу – сату белгілері жасалмағандығына сілтеме жасай отырып, тауарлардың мәлімделген кедендік құнының дұрыс еместігі туралы кеден органдарының тұжырымдарын назарға алады. Сонымен қатар, аталған жалға алу шартына № 1 қосымшада барлық жабдықты сақтандыру және оны Қазақстан Республикасына жеткізу сомасы есептелген бетон төсегіш жабдықтың құны көрсетілген.
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 КОК-тың шешімімен Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі бекітілген, 27-тармақпен сатып алу-сату мәмілесіболмаған немесе баға лайықты болмайтын кезде Келісімнің 4-бабының талаптарына байланысты шын мәнінде төленген немесе төленуге тиіс екендігі көзделген, бағаланатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін осы тауарлардың шын мәнінде төленген немесе төленуге тиіс және тиісті құжаттармен расталған балама (жуық) құны көрсетілуі мүмкін (мысалы, Кеден одағына мүшемемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оларды бухгалтерлік, салық есебіне қойған кезде бағаланатын тауарлардың баланстық құны).
Тиісінше, декларант өзі қолдану үшін жалға алу шарты бойынша тауарды шеттен әкелу үшін, декларацияда тауардың құнын жалға алу шарттарына және декларант орындаған шеттен әкелінген тауарлар құнының.
қойылған теңгерімі бойынша бухгалтерлік есепке алу деректеріне сәйкес дербес көрсетеді. Кеден органы кедендік құнды анықтау үшін екінші және резервтік әдісті қолдана отырып, сотқа алдыңғы әдістерді пайдаланудың мүмкін еместігінің дәлелдерін ұсынбаған, бұған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге байланысты жол берілмейді (2009 жылғы 23 ақпандағы № 139-IY Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген, бұдан әрі - Келісім).
Одан басқа, Департамент Келісімде жазылған талаптарды бұза отырып, тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін беркелкі тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдісті қолданған. Кеден одағының кедендік аумағына сондай немесе бағаланатын тауарлар сияқты өзіне тиесілі уақыт кезеңінде, бірақ бағаланатын (шеттен әкелінетін) тауарларды шеттен әкелгенге дейін күнтізбелік 90 күннен бұрын емес, біркелкі тауарларды сату және шеттен әкелу туралы мәліметтерді Департамент сотқа ұсынбаған, бұл сатылған бірелкі тауарлардың коммерциялық деңгейі, саны туралы ақпаратпен тең.
Келесімнің 7-бабымен аталған ақпараттың коммерциялық сатылым деңгейіндегі және (немесе) тауарлардың санындағы айырмашылықтарды ескеретін құнына тиісті түзету жүргізумен байланысты қолданылатындығы көзделген. Мұндай түзету түзетудің негізділігі мен дәлдігін құжатпен растайтын мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Осындай мәліметтер болмаған кезде кедендік құнын анықтау мақсаттары үшін біркелкі тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.
Қадағалаушы сот алқасы апелляциялық және кассациялық инстанция соттарының облыстық сот инстанцияларының ұстанымы кедендік заңнама сичқты, іс үшін маңызы бар жайттарға сәйкес келмейтіндіктен, кеден органының хабарламасын заңды деп заңсыз таныған деген тұжырым жасады.
Негізгі әдісті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда (1-әдіс), кезекті бес әдістің әрқайсысы тізбектеліп қолданылады (2 – 6-әдістер). Кеден органының әдістердің қолданылу тізбектілігін бұзуы оның әрекеттерін заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады.
Ауданаралық экономикалық соттың шешімімен 2 709 402 теңге көлеміндегі Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелінетін тауарларға кедендік төлемдерді және ҚҚС және 218 422 теңге көлеміндегі өсімпұлды есептеу бөлігіндегі хабарламаны заңсыз деп тану туралы жеке кәсіпкер Д.О. Скрипниченконың Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне (бұдан әрі - Департамент) жазған талап-арызында – бас тартылды.
Маңғыстау облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен соттың шешімі күшін жойды және жеке кәсіпкер Д.О. Скрипниченконың өтініші апелляциялық шешіммен қанағаттандырылды.
Камералдық кедендік тексеріс актісі және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама заңсыз деп танылып, күшін жойды. Кассациялық алқа апелляциялық инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Департаментке жеке кәсіпкер Д.О. Скрипниченконың тауарларды шеттен әкелген кезде кедендік құнды төмендету тұрғысынан қосымша тексеріс жүргізуді тапсырды.
Осыған байланысты, Департамент инвойстағы мөртаңба бедерлерінің түпнұсқалығына күмән келтіре отырып, оларға сотсараптамалық тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижелері бойынша инвойстағы мөртабан бедерлерінің компания тексеруге ұсынған үлгілермен бірдей емес екендігі анықталды. Дегенмен, Д. Скрипниченко жөнелтушінің мөртабан бедерінің түпнұсқалығын растаған, Түркиядан жүкті жөнелтушінің жауапхатын ұсынды.
Тиісінше, тауар құнының түпнұсқалығы туралы барлық дәлелдер болды. Сонымен, өтініш беруші жүкті ресімдеу үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынғандықтан, тауардың құнын қайта тексеоуді жалғастыруға арналған негіздер тоқтатылды. Д.О. Скрипниченкоға қатысты тексеріс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 және 214-баптарымен көзделген қылмыс құрамының оның әрекеттерінде болмауына байланысты, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.
Бұдан басқа, 2013 жылы 16 қазанда Департамент әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталуына байланысты, аталған факті бойынша әкімшілік өндірісті қозғамау туралы шешім қабылдады. Алайда, кеден органы 2 709 402 теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтарды және 218 422 теңге сомасында өсімпұлды есептеген хабарламаны өтініш берушіге аталған жайттарды ескермей-ақ салған.
Бұл ретте кеден органы егер тауарлардың кедендік құны алдыңғы әдісті пайдалану арқылы анықтала алмайтын болса, соған сәйкес әрбір кезекті әдіс қолданылатын ҚР Кеден кодексінің 100-бабына тікелей қайшы келетін алдыңғы бес әдісті елемей, тауардың кедендік құнын анықтаудың алдыншы әдісін бірден қолдана отырып, тауарға қайта бағалау жүргізген.
Одан басқа, кеден органы декларант мәлімдеген 2013 жылдың бірінші тоқсанында шеттен әкелінген тауар ретінде 2014 жылдың бірінші тоқсанында қалыптастырылған баға ақпаратымен салыстырған.
Осы орайда кеден органының резервтік әдісті қолдану негізділігі мен заңдылығының дәлелдемелері ұсынылмаған сияқты, аталған ақпаратты растауға объективті дәлелдемелер ұсынылған жоқ.
Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылатын болса және олардың арасындағы өзара байланыс шын мәнінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға ықпал еткен болса, 1-әдіс қолданылмайды.
«Сибирское здоровье Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің 13 617 788 теңге сомасындағы кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызын өтеу туралы хабарламасына шағымданды. Кеден органының даулаған хабарламасымен Ресей Федерациясынан импортталатын және өндірілетін тауарларға ҚҚС есептеудің өтініш беруші мәлімдеген тауардың кедендік құнын анықтаудың резервтік әдісі пайдаланылып жүргізілгені белгілі болды.
Соттар жауапкердің аталған іс-әрекеттерін негізді және заңнама талаптарына сәйкес келетін деп таныды, себебі өтініш беруші және оның экспорттаушысы «СибэкспортБад» ашық акционерлік қоғамы ортақ құрылтайшысы және лауазымды тұлғалары бола отырып, өзара байланысты тұлғалар болып табылады. Кеден органы жүргізген тексеріс барысында аталған экспорттаушыда өтініш берушінің импорттаған тауардың кедендік құнын төмендеткендігі анықталды.
Соған байланысты, мәміленің құны өтініш беруші импорттаған тауарлардың кедендік қүнын анықтауға арналған негіз ретінде қолайлы болып табылмайды, себебі, тауарларды кедендік тазарту сәтінде және 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 309-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, шеттен әкелінетін тауарлармен жасалатын мәмілелердің бағасы жөніндегі әдіс егер мәмілеге қатысушылар өзара байланысты тұлғалар болып табылатын және мәміле жөніндегі баға осы баптың талаптарына сәйкес кедендік құнды анықтауға арналған негіз ретінде қолайлы болып табылмайтын болса, тауардың кедендік құнын анықтау үшін пайдаланылмайды.
Мұндай жағдайлар кезінде кеден органы кедендік құнды анықтаудың резервтік әдісін заңды қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қарауындағы баға ақпаратын ескере отырып, камералдық тексеру барысында тексерілген тауарлардың ГДТ бойынша өтініш берушінің мәлімдеген кедендік құнын дәлелді түрде қайта қарады.
Аталған жағдайда Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 310- 313-баптарымен көзделген бірдей тауарлармен жасалатын мәмілелердің бағасы бойынша, біркелкі тауарлармен жасалатын мәмілелердің бағасы бойынша кедендік құнды анықтау, құнын шегеру және құнын қосу әдістері тауардың жеке сипаттамаларының, тауар сапасының және оның нарықтағы беделінің, сондай-ақ оны дайындаумен байланысты шығындардың болмауына байланысты қолданылуға жатпаған.
Кедендік тексерістерді өткізу рәсімдері мен нәтижелеріне шағымданумен байланысты даулар.
Кеден органдары қатыстырылатын сот істерінің барынша кең таралған санаты кедендік тексеріс нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаларға СЭҚ қатысушыларының шағымдануы туралы істер болып табылады. КО Кедендік кодексінің 122-бабының 11-тармағына сәйкес, кедендік тексеріс нәтижелері ұлттық кедендік заңнамаға сәйкес ресімделеді.
2013 жылға дейін қоса алғанда сот тәжірибесін талдау көрсеткендей, негізінен, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламалар көшпелі кедендік тексеріс нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламалар шығаруды көздейтін ҚР Кедендік кодексінің 221-бабының 24- тармағына қайшы келетін камералдық кедендік тексеріс нәтижелері бойынша шығарылуына байланысты заңсыз деп танылды. Осындай дауларды шешкен кездегі жергілікті соттардың ұстанымы бірегей болмаған.
Аталған мәселе бойынша практика құрайтын мән «Жайықмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің камералдық тексеріс нәтижелері бойынша шығарылған кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаның күшін жою туралы БҚО Кедендік бақылау департаментіне жазған талап-арызы бойынша азаматтық іс жөніндегі 2013 жылғы 30 қаңтардағы Жоғарғы Соттың қадағалаушы алқасының қаулысы орын алған.
Жоғарғы Соттың ұстанымын ескере отырып, уәкілетті орган – Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және әртүрлі заңнамалық актілер нормалары мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, қайшы қақтығыстарды болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V Конституциялық Заңмен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекс «Кедендік тексеріс нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойныша шешім қабылдау» атты 221-1-баппен толықтырылды, соған сәйкес Кеден одағының кедендік заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық кедендік тексеріс өткізген кезде анықталған нәтижелер бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген формалар бойынша бұзушылықтарды жою туралы талап және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама шығарылады.
Осылайша, берілген жаңашылдықтар күшіне енген күннен бастап кеден органдары көшпелі кедендік тексеріс қорытындылары бойынша сияқты, сонымен бірге камералдық кедендік тексеріс нәтижелері бойынша да хабарламалар шығаруға құқылы.
Бүгінгі күні өткізілген талдауға сәйкес, осы санаттағы дауларды шешкен кезде сот тәжірибесі дұрыс болып табылады, жергілікті соттар Конституциялық Заңмен енгізілген өзгерістерді ескере отырып аталған дауларды шешеді және қиындықтар тудырмайды.
Мысалға, «Стофарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану туралы Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне өтінішпен жүгінді. Өтініш 2013 жылы 18 қыркүйекте жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жауапкерден қосымшасы бар хатты алғандығымен дәлелденеді: камералдық кедендік тексеріс актісі және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама.
Аталған актінің негізінде 632 656 теңге сомасындағы кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды және 16001 теңге өсімпұлды өтеу туралы хабарлама шығарылған. Кеден органы салықтар сомасын есептеуге арналған негіздемемен декларанттың шеттен әкелген кезде тауарды дұрыс жіктемегендігін, оны 3307 90 000 8 КО СЭҚ ТН тауарлық кіші қосалқы позициясында жіктелуге тиіс екендігін, ал серіктестіктің КО СЭҚ ТН 3004 90 190 9 коды бойынша дұрыс жіктемегендігін көрсетті.
Экономикалық соттың шешімімен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өтініші жартылай қанағаттандырылды. Кеден органының өсімпұлға қайта есептеу жүргізуді міндеттеген өсімпұлды ұсыну бөлігіндегі Департаменттің хабарламасы күшін жойды.
Өтініштің қалған бөлігінде бас тартылды. 2013 жылғы 17 маусымдағы соттың шешімінен көрініп отырғандай, дауланатын хабарлама формальды негіздер бойынша ғана күшін жойған, себебі, бұрын қолданылған кедендік заңнамамен камералдық бақылау нәтижелері бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама шығару көзделмеген.
Алайда, заң шығарушы 2013 жылы 16 шілдеде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама шығарылуы мүмкін екендігі көзделген ҚР кедендік кодексіне өзгерістер енгізген. Кеден органы 2013 жылдың 16 қыркүйегінде шын мәнінде бұрын болған сот актілерін бағалаумәні болған кедендік декларациялар бойынша камералдық кедендік бақылау жүргізген.
Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 188-бабына сәйкес, кеден органдары кедендік бақылауда болатын тауарлардың болуы аяқталған сәттен бастап 5 жылдың ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізеді, тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау Кодекстің 21 және 24-тарауларымен белгіленген формаларда және тәртіпте жүргізіледі.
Аталған норманың ережелерін ескере отырып, апелляциялық инстанция соты кеден органы осындай камералдық бақылау өткізе отырып, тексерістің белгіленген мерзім шегінде заңды әрекет еткен деп санады, кедендік заңнаманың камералдық бақылау шеңберінде қайталама кедендік тексерістер жүргізу және қарызды өтеу туралы хабарламалар шығару үшін тыйым салулары болмайды.
Осылайша, тексерістің өзі және олар бойынша шығарылған нәтижелер қазіргі қолданылатын кедендік заңнамаға сәйкес келеді.
Мемлекеттік органдардың әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) сотта даулау (шағымдану) тәртібі мен шарттары АПК 27-тарауымен, сондайақ «Қазақстан Республикасы Азаматтық-процессуалдық кодексінің 24- тарауының нормаларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 20 Қазақстан Республикасы Жоғарғы отының қаулысымен регламенттеледі.
Осындай әрекеттерге АПК 279-бабының 1-тармағына сәйкес, алқалық және жеке-дара шешімдер мен мыналардың нәтижесіндегі әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер) жатады:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылған;
2) азаматтың, өзінің құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның өзінің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтірген;
3) азаматқа немесе заңды тұлғаға қандай да бір міндеттеме жүктелген немесе олар жауапкершілікке заңсыз тартылған.
Алайда, соттар заңнаманың аталған талаптарын әркез сақтай бермейді, бұл жоғарғы тұрған сот инстанцияларының сот актілерін түзетуіне алып келеді.
Сонымен, Ш. Чиналиев сотқа кедендік шекара арқылы көлік құралын шығаруға Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) бас тартуына шағымданған. Комитет Ш.Д. Чиналиевтің өтінішіне оның атына «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалану үшін тауарларды жеке тұлғалардың ауыстыру және оларды шығарумен байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі туралы келісімге» және КО Кедендік кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың меншігіндегі автомобильдерге кедендік төлемдер төлеуден босату тәртібі мен негіздері түсіндірілген хат жолдады. Ш.Д. Чиналиевтің кеден органына Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 288-бабының 1-тармағынасәйкес кедендік декларацияны декларанттың немесе кеден өкілінің Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына берілуіне сәйкес кезде көлік құралын кедендік ресімдеу үшін декларацияны және өзге құжаттарды тапсырмағандығы анықталды.
ҚР Кедендік кодексінің 174-бабының 2-тармағының және 173- бабының нормаларымен кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаға шағымдана алатындығы көзделген. Комитет Ш.Д. Чиналиевке даулы хатпен тауарды кедендік шығаруға бас тартпағандықтан, кедендік төлемдер есептелмеді, кедендік төлемдер төлеу жөніндегі хабарлама берілмеді, сондықтан аталған хат сотта даулануға тиіс мемлекеттік органның шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздіктеріне) жатпайды, керісінше, түсіндірмелік сипатта болады. Бірінші инстанция соты заңнаманың аталған талаптарына қарамастан, өтініші оның мәні бойынша қарастырды және оны қанағаттандырудан бас тартты.
Аталған тұжырыммен апелляциялық инстанция соты келісті. Кассациялық инстанция соты Ш. Чиналиев ұсынған өтінішке байланысты, азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарастырылуға жатпайтындығын көрсетті, іс бойынша өндірісті тоқтата отырып, бірінші және апелляциялық инстанцияның сот актілерінің күшін дәлелді түрде жойды.
Сақтандыру ұйымына кеден органының талаптарын орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі. Осылайша, аталған нормада сақтандыру ұйымының кеден органының талаптарын орындамау салдарлары жазылған
«Цеснабанк» акционерлік қоғамының еншәлес ұйымы» акционерлік қоғамының «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы (бұдан әрі - сақтандыру компаниясы) «РосКазЛайн» ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қоғам) мыналарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берді: 2012 жылғы 5 сәуірдегі № ГС АҚЖ кеден органдары алдындағы азаматтыққұқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы бас келісім; 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 12141 (№ 1 сақтандыру сертификаты) және 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 12141 (№ 2 сақтандыру сертификаты) кеден органдарының алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарттары.
Талап-арыз қоғамның аталған шарттар бойынша сақтандыру сыйақыларын төлемегендігімен дәлелденген, дауланатын шарттарды жасасқан кезде заңсыз пайда табу мақсатын көздеген – Кеден одағының кедендік аумағына шеттен тауарлар әкелген кезде кедендік төлемдер төлеуден жалтарған. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық сотының шешімімен талап-арызға бас тартылған.
Бірінші инстанция сотының шешімі апелляциялық сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды. Кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық сот алқасының қаулысы істі жаңа апелляциялық қарауға жіберумен күшін жойды.
Апелляциялық сот алқасының ұйғарымымен бірінші инстанция сотының шешімі күшін жойды және апелляциялық сот алқасының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Дау туғызған бас келісім және кеден органдарының алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру шарттары жарамсыз деп танылды.
Кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды. 2014 жылғы 16 шілдедегі Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасының қаулысымен апелляциялық және кассациялық инстанциялардың сот актілері бірінші инстанция сотының шешімін күшінде қалдыра отырып, күшін жойды. 2012 жылы 5 сәуірде Семей қаласында сақтандыру компаниясы (сақтандырушы) мен қоғамның (сақтандырылушы) арасында № ГС АҚЖ 12141 кеден органдарының алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы бас келісім жасалған болатын, соған сәйкес тауарларды және көлік құралдарын әрбір тасымалдау бойынша кеден органдарының алдындағы сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің (бұдан әрі - АҚЖ) жеке шарты жасалады.
Сақтандыру объектісі кедендік аумаққа сақтандыру шартымен анықталған тауарды шеттен әкелген кезде көзделген кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының кеден органдарына келтірілген зиянды өтейтін оның міндеттемесімен байланысты сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады.
Тараптар бас келісім шеңберінде пайда табушы ретінде Департаментті көрсете отырып, кеден органдарының алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандырудың 2 шартын жасасты: сақтандыру сомасы 35 миллион теңге 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 12141 (№ 1 сақтандыру сертификаты) және сақтандыру сомасы 25 миллион теңге 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 12141 (№ 2 сақтандыру сертикаты).
Екі шарт бойынша сақтандыру жағдайы кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу (толықтай немесе жартылай) салдарынан пайда табушыға келтірілген зиян үшін сақтандырылушының АҚЖ басталу фактісі болып табылады .
Дау туғызған бас келісім және сақтандыру сертификаттары, сондай-ақ сақтандыру сыйақысының төленгендігін растайтын төлем құжаттары алушы болып қоғам көрсетілген тауарға кедендік транзитті ресімдеген кезде қамтамасых етілетін шара ретінде Шығыс Қазақстан облысының «Майқапшағай» кедендік бекетінде 2012 жылы 18 сәуірде кеден органына табыстылған. Соған байланысты автомобильдердің жүк бөліктеріне сәйкестендіру құралдарын (пломба) салғаннан ке йін, тауар Кеден одағының кедендік аумағына өткізілді.
Алайда, Ресей Федерациясының Орынбор кеденінің «Орский» кедендік бекетінде кедендік транзит рәсімдерін ақтаған кезде ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың жоқ екендігі, сондай-ақ олардың бастапқы салынғанынан кейін пломбалардың ашылғандығы анықталды.
Департамент 2012 жылы 22 тамызда 2012 жылғы 5 сәуірдегі шарт бойынша сақтандыру жағдайының басталуына байланысты жалпы сомасы 32 656 670 теңге сақтандыру сомасын төлеу туралы талапты сақтандыру компаниясына қойды.
Қарастырылған дау бойынша соттың істі қарауы барысында дауланатын шарттарда қойылған қолдары тұрған қоғамның директоры Ю. Шавринаның шартқа қол қойған кезде қатыспағандығы анықталды. Ю. Шавринаның қойылған қолы және қоғамның мөрі бар таза парақтарды қоғамның өкілдері деп аталған тұлғалар Өскемен және Семей қалалары бойынша сақтандыру компаниясының директоры С.Б. Нұрсейітовке ұсынған.
Аталған парақтарда С.Б. Нұрсейітов олар сақтандыру компаниясының мөрін басып қолдарын қойған, Бас келісімнің және шарттың мәтіндерін дайындаған. Бірінші инстанция соты сақтандыру сыйақысын төлемеу дауланатын шарттарды жарамсыз дер тану үшін негіз болып танылмайтындығын көрсете отырып, сақтандыру компаниясының талап-арызынан бас тартқан;
сақтандыру компаниясы қоғам директоры жоқ болған кезде мәмілені заңсыз жасай отырып, тағайындалған жеріне дейін жетпеген тауарлардың кедендік транзитінің рәсімін ресімдеген тұлғалар тарапынан болған өтірікке ықпал еткен. Келтірілген тұжырымдармен апелляциялық инстанция соты келіскен жоқ және мыналармен дәлелдей отырып, дауланатын мәмілелерді жарамсыз деп таныды:
- Бас келісім және шарттар кедендік ресімдеуден тауарларды жасыру және кедендік төлеуден жалтару мақсатында, тұлғалардың анықталмаған іздестіруімен жасалған;
- кедендік транзитті ресімдеген кезде сақтандыру сыйақысының төленгендігі туралы қолдан жасалған түбіртектер ұсынылған;
- сақтандыру жағдайы ретінде қоғамның атынан шарттар жасасқан тұлғаларға белгілі болған оның басталу ықтималдығы мен кездейсоқтығы белгілерінен айырылған оқиға көзделген.
Кассациялық алқа кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу нәтижесінде басталған зиянды пайда табушыға сақтандырылушы өтеуге міндеттенетін бөлікте жасалған шарттар жағдайының кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі салық төлеушінің міндеттемесі тікелей көзделген кедендік заңнамаға қайшы келетіндігін қосымша көрсете отырып, апелляциялық инстанция сотының ұстанымын қолдады.
Қадағалаушы алқа бірінші инстанция сотының дауларды шешкендігін, ал бірінші және кассациялық инстанция соттарының тұжырымдамалары іс үшін маңызы бар жайттарға және заңға негізделмегендігін көрсетті. КО Кедендік кодексінің 85-бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау жағдайында қамтамасыз етілетіндігі көзделген.
КО Кедендік кодексінің 86-бабының 1-тармағымен айқындалған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдерінен басқа, Кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамасымен өзге де тәсілдер көзделуі мүмкін.
Атап айтқанда, ҚР Кедендік кодексінің 144-бабының 1-тармағына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу сақтандыру шартымен де қамтамасыз етіледі. Келтірілген нормалар кассациялық алқаның дауланатын сақтандыру шарттары жағдайының кедендік заңнамаға қайшы келетіндігі туралы тұжырымын теріске шығарады. Одан әрі АК 158-бабының 2-тармағына байланысты, заңнама талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын мәмілені қасақан жасаған тұлға мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес, егер мұндай талап пайдақорлық дәлелдерімен немесе жауапкершіліктен жалтарудан туындаған болса.
Іс бойынша зерттелген дәлелдемелер сенімді түрде дауланатын мәмілелерді сақтандыру компаниясының жауапты қызметкері қоғамның директоры Ю.В. Шавринаның мәмілелер бойынша құжаттарға қол қойған кезде болмауына қарамастан, жасағандығын растайды.
Сақтандыру компаниясы мәмілелер жасаған кезде заң ережелерін қасақана бұза отырып, тиесілі кедендік төлемдер мен салықтарды қоғамның төлемеуіне ықпал етті. Кедендік транзит рәсімінде орналастырылған тауарлар, шын мәнінде, қоғамға арналған, себебі, аталған жайт Орынбор кедені бастығының орынбасары қоғамға қатысты шығарған 2012 жылғы 3 тамыздағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулымен анықталған.
Кедендік транзит рәсімін ресімдеумен қоғамның директоры Ю.В. Шаврина қол қойған 2012 жылғы 9 сәуірдегі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қоғамның өкілі Р.Б. Мусулманбеков айналысқан. Р.Б. Мусулманбеков кеден органына Бас келісімді және АҚЖ сақтандыру шарттарын, сондай-ақ сақтандыру сыйақыларын төлеу туралы төлем құжаттарын ұсынған. Сондықтан апелляциялық және кассациялық инстанциялар соттарының дауланатын мәмілелердің тұлғалардың анықталмаған іздестіруімен жасалғандығымен жарамсыз.
Кеден органына сақтандыру сыйақысының төленгендігі туралы куәландыратын кассалық-бақылау машинасының фискалдық түбіртпектері және есепшот-фактуралары ұсынылды. Кеден қызметкерлерінде осы құжаттардың түпнұсқалығына күмәндану негіздері болған жоқ. Салық органында зауыттық нөмірі 1518080 кассалық-бақылау машиналарын тіркеудің болмауын сақтандыру сыйақыларын төлемеудің сенімді дәлелдемесі деп санамау керек.
Одан басқа, бірінші инстанция соты сақтандыру сыйақыларын төлемеудің дауланатын мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайтындығын дұрыс көрсетті. Жазылған жайттарға байланысты өздері жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сақтандыру компаниясының талабын сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі сақтандырылушының міндеттемелерін орындаудан жалтару ретінде бағалау керек.
Одан басқа, қадағалау алқасының пікірінше, сақтандыру компаниясы азаматтар мен заңды тұлғаларға өздерінің құқықтарын жүзеге асырған кезде заңдарды, қоғамның адамгершілік қағидаттары мен іскерлік этика ережелерін сақтай отырып, адал, орынды және әділетті әрекет етуді ұйғаратын АК 8-бабының 4, 5-тармақтарына байланысты тыйым салынған құқықтарды қасақана пайдаланады.
Практика кеден органдарының аталған сақтандыру шартымен көзделген міндеттемелерді орындаған соң бес жұмыс күнінің ішіенде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты сақтандыру ұйымына жіберу бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындаматындықтарын көрсетеді.
«ПрофитТрансЛогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне серіктестік өзінің сақтандыру компанияларында кедендік төлемдерді төлеу бойынша жауапкершілігін сақтандырғандықтан және кеден органдары сақтандыру компаниясына талап қоюға тиіс болғандықтан, салынған хабарламаның заңсыздығын көрсете отырып, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы хабарламаның қолданысын заңсыз деп тану және күшін жою туралы өтінішпен жүгінді.
Экономикалық соттың 2014 жылғы 18 шілдедегі шешімімен өтініші қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім ҚР Кедендік кодексінің 143, 149-баптарының тәртібімен жоғарыда көрсетілген кедендік декларациялар бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеу «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы сақтандыру компанияларымен кеден органдарының алдындағы төлеушінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарттарымен қамтамасыз етілгендігімен дәлелденген.
Департамент сот отырысында «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының атына талаптарды қою дәлелдемелерін ұсынған, «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының атына талаптарды қою дәлелдемелерін ұсынбаған. 2014 жылғы 31 наурыздағы шағымданатын хабарламамен «ПрофитТрансЛогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 25 760 255 теңге сомасында шеттен әкелінген кедендік баж, 3 091 230 теңге көлемінде ҚҚС есептелген.
«Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының шағымданатын хабарлама шығарылған соң 17 856 094 теңге, сондай-ақ 2 142 731 теңге төлегені анықталды. Сот сақтандыру компаниясына талап жазылған өтініш кеден органының 2014 жылы 31 наурызда кедендік камералдық тексеріс актісі бойынша есептелген бажды және ҚҚС төлеуден «ПрофитТрансЛогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін босатпайтындықтан, шағымданатын хабарламаның күшін жою үшін негіздеменің жоқтығын көрсетті.
Одан басқа, барлық сақтандыру шарттары бойынша суброгация – сақтандыру төлемін сақтандырылушыға қайтару туралы сақтандыру компаниясының кері талап құқығы көзделген. Апелляциялық инстанция сотында істі қарастырған кезде 2015 жылы 3 сәуірде «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің шағымданатын хабарламаны кері шақырылғандығы анықталды.
Қарызды өтеу туралы хабарлама жіберілуіне қатысты Кодекске сәйкес кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарыз сомасының өзгеруіне алып келген дәлелді фактілерді анықтау жағдайында, кеден органы бастапқы жіберілген хабарламаны бір мезгілде қайта алумен кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша қарызды өтеу туралы жаңа хабарлама жібереді. «ПрофитТрансЛогистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атына кеден органы 2015 жылғы 3 сәуірде жаңа хабарлама жіберді.
Апелляциялық алқа бірінші инстанция сотының шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, қазіргі уақытта дау мәнінің жоқтығын және оны қайта алумен байланысты 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28 хабарламаның заңдылығы туралы мәселенің талқылауға кірмегендігін көрсетті. Осылайша, аталған сәтте серіктестік құқықтары бұзылмаған.
Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 149-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартымен көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімі біткен соң бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орыгдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Судебная практика по гражданским делам с участием таможенных органов
49 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (5)
29 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (4)
30 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (3)
45 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (2)
28 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (1)
28 рет жүктеп алынды