Міндет жүктеу, мәжбүрлеу (орындау, талап қою, нұсқама) туралы
Мысалы, бұл санаттағы істер бойынша қаралған сот актілерінің төрт шешімі апелляциялық тәртіпте, біреуі кассациялық тәртіпте шағымдалған. Атап айтқанда, Көкшетау қалалық сотының 2015 жылғы 18 наурызындағы шешімінің күші жойылған. Бұл шешім бойынша Д.В. Ереминнің «Ақмола облысының Иегов Куәлары христиан қауымы» жергілікті діни бірлестігінің миссионерлік қызмет жүргізуге құжат беруге міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған. Бірінші сатыдағы сот анықтағандай, талапкер Еремин Д.В.
«Ақмола облысының Иегов Куәлары христиан қауымы» жергілікті діни бірлестігінің (ары қаратай – ЖДБ) мүшесі бола тұра, 2014 жылдың 24 шілдесінде осы бірлестікке өзін миссионер ретінде тіркеу үшін құжаттар беруді сұрап жүгінген. 2014 жылдың 29 тамызында ЖДБ оған құжаттар беруден бас тартып, оны уағыз жүргізу - кез келген адамның өз еркі, сондықтан да діни бірлестігі рұқсат беруге немесе тыйым салуға уәкілетсіз деп негіздеген. Бірінші сатыдағы сот «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның (ары қаратай – Заң) 3-бабының 6-тармағын, яғни әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы екенін ескеріп, Д.В. Ереминнің заңнама шеңберінде миссионерлік қызметпен айналысуға құқығы бар деген қорытындыға келген. Заң шығарушы өз кезегімен миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарға белгілі бір талаптар жүктейді.
Бұл талаптардың бірі – миссионерлік қызметпен тек заңды тұлғаның атынан ғана айналысуға болады. Бұл орайда сот Заңның 3-бабының 1-тармағын, 8-тармағының 3-тармақшасын келтірген. Бұл ережелерге сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
Егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды. Осыдан кейін бірінші сатыдағы сот Заңның 16-бабының 1-тармағына сілтеме жасап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі шешімге келген. Бұл нормаға сәйкес дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының негiзiнде жүзеге асырады.
Заңшығарушы діни бірлестіктерге Заң шеңберінде әрекет ету мүмкіндігін бергендіктен, діни бірлестік өзіне лайықты деп таныған діни ілімді тарату тәсілдерін өзі белгілейді. Ал «Ақмола облысының Иегов Куәлары христиан қауымы» ЖДБ Жарғысы миссионерлік қызмет жүргізуді қарастырмағандықтан, тек діни бірлестік, қауым ғана оған миссионерлік қызметпен айналысу-айналыспауды, және қауым мүшелерінің қайсысына миссионерлік қызметті тапсыратынын шешеді.
Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 14.05.2015 жылғы қаулысымен соттың бұл шешімінің күші жойылып, іс бойынша өндіріс қысқартылған. Апелляциялық сот алқасы шешімнің күшін жойып, іс бойынша өндірісті қысқартқан кезде мына мән-жайды көрсеткен: діни қызметті жүзеге асыруға байланысты даулар діни ұйымдардың ішкі даулары болып табылады.
Мемлекет егер азаматтардың денсаулығын, рухани және психикалық денсаулығын, олардың азаматтық немесе басқа да құқықтарын бұзбаса, мемлекеттік құрылысқа қарсы бағытталмаса, діни ұйымдарға қандай да бір жүріс-тұрыс жасауға рұқсат беру немесе тыйым салуға құқылы емес (Заңның 12, 13, 14, 15-баптары).
Сондықтан да, бұл талап қоюлар АК 247-бабының 1- тармақшасы бойынша қысқартылуға жатады. Кассациялық алқа апелляциялық алқаның бұл қорытындысымен келіскен, өйткені бұл шешім іс бойынша анықталған мән-жайларға және материалдық, процестік құқыққа негізделген. Құқықтың бұл нормалары мемлекет мемлекеттік құрылысқа қарсы бағытталмаса, діни ұйымдарға белгілі бір әрекеттерді жасауды жүктей алмайды.
Бұл іс бойынша орын алып отырғандай, діни ұйымның атынан миссионерлік қызметпен айналысу құқығын беретін құжатты беру соңғының міндеті емес, құқығы болып табылады. Кассациялық сот алқасының 02.07.2015 жылғы қаулысымен Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 14.05.2015 жылғы қаулысы өзгеріссіз, Д.В. Ереминнің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2015 жылдың 15-қаңтарындағы қаулысымен «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Юбилейное» ЖШС-не қойған 2014 жылдың 20-тамызындағы № 27 нұсқаманы орындау туралы талап қоюы, «Юбилейное» ЖШС-ның «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қойған мемлекеттік еңбек инспекторының 2014 жылдың 20 тамызындағы № 27 нұсқамасының күшін жою туралы қарсы талап қоюы бойынша азаматтық іс бойынша Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылдың 19 қарашасындағы шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылған.
«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі сотқа «Юбилейное» ЖШС-не 2014 жылдың 20 тамызындағы № 27 нұсқаманы орындау туралы талап қойған, ал «Юбилейное» ЖШС-ның «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қойған мемлекеттік еңбек инспекторының 2014 жылдың 20-тамызындағы № 27 нұсқамасын заңсыз ретінде күшін жою, мемлекеттік инспекторге «Юбилейное» ЖШС-ның құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзғанын толық көлемінде жоюға міндеттеу туралы туралы қарсы талап қойған.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылдың 19 қарашасындағы шешімімен «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің талап қоюы толығымен қанағаттандырылған.
Юбилейное» ЖШС-не зардап шегуші М.С. Ахметоваға 164 900 теңге сомасында залалды өтеу жөніндегі 2014 жылдың 20 тамызындағы № 27 нұсқамасын орындау жүктелді. «Юбилейное» ЖШС-ның «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қойған мемлекеттік еңбек инспекторының 2014 жылдың 20 тамызындағы № 27 нұсқамасын заңсыз ретінде күшін жою, мемлекеттік инспекторге «Юбилейное» ЖШС-ның құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзғанын толық көлемінде жоюға міндеттеу туралы қарсы талап қоюы қанағаттандырылудан бас тартылды.
Апелляциялық алға сот шешімін күшінде қалдырған кезде АК 364-бабында көрсетілген сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге себеп болатын негіздерді бірінші сатыдағы сот жол бермеген деп көрсеткен. Істің мән-жайларына сәйкес «Юбилейное» ЖШС-ның жұмысшысы М.С. Ахметоваға еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алғандықтан мерзімсіз мүгедектік тағайындалған. Ақтөбе облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы 2014 жылдың 20 тамызындағы № 27 нұсқамасының мазмұнына сәйкес М.С. Ахметова Ақтөбе облыстық теміржол емханасына стационарлық емделуге жіберілген.
Емделу құны 164 900 теңге құраған. Бұл құжаттар «Юбилейное» ЖШС-на тапсырылған. Алайда бұл ЖШС жарақат алушының емделуге кеткен шығынын төлеуге шара қолданбаған.
Мемлекеттік еңбек инспекторының талабымен келіспеген жұмыс берушінің өкілі өтемақы тек емделуге кеткен нақты шығын үшін ғана берілетінін, ал инспектор алдын ала төлем жасауды міндеттеп отыр деген уәж келтірген.
Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 21-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
Сонымен қатар, Еңбек Кодексінің 164-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті.
АК 937-бабының 1-тармағы бойынша азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлген кезде жәбiрленушi жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрi-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлiк құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға және т.б.), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады.
АК 937-бабына сәйкес денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады.
М.С. Ахметова бойынша медициналық әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша денсаулықты қалпына келтіру үшін мына шаралар қарастырылған: тоқсан сайын невропатологта қаралып, емделу, медикоментозды терапия, жылына 2 рет стационарлық емделу және 1 рет санаторлық-курортық емделу.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2005 жылғы 20 шілдедегi N 750 қаулысымен бекiтілген Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесiнің 43-тармағына сәйкес МӘС бөлімі КЕА дәрежесі белгіленген мерзімге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің 937-бабына сәйкес куәландырылатын адамның қосымша медициналық көмекке (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін), оның ішінде қосымша тамақтануға және дәрі-дәрмек сатып алуға қажеттілігін анықтайды.
Сотпен анықталғандай, зақым келген қызметкер М.С. Ахметова денсаулығына зақым келтiруіне байланысты стационарлық дәрігерлік емделуді қажет етеді. Бұндай емделу тегін берілмейді. АК 937-бабында өтемақы шығын ретінде белгілінген.
АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес кұқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Осыған байланысты, жауапкердің уәждері негізсіз және АК 937-бабының 1-тармағын дұрыс түсінілмегенге негізделген.
Еңбек Кодексінің 330-бабының 3-ші және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын жұмыс берушілер орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге құқығы бар. Осы мән-жайлар болып тұрғанда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы заңға сәйкес және мемлекеттік органның уәкілеттігінің шеңберінде шығарылған, онымен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмаған деген қорытындыға келген.
Осымен қоса бірінші сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданып, даулы құқықтық қатынасқа дұрыс құқықтық баға берген. Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2015 жылдың 10 маусымындағы қаулысымен «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесіне қойған нұсқаманы орындау міндетін жүктеу туралы талап қоюы бойынша іс бойынша шығарылған Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 30 сәуіріндегі шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырған. Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы» мемлекеттік мекемесі сотқа «ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесіне (ары қарай – Институт) 2015 жылдың 30-қаңтарындағы № 1 нұсқаманы орындау міндетін жүктеу туралы талап қойған.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 30 сәуіріндегі шешімімен Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Сот шешімінен туындайтыны, Ф.Г. Галым 2014 жылдың 24 ақпанында және 17 наурызында Институт басшылығына оны күндізгі оқу бөлімінің бастығы лауазымынан босатып, Институттың қарауына беру түріндегі баянатпен жүгінген. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі М.Г. Демеуов 2014 жылдың 26 мамырында Ф.Г. Галымды 2014 жылдың 05 мамырынан бастап Институттың күндізгі оқу бөлімінің бастығы лауазымынан босатып, осы мекеменің қарауында қалдыру туралы бұйрыққа қол қойған.
Институт бастығының міндетін атқарушы Н.Г. Бирмановтың 2014 жылдың 16 тамызындағы № 105 ж/қ бұйрығымен Галым Ф.Г. ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Ақтөбе облысы прокурорының 2014 жылдың 27 тамызындағы наразылығына байланысты Институт бастығының 2014 жылдың 28 тамызындағы № 112 ж/қ бұйрығымен 2014 жылдың 16 тамызындағы № 105 ж/қ бұйрықтың күші жойылып, Ф.Г. Галым ішкі істер органдарына қайта алынған.
Институт бастығының 2014 жылдың 03 желтоқсанындағы № 144 ж/қ бұйрығымен Ф.Г. Галым Ақтөбе облысының арнайы күзет қызметі басқармасына іссапармен жіберілген. Галым Ф.Г. 2014 жылдың 05 желтоқсанында Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау Ережелеріне сәйкес Басқармаға еңбек кітапшасына жазба жасауды өтінген.
Бұл арыз бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторы Баймаганбетова К.К. Институт бастығы С.И. Каракушевтың атына еңбек кітапшасына Еңбек Кодексінің 35-бабының 3-тармағы және ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 14-қазанындағы № 1167 қаулысымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау Ережелерінің бұзылуына байланысты Ф.Г. Галымның еңбек кітапшасына соңғының еңбек қызметі туралы жазба енгізу туралы 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 1 нұсқама шығарған.
Алайда, Еңбек Кодексінің 257-бабына сәйкес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
Құқық қорғау қызметі туралы Заңының 42-бабына сәйкес құқық қорғау органында қызметкерлердің дербес деректерін, қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді қамтитын жеке істер, есепке алу құжаттары жүргізіледі.
Қызметкердің жеке ісіне құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз етуге қажетті, құқық қорғау қызметіне тұрумен, оны өткерумен және құқық қорғау қызметінен шығумен байланысты оның дербес деректері және өзге де мәліметтер енгізіледі.
Қызметкердің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады. Қызметкердің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу тәртібін құқық қорғау қызметінің басшысы бекітеді.
Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 3-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары жатады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 5-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу Ережесінің 30-тармағына сәйкес ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылған қызметкерлерге тиісті кадр апараттары белгіленген мерзімде оларға қызметтен шығарғаны туралы жазбалар енгізіле отырып, еңбек кітапшалары беріледі.
Бұл Ереженің 31-тармағына сәйкес еңбек кітапшасына ішкі істер органдарындағы қызметі туралы жазбалар енгізу кезінде мыналарды басшылыққа алу керек:
а) атқарып отырған лауазымдары мен қызметтен шығарылатын адам қызмет өткерген ішкі істер органдары мен бөліністері атауларын санамалау енгізілмейді;
б) еңбек кітапшасының тиісті бағандарына ішкі істер органдарындағы қызметте болу уақытында барлық марапаттаулары мен көтермелеулері туралы мәліметтер енгізіледі;
в) тәртіптік жазалары туралы мәліметтер еңбек кітапшасына жазылмайды;
г) Ережеге сәйкес қызметкерді ішкі істер органдарынан қызметтен шығару негізі, тармағы және бабы еңбек кітапшасында көрсетілмейді;
д) қызметке қабылдау, қызметтен шығару, марапаттаулар мен көтермелеулер (күні мен айы екі таңбалы сандармен, жыл толығымен көрсетіледі) күні туралы барлық жазбалар, жазба нөмірлері араб сандарымен тиісті бұйрықтардың негізінде жүргізіледі.
Осыған ұқсас талаптар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 17 сәуіріндегі № 171 бұйрығына 9-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін жеке және штатты-лауазымды есепке алудың негізгі құжаттарын рәсімдеу, жүргізу және сақтау Ережелерінің 4.4 тармағында көрсетілген.
Бұл заңнан туындайтын нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ішкі істер органдары қызметкерінің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында бар мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілуге жатпайды. Осыған байланысты бірінші сатыдағы сот мемлекеттік еңбек инспекторының Нұсқамада көрсетілген құқық қорғау органдарының қызметкерінің еңбек қызметі туралы мәліметтерін еңбек кітапшасына енгізуді талап етуі Еңбек Кодексінің және жоғарыда көрсетілген еңбек кітапшасында жазбалар жүргізудің өзге тәртібі қарастырылған арнайы нормативтік-құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес емес деген қорытындыға келген.
Осылайша, бірінші сатыдағы сот 2015 жылдың 30-қаңтарындағы № 1 нұсқаманы орындау туралы талап қоюды орынды түрде қанағаттандырудан бас тартқан. Жоғарыда аталғандардың негізінде алқа сот шешімін заңды және негізді деп танып, оны қайта қарау үшін негіз жоқ деп, апелляциялық шағымның уәждерін негізсіз деп тапты.
Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2015 жылдың 25 маусымындағы Атырау облысының мемлекеттік бас еңбек инспекторы С.Н. Ашайдың «Кейп Индастриал Сервисез Лимитед» Компаниясына қойған Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторының 2015 жылдың 26-ақпанындағы № 50 нұсқамасын орындау туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс бойынша шығарылған Атырау қалалық сотының 2015 жылдың 02 сәуіріндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Атырау облысының мемлекеттік бас еңбек инспекторы сотқа «Кейп Индастриал Сервисез Лимитед» Компаниясына 2015 жылдың 26ақпанындағы № 50 нұсқамасын орындау туралы талап қойған. Атырау қалалық сотының 2015 жылдың 02 сәуіріндегі шешімімен талап қанағаттандырылып, «Кейп Индастриал Сервисез Лимитед» Компаниясын Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторының 2015 жылдың 26-ақпанындағы № 50 нұсқамасын орындауға міндеттеліп, Компаниядан мемлекет пайдасына 991 теңге сомасында мемлекеттік баж өндірілген.
Сотта анықталғандай, Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Ким Д.С. Компанияның Қазақстандағы филиалында жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде Еңбек Кодексінің 134-бабы 5-тармағының бұзылғандығы және жұмыс берушінің жұмысшылар алдында еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы бойынша қарызы бар екені анықталған:
Б.Т. Гурбашовқа 16.05.2001 жылдан 31.12.2012 жылға дейінгі уақыт аралығына 37 754 545,89 теңге; Т. Ширалиевке 24.07.2006 жылдан 07.10.2013 жылға 4 838 766,68 теңге; А. Галкинге 15.05.2002 жылдан 30.06.2010 жылға 15 929 733 теңге; Р. Слободскийге 13 609 903,48 теңге.
Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Еңбек Кодексінің 333-бабы 1-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа алып, 2015 жылдың 26 ақпанында Компанияның Қазақстандағы филиалының бастығының атына № 50 нұсқама шығарып, жұмысшылармен түпкілікті есептесу бойынша қарызын жабу және нұсқаманы орындау жөнінде 2014 жылдың 26 наурызына дейінгі мерзімде жазбаша ақпарат беруді талап еткен.
Жауапкер бұл нұсқамаға сот арқылы шағым келтірмей, жұмыс берушінің жұмысшылар алдындағы еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы бойынша қарызы бар екенін дауламаған.
Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекторы 2014 жылдың 04 наурызындағы заңды күшіне енген қаулысымен Компания Еңбек Кодексінің 134-бабының 5-тармағын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 37 040 теңге сомасын құрайтын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салған.
Еңбек Кодексінің 333-бабының 2-3 тармағына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті. Апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырып, нұсқама мемлекеттік инспектордың актісі болып табылады әрі ол орындалуға міндетті деп көрсеткен.
Талапкердің жауапкерге жіберген нұсқамада көрсетілген талаптары негізді және соңғысы жұмысшыларға еңбек демалысының пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлеп, нұсқаманы орындауға міндетті. Талапкердің уәждері іс бойынша зерттелген дәлелдемелермен расталады. Бұл орайда бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызды мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтаған, сот шешімінде көрсетілген қорытындылар істің мән-жайына сай келеді.
Алқа бұнымен қоса, сот шешімі сотта анықталған істің барлық мән-жайларын ескеріп шығарылғанын, сот материалдық заңды бұзбағанын, жауапкердің апелляциялық шағымында көрсетілген уәждері бірінші сатыдағы сотта зерттеліп, оларға тиянақты баға берілгенін, оны апелляциялық сот дұрыс деп танығанын көрсеткен.
Бұл орайда, осы санаттағы істерге жасалған қорту «Мемлекеттік еңбек инспекторы» мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасын орындау туралы талап қоюлары бойынша азаматтық істер Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстық және Алматы қалалық соттарында қаралғанын көрсетті.
Бұл істер бойынша соттар аталмыш мемлекеттік органның талап қоюларын қанағаттандырып, жауапкерлерге мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасын орындау міндеттерін жүктеген. Осы санаттағы бірқатар істер табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті қорғау қызметінің талап қоюлары бойынша қаралған.
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 10 ақпанындағы заңды күшіне енген шешімімен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Риза» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына (ары қаратай «Риза» кәсіпорны») қойған нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап қою қанағаттандырылып, «Риза» кәсіпорнына «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлкететтік мекемесінің 2014 жылғы 11 маусымындағы № 44 нұсқамасын орындау және орындалғаны жөнінде уәкілетті органға хабарлау міндеттелген. Сотпен анықталғандай, «Риза» кәсіпорны» су шаруашылығы қызметін атқаратындықтан 2008 жылдың 11 сәуіріндегі № 61-ОД бұйрықтың негізінде Табиғи монополиялар субъектілері Тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 7-3-тармағына сәйкес табиғм монополия субъектісі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тұтынушылар алдында есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруге міндетті.
Жауапкер заңның бұл талабын бұзғандықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Риза» кәсіпорнына 2014 жылғы 11 маусымындағы № 44 нұсқамасын жіберіп, заңнаманы бұзуды доғаруды, оның салдарын жоюды және тұтынушылар алдында міндетті түрде жасалатын есеп беру жүктеліп, оны орындау үшін 2014 жылдың 11 шілдесіне дейін мерзім берген.
Алайда жауапкер көрсетілген мерзімде бұл нұсқаманы орындамаған. Сондықтан да сот талап қоюды қанағаттандырды.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 20 мамырындағы заңды күшіне енген шешімімен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Тазалык-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына (ары қарай - «Тазалык-Сервис» кәсіпорны) қойған нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап қою қанағаттандырылып, «Тазалык-Сервис» кәсіпорнына 14.11.2014 жылғы № 1 нұсқамасы орындау және орындалғаны жөнінде уәкілетті органға хабарлау және суды желілермен бөлу жүйелерін реттелетін қызметіне өтініш беру және реттелетін қызметтің түріне тарифті бекітуге ұсыну міндеттелген.
Сотпен анықталғандай, «Тазалык-Сервис» кәсіпорны суды желілермен бөлу қызметін атқаратындықтан 2014 жылдың 06 сәуіріндегі № 99-ОД бұйрықтың негізінде Табиғи монополиялар субъектілері Тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген. Департамент «Тазалык-Сервис» кәсіпорнына ол Тіркелімге қосылғаны жөнінде хабарламаны алған уақыттан бастап он күн ішінде уәкілетті органға реттелетін қызметтің түріне тарифті бекіту жөнінде өтінішпен жүгіну қажеттілігі жөнінде хабарлаған.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларының (ары қарай - Қағидалар) 6-тармағына сәйкес табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын субъектілер оларды Табиғи монополиялар субъектілері Тіркеліміне енгізілгені жөнінде хабарлама алған уақыттан бастап 10 күн ішінде уәкілетті органға тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметаларды бекіту жөнінде құжаттар тапсыруға міндетті. Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бұл өтінішке жеңілдетілген тәртіппен тиісті құжаттар тіркеледі. Алайда жауапкер осы күнге дейін қажетті құжаттарды тіркеп, тариф (бағалар, алым құны) және тариф сметасын бекітуге өтініш бермеген.
Сәйкесінше, жауапкердің бұл әрекетсіздігімен Заңның 7-бабының 1-тармағы бұзылған. Осыған байланысты сот талап қоюды қанағаттандырды.
Сот практикасында табиғи монополия субъектілері уәкілетті органның заңға сай шығарылған нұсқамасын ол сотқа талап-арыз бергенге дейін өз еркімен орындаған жағдайлар да кездеседі.
Мәселен, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылдың 24 маусымындағы заңды күшіне енген шешімімен «Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің «Гелиос» ЖШС-не қойған нұсқаманы орындау және алым төлеу жөніндегі талап-арызы қанағаттандырудан бас тартылған, өйткені жауапкер сотқа талап-арыз түскенге дейін, 2015 жылдың 04 мамырында 3 325 452 теңге мөлшеріндегі алымды өз еркімен төлеген. Бұл жөнінде талапкердің өкілі сотқа тиісті түсімнің түскені жөнінде анықтама тапсырған.
Табиғи монополия субъектісі адалдық қағидасын анық бұзбаса және кінәлі әрекеттерді жасамаса, сонымен қатар заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша оның бірқатар міндеттерін алынатын болса, оның әрекеттері заңсыз деп танылмайды.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылдың 24 маусымындағы заңды күшіне енген шешімімен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қоғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Бурабай Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына (ары қарай - «Бурабай Су Арнасы» кәсіпорны) қойған нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап қоюы қанағаттандырылудан бас тартылған.
«Бурабай Су Арнасы» суды желілермен бөлу қызметін атқаратындықтан 2010 жылдың 02 шілдесіндегі № 180-ОД және 2011 жылдың 24 тамызындағы № 256-ОД бұйрықтарының негізінде Табиғи монополиялар субъектісі болып табылады. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей, оларды қайта қарау үшін өтінім беруге міндетті.
Жауапкер заңның бұл талаптарын орындамағандықтан, яғни тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметаларды бекіту жөнінде құжаттар тапсырмағандықтан, оған 2014 жылдың 28 наурызында № 24 нұсқама шығарылып, аталмыш құжаттарды 2014 жылдың 28 сәуіріне дейін тапсыру және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы бұзғанына байланысты орын алған салдарды жою жөнінде талап етілген.
Осы мерзім ішінде аталмыш нұсқама орындалмаған.
Сотта белгілі болғандай, жауапкер нұсқаманы орындау үшін 2014 жылдың 16 маусымында талапкерге тиісті құжаттар тіркеп өтініш берген.
Алайда талапкер бұл өтінішті тарифтерді ұзақ мерзімге бекіту жөнінде Заңға өзгерістер енгізілуіне байналысты қайтарған.
Сол кезде жауапкердің 2017- 2020 жылғы инвестициялық бағдарламасы Департаментте бекітілу үстінде болған. Талапкер өкілінің сотқа береген түсінігі бойынша инвестициялық бағдарлама бекітілмей өтініш бекітілуге жіберілмейді.
Нормативтік-құқықтық база
- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі;
- Жер Кодексі;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 11.07.2003 жылғы № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Об обязании, понуждении (исполнения, требования, предписания)
28 рет жүктеп алынды -
2328_ШЕШІМ_АПК_Қызылорда облысы
37 рет жүктеп алынды -
2328_ШЕШІМ_АПК_ОҚО
38 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
38 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
30 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
32 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
34 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
36 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
31 рет жүктеп алынды -
2328_РЕШЕНИЕ_ГПК_Акмолинская область
33 рет жүктеп алынды